ЖОБА
Федоров ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 61
«Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы»
қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 - бабына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Федоров ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 61 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6961 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
- «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Т.Исабаев