. «Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - әкім аппараты), Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі - әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де қызметтерді жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
- Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы әкім аппараты туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Әкім аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілдегі өз атауларымен мөр және мөр табандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары бар.
- Әкім аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға енеді.
- Әкім аппараты заңнамаға сәйкес мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынас жағынан сөз сөйлеуге құқылы.
- Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты туралы Ереже, оның құрылымдары аудан әкімдігімен бекітіледі.
- Мемлекеттік органның толық атауы орыс тілінде - государственное учреждение «Аппарат акима Коржинкольского сельского округа Федоровского района», қазақ тілінде «Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Заңды тұлғаның мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Федоров ауданы, Қоржынкөл ауылдық округі, Лесное ауылы, Юбилейная көшесі, 13, пошта индексі 111912.
«Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі жұмыс уақытының ұзақтығы күн сайын сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін (сенбі, жексенбіден басқа), демалу және тамақтану үшін сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін үзіліспен белгіленеді.
- «Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімдігімен құрылады, таратылады және қайта құрылады.
- Әкім аппараты жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
- Әкім аппаратына әкім аппаратының қызметі болып табылатын міндеттерді орындауға кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынасқа тұруға тыйым салынады.