2021 жылғы 12 желтоқсанда Қоржынкөл сайлау округтері бойынша Федоров ауданының Қоржынкөл ауылдық округінің әкімін сайлау өткізілді.
Федоров аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-баптарына сәйкес, Федоров ауданының Қоржынкөл ауылдық округінің әкімі сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлауды қорытындылады:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 689 азамат енгізілді, олардың 586 дауыс берді. Жарамсыз бюллетень саны – 4, «Барлығына қарсымын» жолағында белгісі бар – 3.
Әр кандидатқа берілген дауыс саны:
Бексултанов Ж.Ж. – 72; Сейткереев Р.Б. – 52; Уристимбаев А.Т. – 455.
Қоржынкөл ауылдық округінің әкімі болып Уристимбаев Анатолий Тохтарбаевич сайланды, 1977 жылы туған, Қоржынкөл ауылдық округінің әкімі, Федоров ауданының Лесное ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясы» ҚБ өңірлік филиалы ұсынды.
Федоров аудандық сайлау комиссиясы