2022 – 2024 жылдарға арналған Федоров ауданы Ленин ауылдық округінің бекітілген Азаматтық бюджеті

      2022 ─ 2024 жылдарға арналған Федоров ауданы Ленин ауылдық округінің Азаматтық бюджеті аудандық бюджеттің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпаратты қамтиды.

      Бұл құжат «Бюджетті жоспарлау» бөлімін, «Ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері» және «Аудан бюджетінің түсімдері мен шығыстары» кіші бөлімдерінен тұрады.

       Ауылдық округ бюджеті-бұл ауданның жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.

      Бюджеттік процесс - Қазақстан Республикасының Бюджет заңнамасымен регламенттелген жоспарлау, қарау, бекіту, орындау, нақтылау, түзету, бюджеттік есепке алу мен есептілікті жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау жөніндегі қызмет.

      2022-2024 жылдарға арналған Федоров ауданы Ленин ауылдық округінің бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, 2022-2024 жылдарға арналған Федоров ауданы Ленин ауылдық округінің әлеуметтік - экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптастырылған. Аудандық мәслихат сессиясының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 79 шешімімен бекітілген.

 

 

 

 

2022 – 2024 жылдарға арналған Федоров ауданы Ленин ауылдық округінің бекітілген Азаматтық бюджеті
Дата публикации
03 марта 2022