|
1. Жалпы ережелер |
||
|
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер |
1. «Федоров ауданы Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі әкімнің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. «Федоров ауданы Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ, өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. «Федоров ауданы Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 5. «Федоров ауданының Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 6. «Федоров ауданы Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. 7. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Федоров ауданы, Первомайское ауылы, Достық көшесі, 2. Тел. 8 (714-42) 93-1-22 (факс), 8(714-42)93-7-36, e-mail: pеrvomaikafed@mail.kz 8. Мемлекеттік органның толық атауы – «Федоров ауданы Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. 9. Осы Ереже «Федоров ауданы Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады. 10. «Федоров ауданы Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады. Егер «Федоров ауданы Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі. |
|
|
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: |
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны |
14 |
|
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны |
11 |
|
|
тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны |
14 – тегін; 0– ақылы; 0 – ақылы/тегін |
|
|
қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны |
10 – электрондық/ қағаз, 1- қағаз 3-электрондық (толық автоматтандырылған) |
|
|
бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары мен стандарттарының саны |
14 – стандарттар
|
|
|
3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: |
2021 жылдың 12 айында 3828 мемлекеттік қызмет көрсетілді, 2020 жылмен салыстырғанда 40,1%-ға аз (2020 жылдың ұқсас кезеңінде 9545 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер). Оның ішінде: мемлекеттік органда - 0; ХҚКО арқылы - 0; «электрондық үкімет» порталы арқылы - 3828 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер немесе 100% (2020 жылы 9459 немесе 100%). «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» қызметі 3827 қызмет немесе көрсетілген қызметтердің жалпы көлемінің 99,9%-ын көрсетті. |
|
|
2. Қызмет алушылармен жұмыс
|
||
|
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:
|
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат, қағидалар мен стандарттар «Федоров ауданы Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ғимаратының ақпараттық стендтерінде және Федоров ауданы әкімдігінің ресми Интернет-ресурсында орналастырылған https://www.gov.kz › kostanai-fedotov-audany-akimat «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сілтемелер орналастырылған, Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімі, ауданның мемлекеттік мекемелері көрсететін мемлекеттік қызметтер тізбесі, мемлекеттік қызметтердің стандарттары, қағидалары, мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратты алуға болатын көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың байланыс телефондары, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы 1414, 8-800-080-77-77 телефондары арқылы алуға болады. |
|
|
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау туралы ақпарат |
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларына жария талқылаулар өткізу облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің құзыретіне кірмейді. |
|
|
3) Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және т. б.) |
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы 161 адам қатысқан мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыруға қатысты 10 жиын және 8 кеңес өткізілді. |
|
|
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
|
||
|
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері |
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері оларды көрсету сапасына оң әсерін тигізеді. Әкімшілік рәсімдерді оңтайландыру және қысқарту мақсатында 2021 жылы мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру бойынша жұмыстар жалғастырылды. Қызмет көрсетушілердің ұйымдастырылуымен халықтың қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында eGov mobil қосымшасымен жұмыс жалғасуда |
|
|
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар |
Мемлекеттік қызмет көрсететін мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында сабақтар өткізіледі, онда өзекті тақырыптар қаралады, мамандар «электрондық үкімет» веб-порталымен жұмысқа қатысады, сондай-ақ аудандық семинарларға қатысады. 2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттырудан ешкім өткен жоқ, мемлекеттік қызметшілерді арттырудың жоспар-кестесі бойынша маманды оқыту 2022 жылғы қыркүйекке жоспарланған. |
|
|
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
|
||
|
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат |
Есепті кезеңде қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша әкім аппаратына шағымдар түскен жоқ және қаралған жоқ. |
|
|
2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері. |
Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша қызметтер көрсетудің белгіленген мерзімдері бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ. |
|
|
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері. |
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган 2021 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылауды жүргізген жоқ. |
|
|
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері. |
«Федоров ауданы Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингі жүргізілген жоқ. |
|
|
5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру. |
||
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырудың негізгі бағыттары оларды автоматтандыру және Мемлекеттік корпорацияға аудару болып табылады. Жалпы, мемлекеттік қызмет көрсету саласында мемлекеттік корпорация және «электрондық үкімет порталы» арқылы көрсетілген қызметтер санының өсуі бойынша оң үрдіс байқалады. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік органның нысаналы индикаторы электрондық форматта және мерзімдерді бұзбай көрсетілген мемлекеттік қызметтер үлесін ұлғайту болып табылады. Мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың тілектеріне тұтастай бағдарлана отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған жұмыс жалғастырылатын болады. |
||