|
1. Жалпы ережелер.
|
||
|
1) Қызмет беруші туралы мәлімет |
1. «Федоров ауданы Воронеж ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - әкім аппараты), Воронеж ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі - әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасы заңнамасымен көрсетілген басқа да қызметтерді жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады. 2. Әкімнің аппараты өз қызметін Конституцияға және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы әкімнің аппараты туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Әкімнің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанында заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауларымен мөр және мөр табандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органында шоты бар. 4. Әкімнің аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қарым-қатынасқа енеді. 5. Әкімнің аппараты заңнамаға сәйкес мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынас жағынан сөз сөйлеуге құқылы. 6. Воронеж ауылдық округі әкімінің аппараты туралы Ереже, оның құрылымдары аудан әкімімен бекітіледі. 7. Мемлекеттік органның толық атауы орыс тілінде - государственное учреждение «Аппарат акима Воронежского сельского округа Федоровского района», қазақ тілінде«Федоров ауданы Воронеж ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. Заңды тұлғаның мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Федоров ауданы, Придорожное ауылы, Целинников көшесі, 20-үй, пошта индексі 111918. «Федоров ауданы Воронеж ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі жұмыс уақытының ұзақтығы күн сайын сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін, демалу және тамақтану үшін сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін (сенбі, жексенбіден басқа) үзіліспен белгіленеді. 8. «Федоров ауданы Воронеж ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімімен құрылады, таратылады және қайта құрылады. 9. Әкімнің аппараты жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады. 10. Әкімнің аппаратына әкім аппаратының қызметі болып табылатын міндеттерді орындауға кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынасқа тұруға тыйым салынады. |
|
|
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны |
14 |
|
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсеткен мемлекеттік қызмет саны |
13 |
|
|
Тегін және (немесе) ақылы негізінде көрсеткен мемлекеттік қызмет саны |
8 – тегін; 3 – ақылы; 3 –тегін/ақылы |
|
|
Қағаз және (немесе) электрондык нысанында мемлекеттік қызмет саны |
10 – электрондық/ қағаз, 3 – электрондық (толық автоматтандырылған) 1 - қағаз |
|
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің бекітілген стандарттар мен регламеттердің саны |
14 |
|
|
3)Ең талап етілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: |
2021 жылғы 12 айда көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет саны - 1666, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 50,24% төмен (2020 жылдың ұқсас кезеңінде 837 мемлекеттік көрсетілетін қызмет). Оның ішінде: Мемлекеттік органда – 0 (2020 жылы – 41 немесе 0%), - ХҚКО арқылы - 0 (2020 жылы – 2 немесе 100%), «электрондық үкімет» порталы арқылы –1660 мемқызмет немесе 39,4% (2020 жылы – 654 немесе 39,4%). - «электрондық лицензиялау» порталы арқылы -6 немесе 0,4%(2020 жылда-0, 0%) «Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру» - 837. Ең талап етілген қызмет - «Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру» 1666 қызмет көрсетілді немесе көрсетілген қызметтердің жалпы көлемінің 99,6%. |
|
|
2. Қызмет алушылармен жұмыс
|
||
|
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты жеткізу орындары мен көздері туралы мәліметтер: |
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат, мемлекеттік қызмет көрсетуді реттейтін нормативтік құқықтық актілер "Федоров ауданы Воронеж ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ ғимаратының ақпараттық стендтерінде және Федоров ауданы әкімдігінің ресми Интернет-ресурсында орналастырылған https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сілтемелер, жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімі, ауданның мемлекеттік мекемелері көрсететін мемлекеттік қызметтердің тізбесі, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары, Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратты алуға болатын көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік органдардың Байланыс телефондары орналастырылған, ал сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-77-77 телефондары арқылы алуға болады. |
|
|
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартардың жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат |
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 11-бабына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің құзыретіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартардың жобаларын жария талқылауларды өткізуі кірмейді. |
|
|
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету процесіннің ашықтығын қамтамассыз етуге бағытталған шаралар (түсіндіру жұмыс, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалары) |
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы қызмет алушылармен 19 жиын және мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыруға қатысты мемлекеттік қызмет көрсететін мамандармен 12 кеңес өткізілді, оларға 2919 адам қатысты. |
|
|
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесстерін жетілдіру бойынша әрекет.
|
||
|
1) мемлекеттік қызмет көрсету барысын автоматтандыру және оңтайландыру нәтижелері |
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері оларды көрсету сапасына оң әсерін тигізеді. Әкімшілік рәсімдерді оңтайландыру және қысқарту мақсатында 2021 жылы Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру бойынша жұмыстар жалғастырылды. Қызмет көрсетушілердің ұйымдастырылуымен халықтың қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында "eGov mobile"мобильдік қосымшасының жұмысы жалғасуда. |
|
|
2) мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлер біліктілігін көтеруге бағытталған шаралар |
Мемлекеттік қызмет көрсететін мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында сабақтар өткізіледі, онда өзекті тақырыптар қаралады, мамандар «электрондық үкімет» веб-порталымен жұмысқа қатысады, сондай-ақ аудандық деңгейде ішкі бақылау қызметі өткізетін семинарларға қатысады. 2021 жылғы 11-13 мамыр аралығында бас маман Күзембаев Кенжеғали Бекбергенұлы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті. 2021 жылғы 13 мамырдағы № KST 00561 сертификаты Әкім аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттырудың жоспар-кестесі негізінде жүзеге асырылады. |
|
|
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау. |
||
|
1) мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтар бойынша қызметалушылардың шағымдар туралы ақпарат |
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтар бойынша қызметалушылардан шағымдар ауылдық округі әкімінің апаратына түскен жоқ және қарастырылмаған. |
|
|
2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы үшін ішкі тексерудің нәтижелері |
2021 жылғы 25 тамызда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау қызметі жүргізген бақылау іс-шарасының нәтижелері бойынша есепті кезеңде қызметтер көрсетудің белгіленген мерзімдері бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ. |
|
|
3) Уәкіл органмен өткізілген мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бағалау және бақылау бойынша, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау нәтижелері. |
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган 2021 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылауды жүргізген жоқ. |
|
|
4) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері. |
«Федоров ауданы Воронеж ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингі жүргізілген жоқ. |
|
|
5. Қызмет алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тиімділігін және көрсету сапасымен қанағаттануын арттыру келешегі. |
||
|
Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың негізгі бағыттары оларды автоматтандыру және электрондық форматқа көшіру болып табылады. Жалпы, мемлекеттік қызмет көрсету саласында электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілген қызметтер санының өсуі бойынша оң үрдіс байқалады. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік органның нысаналы индикаторы электрондық форматта және мерзімдерін бұзбай көрсетілген мемлекеттік қызметтер үлесін ұлғайту, сондай-ақ экономикалық белсенді халықтың 98% ЭЦҚ-мен қамтамасыз ету болып табылады. Мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұрау салуына тұтастай бағдарлана отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған жұмыс жалғастырылатын болады. |
||