|
1. Жалпы ережелер.
|
||
|
1) Қызмет беруші туралы мәлімет |
1. «Федоров ауданы Баннов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі(бұдан әрі – әкімнің аппараты) Баннов ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады. 2. Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Әкімнің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады. 4. Әкімнің аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі. 5. Әкімнің аппараты заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы. 6. Баннов ауылдық округі әкімінің аппараты туралы ережені, оның құрылымын аудан әкімдігі бекітеді. 7. Мемлекеттік органның орыс тіліндегі толық атауы –государственное учреждение «Аппарат акима Банновского сельского округа Федоровского района», қазақ тілінде «Федоров ауданы Баннов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Федоров ауданы, Баннов ауылы, Гагарин көшесі,19. «Федоров ауданы Баннов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жұмыс уақытының ұзақтығы сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін күн сайын (сенбі және жексенбіден басқа күндері), демалыс және тамақтану үшін үзіліс сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін. 8. «Федоров ауданы Баннов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін аудан әкімдігі құрады, қысқартады және қайта ұйымдастырады. 9. Әкімнің аппараты жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады. 10. Әкімнің аппаратына әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсiпкерлiк субъектiлерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді. |
|
|
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: |
мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны |
14 |
|
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны |
13 |
|
|
Ақысыз және (немесе) ақылы негізде көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет саны |
8 – ақысыз; 3 – ақылы; 3 – ақылы/ақысыз |
|
|
Қағаз және (немесе) электрондык нысанда көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет саны |
10 – электрондық/ қағаз, 3 – электрондық (толық автоматтандырылған) 1- қағаз |
|
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бекітілген стандарттары мен регламенттерінің саны |
14 |
|
|
3) Ең талап етілген қызметтер туралы ақпарат: |
2021 жылғы 12 айда 10229 мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілді – ол 2020 жылмен салыстырғанда 34,7 % төмен (2020 жылдың ұқсас кезеңінде 29485 мемқызмет). Оның ішінде: мемлекеттік органда 0 (2020 жылы – 16 немесе 0,05%), ХҚКО арқылы – 0 (2020 жылы – 3 немесе 0,03%), «электрондық үкімет» порталы арқылы – 10226 мемқызмет немесе жалпы санынан 99,97% (2020 жылы – 29485 немесе 99,9%), «электрондық лицензиялау» порталы арқылы – 3 немесе 0,03%. Ең талап етілген қызметтер - «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жататынын растайтын анықтама беру» 10226 қызмет көрсетілді немесе жалпы көресетілген қызмет көлемінің 99,97 %. |
|
|
2. Қызмет алушылармен жұмыс
|
||
|
1) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты жеткізу орындары мен көздері туралы мәліметтер: |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат, мемлекеттік қызмет көрсетуді реттейтін нормативтік құқықтық актілер «Федоров ауданы Баннов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында және Федоров ауданы әкімдігінің ресми Интернет-ресурсында орналастырылған https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сілтемелер, жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімі, ауданның мемлекеттік мекемелері көрсететін мемлекеттік қызметтер тізбесі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары, мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратты алуға болатын көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың байланыс телефондары орналастырылған, ал сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы 1414, 8-800-080-77-77 телефондарымен алуға болады. |
|
|
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат |
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 11-бабына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің құзыретіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартарының жобаларын жария талқылауларды өткізуі кірмейді. |
|
|
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалары) |
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыруға қатысты 39 жиын өткізілді, оған 906 адам қатысты. |
|
|
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша қызмет
|
||
|
1) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету барысын автоматтандыру және оңтайландыру нәтижелері |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету барысын автоматтандыру және оңтайландыру нәтижелері мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасына жақсы әсерін тигізеді. Әкімшілік тосқауылды оңтайландыру және қысқарту мақсатында 2021 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетулерді электрондық форматқа көшіру бойынша жұмыс жалғасты. Қызмет берушінің ұйымдастырушылық көмегімен, тұрғындардың қызметтерге қолжетімдігін қамтамасыз ету мақсатында «Еgov mobile» мобильді қосымшасының жұмысы жалғастырылуда. |
|
|
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету саласында қызметкерлер біліктілігін арттыруға бағытталған шаралар |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсететін қызметкерлердің кәсиби біліктілігін арттыру мақсатында өзекті тақырыптар қаралатын сабақтар өткізіледі, мамандар «электрондық үкімет» веб-порталымен жұмыс жүргізуге қатысады, аудандық семинарларға қатысады, сонымен қатар аудандық деңгейде ішкі бақылау қызметімен өткізілетін семинарларға қатысады. Әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру Жоспар-кестесінің негізінде жүргізіледі. |
|
|
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасын бақылау
|
||
|
1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат |
Есепті кезеңде ауылдық округі әкімінің апаратына мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ және қаралған жоқ. |
|
|
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасына ішкі тексерудің нәтижелері |
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша есепті кезеңде қызмет көрсетудің белгіленген мерзімдері бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ. |
|
|
3) Уәкілетті органмен өткізілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасына бағалау және бақылау бойынша, мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасына бақылау нәтижелері. |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасына бағалау және бақылау бойынша, мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасына бақылау уәкіл органмен 2021 жылы өткізілген жоқ. |
|
|
4) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері. |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингі «Федоров ауданы Баннов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде өткізілген жоқ. |
|
|
5. Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттанушылығын арттыру және одан әрі тиімділігінің перспективалары. |
||
|
Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың негізгі бағыттары оларды автоматтандыру және электрондық форматқа көшіру болып табылады. Жалпы, мемлекеттік қызмет көрсету саласында электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілген қызметтер санының өсуі бойынша оң үрдіс байқалады. Мемлекеттік органның мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетудегі нысаналы индикаторы электрондық форматта және мерзімдерін бұзбай көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесінің ұлғаюы, сондай-ақ экономикалық белсенді халықтың 98%-ын ЭЦҚ қамтамасыз ету болып табылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы ретінде тұрғындардың сұраныстарына тұтастай сүйене отырып, көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар жалғасатын болады. |
||