Федоров ауданы Баннов ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған азаматтық бюджеті Баннов ауылдық округі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оның қалыптасу параметрлері және бюджеттік қаражаттарды жұмсауға бағытталуы туралы ақпаратты құрайды.
Ол құжатқа «Бюджетті жоспарлау» бөлімі, «Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері» және «Ауылдық округ бюджетінің түсуі және шығындалуы» бөлімшелері енеді.
Ауылдық округтің бюджеті – ол әкімшілік-аймақтық бірлік қорытындыларының нақты жетістіктерге жетуге бағытталған ауылдық округ әкімінің, оған ведомствалы мемлекеттік мекемелердің және мемлекеттік саясатты жүзеге асыру қызметтерімен міндеттерін қаржылық қамтамасыз ету үшін тағайындалған орталықтандырылған ақшалай қор.
Бюджеттік процесс – Қазақстан Республикасының бюджеттік заңымен регламенттелген жоспарлау, қарау, бекіту, орындау, нақтылау, түзеу, бюджеттік есепті және есептемені жүргізу, мемлекеттік қаржыландыруды бақылау бойынша қызмет.
Федоров ауданының Баннов ауылдық округінің 2022 - 2024 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, Федоров ауданы Баннов ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған әлеуметтік - экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптастырылды. Аудандық мәслихат сессиясының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 79 шешімімен бекітілген. Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 14 акпаңдағы № 100 шешімімен тазартылған.