Федоров ауданында коммуналдық қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының                        Заңының 10-3-бабы 2-тармағының 16) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Федоров ауданында коммуналдық қызметтерді ұсыну қағидалары бекітілсін.
  2. «Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Федоров ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Федоров ауданы

әкімнің міндетің атқарушы                                                      А. Сартов

Федоров ауданында коммуналдық қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Дата публикации
24 ноября 2021