ХАБАРЛАМА
2021 жылғы 24 қазанда Костряков сайлау округтері бойынша Федоров ауданының Костряков ауылдық округінің әкімін сайлау өткізілді.
Федоров аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-баптарына сәйкес, Федоров ауданының Костряков ауылдық округінің әкімі сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлауды қорытындылады:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 940 азамат енгізілді, олардың 839 дауыс берді. Жарамсыз бюллетень саны – 4, «Барлығына қарсымын» жолағында белгісі бар – 4.
Әр кандидатқа берілген дауыс саны:
Гончарук С.А. – 624; Недбайло О.Г. – 97; Шматко А.И. – 110.
Костряков ауылдық округінің әкімі болып Гончарук Светлана Александровна сайланды, 1983 жылы туған, «Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Федоров ауданының Костряков ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясы» ҚБ өңірлік филиалы ұсынды.
Федоров аудандық сайлау комиссиясы