«Федоров ауданы Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2021 жылғы 12 айғдағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есеп

 

1. Жалпы ережелер.

 

1) Қызмет беруші туралы мәлімет

1.  «Федоров ауданы Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі әкім қызметінің ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық–техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Федоров ауданы Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметінің Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Федоров ауданы Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық –құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. «Федоров ауданы Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық –құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Федоров ауданы Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Федоров ауданы Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
7. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Федоров ауданы, Пешков ауылы, Ленин көшесі,77. Тел. 8 (714-42) 93-5-65 (факс), 8 (714-42) 93-4-42, 8 (714-42) 79-0-20, e-mail:

peshkovkafed@mail.kz

8. Мемлекеттік органының толық атауы: «Федоров ауданы Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

9. Осы Ереже «Федоров ауданы Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

10. «Федоров ауданы Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру мемлекеттік бюджетінен жүзеге асырылады.
11. «Федоров ауданы Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Федоров ауданының Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.  Егер «Федоров ауданы Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2)  Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны

15

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны

14

Ақысыз және (немесе)  ақылы негізде көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет саны

9 – ақысыз;

3 – ақылы;

3 – ақылы/ақысыз

Қағаз және (немесе) электрондык нысанда көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет саны

10 – электрондық/

қағаз,

4 – электрондық (толық автоматтандырылған)

1-    қағаз

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің  бекітілген стандарттары мен регламенттерінің саны

15

3) Ең  талап етілген қызметтер туралы ақпарат:

2021 жылғы 12 айда 4099 мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілді – ол 2020 жылмен салыстырғанда 15,6 % төмен (2020 жылдың ұқсас кезеңінде 26229 мемқызмет). Оның ішінде:

мемлекеттік органда 0 (2020 жылы – 55 немесе 0,2%),

ХҚКО арқылы – 0 (2020 жылы – 39 немесе 0,1%),

«электрондық үкімет» порталы арқылы – 4084 мемқызмет немесе жалпы санынан 99,6% (2020 жылы – 26135 немесе 99,6%),

«электрондық лицензиялау» порталы арқылы – 15 немесе 0,4%.

Ең талап етілген қызметтер - «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жататынын растайтын анықтама беру» 4084 қызмет көрсетілді немесе жалпы көресетілген қызмет көлемінің 99,6 %.

 

2. Қызмет алушылармен жұмыс

 

1) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты жеткізу орындары мен көздері туралы мәліметтер:

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат, Стандарттар мен Регламенттер «Федоров ауданы Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында орналастырылған және Федоров ауданы әкімдігінің ресми Интернет-ресурсында https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде  «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, жеке және заңды тұлғалар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету Тізілімі, ауданның мемлекеттік мекемелері көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізбесі, мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенттеріне,

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беретін мемлекеттік органдардың  жауапты тұлғалары мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну тізбелері орналастырылған, сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс-орталығынан 1414, 8-800-080-77-77 телефондары арқылы ақпарат алуға болады.

2)  Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартарының  жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат

 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 11-бабына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің құзыретіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартарының  жобаларын жария талқылауларды өткізуі  кірмейді.

3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалары)

2021 жылы меммлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында  мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыруға қатысты 33 жиын мен кеңестер өткізіліп, оларға 3245 адам қатысты. 

 

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету  процесін жетілдіру бойынша қызмет 

 

1)  мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету барысын автоматтандыру және оңтайландыру  нәтижелері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету барысын автоматтандыру және оңтайландыру  нәтижелері  мемлекеттік көрсетілетін қызмет  көрсету сапасына жақсы әсерін тигізеді. Әкімшілік тосқауылды оңтайландыру және қысқарту мақсатында 2021 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетулерді электрондық форматқа көшіру бойынша жұмыс жалғасты. Қызмет берушінің ұйымдастырушылық көмегімен, тұрғындардың қызметтерге қолжетімдігін қамтамасыз ету мақсатында «Мобильді ХҚКО» жұмысы жалғастырылуда. Бұл қызметті тұтынушыға және ішкі мониторинг үшін тұрақты инфрақұрылымды жасауға мүмкіндік берді.

2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету саласында қызметкерлер  біліктілігін арттыруға  бағытталған шаралар

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсететін  қызметкерлердің  кәсиби біліктілігін арттыру  мақсатында өзекті тақырыптар қаралатын сабақтар өткізіледі,  мамандар «электрондық үкімет» веб-порталымен жұмыс жүргізуге қатысады, аудандық семинарларға қатысады.

2021 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша біліктілігін арттыру курстарын өткендер жоқ.

Әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру Жоспар-кестесінің негізінде жүргізіледі.

 

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасын  бақылау 

 

1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мәселелері  бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Есепті кезеңде ауылдық округі әкімінің апаратына  мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мәселелері  бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен  жоқ  және қаралған жоқ.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасына   ішкі тексерудің   нәтижелері

Есепті кезеңде  мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасына ішкі тексерудің   нәтиже бойынша  белгіленген  мерзімдер бойынша бұзушылықтар  анықталмады.

3) Уәкілетті  органмен өткізілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасына бағалау және бақылау бойынша, мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасына бақылау нәтижелері.  

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасына бағалау және бақылау бойынша, мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасына бақылау уәкіл органмен 2021 жылы өткізілген жоқ.

4) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингі  «Федоров ауданы Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде өткізілген жоқ.

5.  Қызмет алушылардың мемлекеттік  қызмет көрсету сапасына  қанағаттанушылығын арттыру  және одан  әрі тиімділігінің  перспективалары.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасын арттырудың  негізгі бағыттары олардың автоматтандырылуы және Мемлекеттік Корпорацияға ауыстырылуы болып табылады. Жалпы алғанда, Мемлекеттік корпорация және «электрондық үкімет порталы» арқылы көрсетілген қызметтердің саның ұлғайту жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету саласында оң үрдіс байқалады.

Мемлекеттік органның мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетудегі нысаналы индикаторы электрондық форматта және мерзімдерін бұзбай көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесінің ұлғаюы, сондай-ақ экономикалық белсенді халықтың 97%-ын ЭЦҚ қамтамасыз ету болып табылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы ретінде тұрғындардың сұраныстарына тұтастай  сүйене отырып,  көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар  жалғасатын болады.

 

«Федоров ауданы Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2021 жылғы 12 айғдағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есеп
Дата публикации
31 марта 2022