2022-2024 жылдарға арналған Федоров ауданы Қосарал ауылдық округінің азаматтық бюджеті Қосарал ауылдық округі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оның қалыптасу параметрлері және бюджеттік қаражаттарды жұмсауға бағытталуы туралы ақпаратты құрайды.
Ол құжат «Бюджетті жоспарлау» бөлімін, «Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері» және «Ауылдық округ бюджетінің түсуі және шығындалуы» бөлімшелерін қосады.
Ауылдық округтің бюджеті – ол әкімшілік-аймақтық бірлік қорытындыларының нақты жетістіктерге жетуге бағытталған, ауылдық округ әкімінің, оған бір ведомствоға қарасты мемлекеттік мекемелердің және мемлекеттік саясатты жүзеге асыру қызметтерімен міндеттерін қаржылық қамтамасыз ету үшін тағайындалған орталықтандырылған ақшалай қор.
Бюджеттік процесс – Қазақстан Республикасының бюджеттік регламенттелген заңымен жоспарлау, қарау, бекіту, орындау, нақтылау, түзеу, бюджеттік есепті және есептемені жүргізу, мемлекеттік қаржыландыруды бақылау бойынша қызмет.
2022-2024 жылдарға арналған Федоров ауданы Қосарал ауылдық округінің бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджеттік және Салық кодексіне, 2022-2024 жылдарға арналған Федоров ауданы Қосарал ауылдық округін әлеуметтік-экономикалық дамытудың болжамына сәйкес қалыптастырылған. Аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 28 желтоксандағы № 79 шешімімен бекітілген. 2022-2024 жылдарға арналған Федоров ауданы Қосарал ауылдық округінің бюджеті Қосарал ауылдық округі әкімінің 2022 жылы 11 қаңтардағы № 1 шешімімен бекітілген.
2022 жылы 18 ақпанғы № 2 Қосарал ауылдық округі әкімінің шешімінің негізінде, «Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтерінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеттері туралы» Федоров аудандық мәслихатының 2021 жылы 28 желтоқсандағы № 79 шешімін іске асыру туралы» Федоров ауданы Қосарал ауылдық округі әкімінің 2022 жылы 11 қаңтардағы № 1 шешіміне өзгерістер енгізілді.