Федоров ауданының 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат

Федоров  ауданының  2021  жылғы

әлеуметтік-экономикалық  даму  қорытындылары  туралы  ақпарат

 

 Есептік кезең ішінде аудандық бюджеттің кіріс бөлігі  5961,7 млн. теңгені құрады, оның ішінде трансферттер  2333,5 млн. теңге, субвенция  1962,1 млн. теңге.

1, 2 және 3 санаттағы кірістер  1666,1  млн. теңге жоспар бойынша,  2021,5 млн. теңге сомасына немесе 121,3 % атқарылды, жоспардан тыс  355,4 млн. теңге келіп түсті.

Есептік кезең ішінде бюджеттің шығыс бөлігі  6388,0 млн. теңге жоспар бойынша,  6345,1 млн. теңгеге немесе  99,3  %  атқарылды.   

2022 жылғы 1  қаңтарға өнеркәсіп өнімдерінің НКИ 78,0 %  құрады.  

Өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі  4020,3  млн. теңгені құрайды, 2020 жылғы деңгейден 20,8 млн. теңгеге артық (2020 жылы –3999,5 млн. теңге). Облыстың өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлеміндегі ауданның үлес салмағы  0,2 %  құрады.

Ауыл шаруашылық өнімдерінің нақты көлем индексі есепті кезеңде 82, 0 %  құрайды.  

Барлық санаттар бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 53243,5 млн. теңгені құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңінен 2792,2 млн. теңгеге артық (2020 жылы-50451,3 млн. теңге).

Мал мен құстың барлық түрлері бойынша ет (тірі салмақта)  5577,6 тонна немесе 2020 жылдың  деңгейіне 102,4 %, сүт  39070,8  тонна немесе 102,4 %, жұмыртқа 12683,1  мың дана немесе 100,7  %  өндірілді.

2021 жылғы 1  қаңтардағы  жағдай бойынша ІҚМ саны 810 басқа азайды және 26,3 мың басты немесе 2020 жылдың  деңгейіне 97,0  %, оның ішінде сиыр басы 855 басқа азайды және 2020 жылдың  деңгейіне  93,5 % құрайды. Жылқы басы 11,3 %  көбейді және 4,2 мың басты құрады, шошқа басы  3726  басқа немесе 25,7 %  азайды  және  10,7  мың басты  құрады,  құс саны 0,5 % артып, 83 мың басты құрады.

2021 жылғы бөлшектік тауар айналымының қөлемі  3626,6  млн. теңгені құрайды, бұл 2020 жылдың  деңгейіне 454,6 млн. теңгеге көбірек. НКИ 105,4  %   құрайды.    

Экономикалық өсуді анықтайтын негізгі нысаналы индикаторлардың бірі – инвестицияларды тарту.

Негізгі  капиталға түсетін инвестициялардың нақты көлем индексі 86,6  %  құрайды. 

Облыстың жалпы көлеміндегі аудан инвестицияларының үлесі 2,4 % құрайды. Ауданға  10018 млн. теңге капиталды құрайтын инвестиция салынды, бұл  2020 жылдың  деңгейіне 1377,5   млн. теңгеге аз (2020 жылы-11395,5  млн. теңге). Республикалық бюджет есебінен қаржыландыру 1768 млн. теңге, жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру 1127 млн. теңге салынды, кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен 4232  млн. теңге, банктің несиелері мен басқа да қарыз қаражаттары 2891 млн.теңгені құрады.

Құрылыс кешені қызметінің негізгі көрсеткіші – тұрғын үйді пайдалануға беру.

2022 жылғы 1  қаңтардағы жағдай бойынша жалпы алаңы 3833  шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді, бұл 2020 жылдың деңгейіне 426 шаршы метр көбірек. НКИ 112,5  %  құрайды. 

2021 жылғы құрылыс жұмыстарының көлемі 3595 млн. теңгені құрайды (2020 жылы-3283 млн. теңге). НКИ 105,8  %  құрайды. 

Өмір деңгейі.  Статистикалық деректер бойынша 2021 жылдың 3 тоқсанында орташа  айлық жалақы 160165 теңгені құрайды, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңінен  немесе 16,6  %  көбірек.

 

 

«Федоров ауданының экономика

және қаржы бөлімі» ММ басшысы                                               С. Завощенко

 

 

Федоров ауданының 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат
Дата публикации
04 февраля 2022