«Федоров ауданыәкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйым дастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкесФедоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қосаберілген «Федоров ауданы әкімінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
  2. «Федоров ауданы әкімінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін оны Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау «Федоров ауданы әкімінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Аудан әкімі                                                                Т. Исабаев

 

 

«Федоров ауданыәкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
Дата публикации
11 марта 2022