Қоғамдық кеңес

Хабарлама

 

2021 жылғы 29 қыркүйекте Федоров ауданының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Қоғамдық кеңестің жұмысына аудандық ардагерлер кеңесі қатысты.

  1. Бірлескен отырыста мына мәселелер қаралды:

ОАКЖ қызметкерлерінің, ауылдық округ кітапханашыларының құрметті ұлғайған жастағы адамдарға қызмет көрсету және ақпараттық технологияларға оқыту бойынша жүргізетін жұмыстары туралы. Кітапхана қызметкерлері ауыл тұрғындарына "E-Gov" порталы арқылы анықтама алуға көмек көрсетеді, барлық  кітапханаларда компьютерлік сауаттылыққа оқыту курстары ұйымдастырылған, кітапханашылар жақын және алыс шетелде тұратын туыстарымен бейнебайланыс арқылы байланысуға көмектеседі.

  1. "Федоров ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" ММ басшысының "Федоров ауданында тұрғын үй салу туралы"есебі. Карина Кайратовна ауданда тұрғын үй құрылысы бойынша жоспардың орындалуын ҚК және ардагерлер кеңесі мүшелерінің назарына жеткізді. Ауылдық округтерде тұрғын үй құрылысының мониторингі тұрақты түрде жүзеге асырылады.

Әлеуметтік маңызы бар объектілерді қозғалысы шектеулі топтардың қажеттіліктеріне бейімдеу бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау бойынша Қоғамдық кеңестің ұсынымдарын орындауды қорытындылау. 2021 жылғы 23-24 қыркүйекте мониторингтік топ 28 әлеуметтік маңызы бар объектілер бойынша рейдтер өткізді, олардың тек 5-і ғана толық көлемде бейімделді.

ШЕШТІ: мониторингтік топтың ескертулері мен ұсыныстарының орындалу барысын кемшіліктерді жоймаған басшыларды шақыра отырып, 2021 жылғы қазандағы кезекті отырыста қарау.

Сондай-ақ, отырыста Федоров ауылын көгалдандыру, күзгі ағаш отырғызу бойынша халыққа ұсыныс жасау ұсынылды.

 

     ҚК төрағасы                                                                       З. Шашкова

Қоғамдық кеңес
Дата публикации
06 октября 2021