«Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

                                                                                                                                                                                             ЖОБА

 

 

 

 

 

 

«Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

 

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару                              және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің                             қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес                              Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса берілген «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
  2. «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін оны Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) құрылтай құжатын аумақтық әділет органдарына тіркеуге жолдауын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                         Т. Исабаев

«Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
Дата публикации
02 декабря 2021