«Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2021 жылғы 12 айғдағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есеп

«Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

2021 жылғы 12 айғдағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есеп

 

 

1. Жалпы ережелер.

 

1) Қызмет беруші туралы мәлімет

 1. "Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – әкім аппараты) Костряков ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

         2. Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы әкім аппараты туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

         3. Әкім аппараты мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.

         4. Әкім аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

         5. Әкім аппаратының заңнамаға сәйкес мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

         6. Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты туралы ережені, оның құрылымын аудан әкімдігі бекітеді.

7. Мемлекеттік органның орыс тіліндегі толық атауы - государственное учреждение «Аппарат   акима  Костряковского сельского округа Федоровского района», қазақ тілінде – «Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.        

 

         Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Федоров ауданы, Костряковка ауылы, Целинная көшесі, 56 үй.

         "Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде жұмыс уақытының ұзақтығы күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін демалыс және тамақ ішуге арналған сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзіліспен (сенбі және жексенбіден басқа) белгіленеді.

         8. «Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін аудан әкімдігі құрады, таратады және қайта ұйымдастырады.

         9. Әкім аппараты жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.

         10. Әкім аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

        

2)  Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны

14

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны

13

Ақысыз және (немесе)  ақылы негізде көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет саны

8– ақысыз;

3– ақылы;

3 – ақылы/ақысыз

Қағаз және (немесе) электрондык нысанда көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет саны

10 – электрондық/

қағаз,

1 – қағаз

3 – электрондық (толық автоматтандырылған)

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің  бекітілген стандарттары мен регламенттерінің саны

14

3) Ең  талап етілген қызметтер туралы ақпарат:

2021 жылғы 12 айда 4026 мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілді – ол 2020 жылмен салыстырғанда 64 % төмен (2020 жылдың ұқсас кезеңінде 6276 мемқызмет). Оның ішінде:

мемлекеттік органда 0, ХҚКО арқылы – 0

«электрондық үкімет» порталы арқылы – 4026 мемқызмет немесе жалпы санынан 100% (2020 жылы – 6276 немесе 100%).

Ең талап етілген қызметтер - «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жататынын растайтын анықтама беру» 4021 қызмет көрсетілді немесе жалпы көресетілген қызмет көлемінің 99 %.

 

2. Қызмет алушылармен жұмыс

 

1) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты жеткізу орындары мен көздері туралы мәліметтер:

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат, Стандарттар мен Регламенттер «Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында орналастырылған және Федоров ауданы әкімдігінің ресми Интернет-ресурсында https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңға сілтемелер, жеке және заңды тұлғалар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету Тізілімі, ауданның мемлекеттік мекемелері көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізбесі, мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің қағидалары, мемлекеттік көрсетілетін қызметті беретін мемлекеттік органдардың  жауапты тұлғалары мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну тізбелері орналастырылған, сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығынан 1414, 8-800-080-77-77 телефондары арқылы ақпарат алуға болады.

2)  Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартарының  жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат

 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 11-бабына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің құзыретіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартарының  жобаларын жария талқылауларды өткізу кірмейді.

3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалары)

2021 жылы меммлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында  мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыруға қатысты 17 жиын мен кеңестер өткізіліп, оларға 411 адам қатысты. 

 

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету  процесін жетілдіру бойынша қызмет 

 

1)  мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету барысын автоматтандыру және оңтайландыру  нәтижелері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету барысын автоматтандыру және оңтайландыру  нәтижелері  мемлекеттік көрсетілетін қызмет  көрсету сапасына жақсы әсерін тигізеді. Әкімшілік тосқауылды оңтайландыру және қысқарту мақсатында 2021 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетулерді электрондық форматқа көшіру бойынша жұмыс жалғасты. Қызмет берушінің ұйымдастырушылық көмегімен, тұрғындардың қызметтерге қолжетімдігін қамтамасыз ету мақсатында eGov mobile қосымшасының жұмысы жалғастырылуда.

2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету саласында қызметкерлер  біліктілігін арттыруға  бағытталған шаралар

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсететін  қызметкерлердің  кәсиби біліктілігін арттыру  мақсатында өзекті тақырыптар қаралатын сабақтар өткізіледі,  мамандар «электрондық үкімет» веб-порталымен жұмыс жүргізуге қатысады, аудандық семинарларға қатысады. 2021 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша біліктілігін арттыру курстарын өткендер жоқ, жоспар кесте бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру 2022 жылғы қыркүйекте маманды оқыту жоспарланды.

 

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасын  бақылау 

 

1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мәселелері  бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Есепті кезеңде ауылдық округі әкімінің апаратына  мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мәселелері  бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен  жоқ  және қаралған жоқ.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасына   ішкі тексерудің   нәтижелері

2021 жылғы қаңтарда жүргізілген бақылау іс-шарасының нәтижелері бойынша есепті кезеңде  мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасына ішкі тексерудің   нәтиже бойынша  белгіленген  мерзімдер бойынша бұзушылықтар  анықталмады.

3) Уәкілетті  органмен өткізілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасына бағалау және бақылау бойынша, мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасына бақылау нәтижелері.  

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасына бағалау және бақылау бойынша, мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасына бақылау уәкіл органмен 2021 жылы өткізілген жоқ.

4) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингі  «Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде өткізілген жоқ.

5.  Қызмет алушылардың мемлекеттік  қызмет көрсету сапасына  қанағаттанушылығын арттыру  және одан  әрі тиімділігінің  перспективалары.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасын арттырудың  негізгі бағыттары олардың автоматтандырылуы және электрондық форматқа ауыстырылуы болып табылады. Жалпы алғанда, Мемлекеттік корпорация және «электрондық үкімет порталы» арқылы көрсетілген қызметтердің саның ұлғайту жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету саласында оң үрдіс байқалады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы ретінде тұрғындардың сұраныстарына тұтастай  сүйене отырып,  көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар  жалғасатын болады.

 

«Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2021 жылғы 12 айғдағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есеп
Дата публикации
13 апреля 2022