«Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтері бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасына баспасөз-релизі
«Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтері бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 139 бұйрығына сәйкес әзірленді.
Көрсетілген қаулы жобасын қабылдаудың мақсаты Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтері бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу қағидаларын бекіту болып табылады.
Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Қаулы жобасы «Электрондық үкімет» порталындағы ашық НҚА бөлімінде орналастырылған.