Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған нақтыланған Азаматтық бюджеті
Федоров ауданының 2021-2023 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті аудандық бюджеттің негізгі көрсеткіштері, оның қалыптасу параметрлері және бюджет қаражатының жұмсалуының бағыттары туралы ақпараттан тұрады.
Бұл құжат «Бюджетті жоспарлау» бөлімінен, «Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері» және «Ауылдық округ бюджетінің түсімі және шығысы» кіші бөлімдерінен тұрады.
Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округінің бюджеті - бұл ауданның жергілікті мемлекеттік органдарының, оның ведомствоға бағынысты мемлекеттік мекемелерінің қызметін және міндеттерін, олардың нақты нәтижеге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыруын қаржылай қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Бюджеттік процесс- жоспарлау, қарау, бекіту, орындау, нақтылау, түзету, бюджеттік есеп және есеп беруді жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау бойынша Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларымен реттелген.
Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Салық кодексі және Бюджеттік кодексімен, Федоров ауданының 2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамымен қалыптастырылды. Аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 08 қаңтардағы №487 шешімімен бекітілген. Әділет органдарында 2021 жылғы 11 қаңтарда № 9708 болып тіркелген.
Бюджет көлемі
Мың теңге
|
Атауы
|
2020 жыл іс жүзінде |
2021 жыл болжам
|
2022 жыл болжам |
2023 жыл болжам |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
ТҮСІМ - барлығы |
30518,2 |
20273,0 |
31303,0 |
23776,0 |
|
Өз кірісі, оның ішінде: |
1557,0 |
2932,0 |
2649,0 |
2649,0 |
|
Салық түсімдері |
1557,0 |
2929,0 |
2649,0 |
2649,0 |
|
Салық емес түсімдер |
0 |
3,0 |
0,0 |
0,0 |
|
Негізгі капиталды сатудан түсімдер |
0 |
0 |
0 |
0 |
|
Жоғары басқару органдарынан трансферттер түсімі, оның ішінде: |
28961,0 |
17341,0 |
28654,0 |
21127,0 |
|
Субвенция |
28961,0 |
17341,0 |
28654,0 |
21127,0 |
2021 жылға Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округінің бюджетіне салық түсімдерінің құрылымы
Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округі бюджетінің шығыстары
|
Атауы |
2020 жыл – іс жүзінде |
2021 жыл баға |
2022 жыл болжам |
2023 жыл болжам |
|
Шығындар - барлығы,
оның ішінде: |
30518,2 |
22048.6 |
31303,0 |
15537,0 |
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер |
15826,0 |
18188.6 |
30259,0 |
23776,0 |
|
Білім |
11983,0 |
0 |
0,0 |
0,0 |
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
2709,2 |
3860,0 |
1044,0 |
22659,0 |
2021 жылы Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округінің бюджет қаражатын жұмсаудың негізгі бағыттары