«Федоров ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес, Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған «Федоров ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
  2. «Федоров ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

         1) жоғарыда көрсетілген Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

         2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберуді; 

         3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау «Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                                 Т. Исабаев

 

 

 

«Федоров ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
Дата публикации
17 марта 2022