1. Жалпыережелер. |
||
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер |
1. «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Экономика және қаржы бөлімі) жергілікті экономика және бюджеттік жоспарлауды басқару, бюджетті орындау, жергілікті бюджетті орындау бойынша бюджеттік есеп пен есептілікті жүргізу, коммуналдық меншік объектілерін басқару саласында жетекшілікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. Экономика және қаржы бөлімінің ведомстволары жоқ, өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, Қостанай облысы әкімдігінің қаулыларына, Қостанай облысы әкімінің шешімдеріне, Федоров ауданы әкімдігінің қаулыларына, Федоров ауданы әкімінің шешімдеріне, басқада нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазынашылық органдарында есеп шоты бар. 4. Экономика және қаржы бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 5. Экономика және қаржы бөлімі заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 6. Экономика және қаржы бөлімі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша шешімдерді Экономика және қаржы бөлімі басшысының бұйрығымен ресімдеп, белгіленген тәртіпте қабылдайды. 7. Экономика және қаржы бөлімінің құрылымы және штат санының лимиті аудан әкімдігінің қаулысымен бекітіледі. 8. Заңды тұлғаның мекенжайы: 111900, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Федоров ауылы, Красноармейский көшесі, 53-үй. 9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі. 10. Ереже Экономика және қаржы бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады. 11. Экономика және қаржы бөлімінің қызметін қаржыландыру аудандық бюджеттен жүзеге асырылады. 12. Экономика және қаржы бөліміне Экономика және қаржы бөлімінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. |
|
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат |
мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны |
1 |
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны |
1 |
|
тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны |
1 – тегін;0 – ақылы;0 – ақылы/тегін |
|
қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны |
0 – электрондық/қағаз;1 - қағаз |
|
мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бекітілген стандарттарының саны |
1 – стандарттар;1 - регламенттер |
|
3) Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат |
2021 жылдың 12 айы ішінде бөлім 47 мемлекеттік қызмет көрсетті. Олардан 45-і оң шешімін тапты және 2-нен дәлелді бас тартылды. |
|
2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс. |
||
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер |
Халықтың мемлекеттік қызметтерге тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында Федоров ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сілтемелер, Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі, Федоров ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелері көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесі, Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты, Федоров ауданы әкімдігінің қызмет көрсетуші мемлекеттік органдарының байланыс телефондары орналастырылған, олар арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат алуға болады.Бөлімде нормативтік құқықтық актілер, мемлекеттік көрсетілетін қызмет жөнінде ақпараттық-анықтамалық материалдар орналасқан стенд ресімделді, сапалы мемлекеттік қызмет көрсету үшін жауапты лауазымды тұлға белгіленді. |
|
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат |
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері құзыретіне кірмейді. |
|
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар) |
Экономика және қаржы бөлімімен 2021 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 18 мамырдағы № 19 бұйрығымен бекітілген стандартқа сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бойынша «Федоровские новости» газетінің 2021 жылғы 20 мамырдағы № 20 санында «Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат» мақаласы орналастырылды. Газеттің таралымы 2600 дана. |
|
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет. |
||
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері |
Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері оларды көрсету сапасынан оң көрініс табады. Мемлекеттік қызмет көрсету процедурасы оңайлатылады, мемлекеттік қызмет көрсету процесінде мерзімдері және әкімшілік кедергілер қысқартылады. |
|
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар |
Мемлекеттік қызмет көрсететін мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында құқықтық білім беру сабақтары жүргізіледі. Оларда өзекті тақырыптар қарастырылады, мамандар халыққа қызмет көрсету орталықтарының шоғырландырылған жүйесімен жұмыс жасау жөніндегі семинарларға қатысады.Федоров ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері біліктілігін арттыруды «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Қостанай облысы бойынша филиалының мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жоспар-кестесі негізінде жүзеге асырады. |
|
4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау |
||
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша) |
Есептік кезеңде Бөлімге көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар келіп түспеді және қарастырылмады. |
|
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері |
2021 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі мемлекеттік бақылаудың бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, Федоров ауданы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі бөлімде Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнаманың сақталуы мәселесі бойынша ішкі бақылауды тексерді. |
|
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері |
2021 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау жүргізілмеген |
|
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері |
Федоров ауданы әкімдігінің көрсетілетін қызметті беруші-мемлекеттік органдарында және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі жүргізілген жоқ. |
|
5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру |
||
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын арттырудың негізгі бағыттары – оларды автоматтандыру және Мемлекеттік корпорацияға аудару. Мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұрау салуына тұтастай бағдарлана отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған жұмыс жалғастырылатын болады, атап айтқанда, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштерді қабылдау мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылатын болады. |
||