Мәслихаттың 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 82 «Қостанай облысы Федоров ауданы Новошумный ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Мәслихаттың «Қостанай облысы Федоров ауданы Новошумный ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 82 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 6813 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«Қостанай облысы Федоров ауданы Новошумный ауылының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы»;

Жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысы Федоров ауданы Новошумный ауылының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихаттың 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 82 «Қостанай облысы Федоров ауданы Новошумный ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
15 ноября 2021