Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 12 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 қаңтарда № 26500 болып тіркелді
"Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 болып тіркелген) Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) ақ қауданды қырыққабат – килограммына 104 теңге;
2) картоп – килограммына 140 теңге;
3) асханалық сәбіз – килограммына 148 теңге;
4) басты пияз – килограммына 86 теңге;
5) ақ қант – құмшекер – килограммына 289 теңге;
6) күнбағыс майы – литріне 767 теңге болып бекітілсін.
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
|
Қостанай облысының әкімі |
А. Мухамбетов |
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК