«Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) жоғарыда көрсетілген Ережені заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Федоров ауданының әкімі Т. Исабаев
Әкімдіктің
2022 жылғы «___»_______
№_____қаулысына қосымша
«Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
Егер «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
1) өз құзыреті шегінде жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) өз құзыреті шегінде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер болып табылады.
1) құқығы:
өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларынан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;
өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша сотта талапкер және жауапкер болуға құқығы бар;
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
1) жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін, халықтың өмір сүру деңгейін тұрақтандыруға және арттыруға бағытталған өңірлік бағдарламаларды дайындау, олардың орындалу барысын талдау;
2) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау, қажетті шаралар қабылдау;
3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында бюджет қаражатының қажеттілігін жоспарлау және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру;
4) жеке және заңды тұлғаларға Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;
5) әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
6) «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын барлық мәселелер бойынша меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
7) ардагерлерге және басқа да тұлғаларға санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құжаттарды ресімдеу;
8) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы азаматтардың кемінде алты ай жұмыс өтілін растау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәмелетке толған азаматтарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыру;
10) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу, пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу;
11) Бөлімнің құзыреті шегінде республикалық және жергілікті бюджеттерден берілетін әлеуметтік көмек пен жәрдемақыларды тағайындау және төлеу бойынша жұмысты ұйымдастыру;
12) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларының әлеуметтік бөлігін орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру, арнайы техникалық (компенсаторлық) және қосалқы құралдарға, арнаулы жүріп-тұру құралдарына (кресло-арбаларға), санаторий-курорттық емдеуге қажеттілікті айқындау, есептілікті жасау;
13) консультативтік-кеңесші комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру;
14) үйде күтім көрсету жағдайында қарттарға, мүгедектерге, оның ішінде кемтар балаларға және психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
15) құзыреті шегінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін іс-шараларды іске асыру;
16) Аумақты дамыту бағдарламасын талдауды және мониторингілеуді жүзеге асыру;
17) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атынан өкілдік етеді;
2) Мемлекеттік мекеме туралы ережені, бөлімнің құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстарды әзірлейді;
3) «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
4) «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;
5) бұйрықтар шығарады;
6) қызметтік құжаттарға қол қояды;
7) «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және еңбек қатынастары мәселелері оның құзыретіне жататын мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін тағайындайды, босатады, тәртіптік жазаға тартады және оларға қатысты көтермелеу шараларын қолданады;
8) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
9) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік бөлімі басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
_________________________