Мәслихаттың 2014 жылғы 27 ақпандағы № 205 «Қостанай облысы Федоров ауданы Камышин ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Мәслихаттың «Қостанай облысы Федоров ауданы Камышин ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» 2014 жылғы               27 ақпандағы № 205 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4569 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«Қостанай облысы Федоров ауданы Камышин ауылдық округінің  жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы»;

Жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысы Федоров ауданы Камышин ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихаттың 2014 жылғы 27 ақпандағы № 205 «Қостанай облысы Федоров ауданы Камышин ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
15 ноября 2021