Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтері бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу қағидалары.

Әкімдіктің

2021 жылғы «__»  ______ № ___

қаулысына қосымша

 

Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтері бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу қағидалары.

 

1-тарау. Негізгі ережелер

  1. Осы Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтері бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 45-бабына сәйкес әзірленді және Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтері бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу кезінде қолданылады.

 2-тарау. Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтері бюджеттері кірістерінің болжамды көлемін айқындау

       2 Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтерінің бюджеттерінің кірістерінің болжамды көлемдері Бюджет кодексінің 65-бабына сәйкес бекітілетін бюджет түсімдерін болжау әдістемесіне сәйкес есептеледі.

 3-тарау. Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтері бюджеттері шығындарының болжамды көлемін айқындау

  1. Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтерінің бюджеттерінің шығындарының болжамды көлемі Бюджет кодексінің 56-1-бабында белгіленген функционалдық белгісі бойынша шығыстар бағыттарын ескере отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша және бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемінің сомасы ретінде есептеледі.

      Бұл ретте тұрақты сипаты бар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік басқару функцияларын және мемлекеттің міндеттемелерін орындау жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мақсатына қол жеткізуге, нақты міндеттері мен іс-шараларын шешуге бағытталған ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындардың болжамды көлемі:

      еңбекақы төлеуге, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге, өнімдер мен дәрілік заттарды сатып алуға, жәрдемақылар төлеуге және басқа да шығындардан (бұдан әрі – ағымдағы шығындар);

       материалдық-техникалық базаны нығайтуға, күрделі жөндеуге арналған шығындар және басқа да шығындардан (бұданәрі – күрделі сипаттағы шыгындар) тұрады.

 4-тарау. Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтері бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу

  1. Ағымдағы шығындарды есептеу үшін тұтастай алғанда Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтерінің бюджеттерібойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі айқындалады.
  2. Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтерінің бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін айқындау кезінде есепке алынады:

      1) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамына және бюджеттік параметрлеріне сәйкес жоспарланған кезеңде тұтыну бағаларының индексіне ағымдағы шығындардың ұлғаюын ескере отырып, ағымдағы шығындардың жиынтық көлемі (еңбекақыны қоспағанда);

      2) Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтерінің бюджеттерінің шығыстарын ұлғайтуды немесе қысқартуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Заңдарының ережелері;

      3) Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулылары жобаларының, Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларының, орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде олардың құрылымына ведомство кіретін, жергілікті бюджеттердің түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілері;

      4) бұрын ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылған тұрақты сипаттағы шығындар;

      5) Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтерінің бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе қысқартуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін аудандық өкілді және атқарушы органдар шешімдерінің ережелері.

  1. Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтерінің бюджеттерінің ағымдағы шығындарының жиынтық болжамды көлемінен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экологиялық үстемеақы төлеуге, материалдық көмек көрсетуге және мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне қосымша демалыстарға арналған қаражат алынып тасталады және Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтерінің бюджеттері бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі есептелгеннен кейін абсолюттік сомалар қосылады.
  2. Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтерінің бюджеттерінің ағымдағы шығындарының көлемін болжаудың есеп айырысу базасына жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың нақтыланған жоспарына сәйкес ағымдағы шығындардың көлемі қабылданады.
  3. Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтерінің бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу осы Қағидадағы қосымшаға сәйкес мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтардың тізбесі, оларға көрсеткіштер мен коэффициенттердегі келтірілген көрсеткіштер мен коэффициенттерді ескере отырып жүзеге асырылатын мемлекеттік функциялардың функционалдық кіші топтар бөлінісінде жүргізіледі.
  4. Жеке функционалдық кіші топ бойынша жекелеген ауданның (аудандық маңызы бар қаланың) ағымдағы шығындарының есебі мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      



      мұнда:

      



      – і Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтерінің j-функционалдық кіші тобы бойынша ағымдағы есептік шығындары;

      Зj –ауданның барлық өңірлерінің Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтерінің бюджеттеріне j-функционалдық кіші тобы бойынша ағымдағы шығындардың жиынтық болжамды көлемі;

      



      – і Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтерінің j-функционалдық кіші тобы бойынша мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар саны;

      



      – і Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтерінің j-ші функционалдық кіші топ бойынша орташа аудандық деңгейден мемлекеттік қызметтер көрсету құнындағы айырмашылықтарды негіздейтін объективті факторларды ескеретін коэффициенттер.

  1. Ағымдағы шығындардың болжамды көлемін есептеу кезінде мемлекеттік қызметтерді көрсету құнындағы айырмашылықтарды негіздейтін объективті факторларды көрсететін мынадай коэффициенттер қолданылады:

      1) урбандалу коэффициенті:

      



      мұнда:

      Халіқала – i Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтерінің халқы санының болжамы;

      Халі – i- Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтерінің халық санының болжамы.

      Урбандалу коэффициенті жеке функционалдық кіші топтар бойынша қалалық жерлердегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты шығындардың барынша жоғары орташа республикалық деңгейін ескереді;

      2) қоныстандыру дисперсиялығының коэффициенті:

      



      мұнда:

      Халікіш – халық саны 500 адамнан аз елді мекендерде тұратын і аудандық маңызы бар Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтерінің халық санының болжамы;

      Халі – і Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтерінің халықтың жалпы санының болжамы.

      Қоныстандыру дисперсиялығының коэффициенті елді мекеннің мөлшеріне тәуелсіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің белгілі бір жинағын, оның ішінде қосымша көлік және өзге де шығыстарды ескере отырып, қамтамасыз ету қажеттігіне негізделген шығындардың орташа аудандық деңгейімен салыстырғандағы барынша жоғары деңгейін ескереді;

      3) ауқым коэффициенті:

      



      мұнда:

      



      – Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтерінің халқы санының орташа аудандық деңгейден ауытқуы есепке алынатын салмақ;

      



      – бір Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтерінің халқының орташа санының болжамы;

      Халi – i- Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтерінің халық санының болжамы.

      Ауқым коэффициенті тұтынушылар санының өсуімен, бір тұтынушыға шаққандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынуға арналған шығындар көлемінің төмендеуін көрсететін ауқымның тиімділігін ескереді;

      4) халықтың жас ерекшелігі құрылымының коэффициенті:

      



      мұнда:

      Халітоп – i- Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтерінің белгілі бір жас ерекшелігі тобы бойынша халық санының болжамы;

      Халі – і Қостанай ауданының әкімшілік-аумақтық бірліктері халық санының болжамы.

      Халықтың жас ерекшелігі құрылымының коэффициенті халықтың жекелеген санаттарының денсаулық сақтауға және білім беруге байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қойылатын жоғары сұранысын ескереді;

      5) ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу коэффициенті:

      



      мұнда:

      Халіауыл – i- Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтерінің ауыл халқы санының болжамы;

      



      – j-функционалдық кіші топ бойынша (барлық Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтері бойынша жиынтық сомада) ағымдағы шығындардың жалпы көлеміндегі жалақының үлесі.

       Ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу коэффициенті жекелеген функционалдық кіші топтар бойынша ауылдық жерлердегі жалақыға қосымша шығыстар қажеттілігін ескереді;

      6) тығыздық коэффициенті:

      



      мұнда:

      



      – аудан бойынша халықтың орташа тығыздығы;

      рi – i- Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтерінің халықтың тығыздығы;

      



      – Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтерінің халқының тығыздығының орташа аудандық деңгейден ауытқуы ескерілетін салмақ.

      Тығыздық коэффициенті аудан халқы тығыздығының төмендеуіне байланысты Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтерінің бюджеттерінің шығындарының ұлғаюын ескереді;

      7) жолдарды күтіп-ұстау коэффициенті:

      



      мұнда:

      Ni – i Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтерінің жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативі;

      



      – аудан бойынша автомобиль жолдарын күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативі;

      8) кедейлікті есепке алу коэффициенті (табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдардың үлесі негізінде):

      



      мұнда:

      bi – і Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтерінің жалпы халық саны ішінде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі.

      Кедейлікті есепке алу коэффициенті аудан өңірлері бюджеттерінің табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халық үлесінің өсуіне байланысты әлеуметтік көмек төлемдеріне шығындардың ұлғаюын ескереді;

      9) жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті:

      



      мұнда:

      di – i- Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтерінің жылыту маусымының кезеңі;

      



      – аудан бойынша жылыту маусымының орташа кезеңі;

      

     Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтерінің бюджеттердің ағымдағы шығындарының жалпы көлеміндегі жылытуға жұмсалатын шығындардың үлесі.

      Жылыту маусымының ұзақтығын есептеу коэффициенті аудан өңірлері бюджеттерінің жылытуға жұмсайтын шығындарының аудандағы жылыту маусымының ұзақтығына байланысын ескереді.

  1. Келесі екі жылдардағы Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтерінің бюджеттерінің ағымдағы шығындарының көлемін болжаудың есептік базасына тұтыну бағаларының индексін ескере отырып, үш жылдық кезеңнің бірінші жылының аудандық маңызы бар Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтерінің бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемі қабылданады.

 5-тарау. Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтерінің бюджеттердің күрделі сипаттағы шығындарының болжамды көлемін есептеу

  1. Күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемі Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтерінің ағымдағы шығындарын қаржыландырудың жалпы көлеміне пайыздық қатынасына сәйкес жылдар бойынша бөле отырып айқындалады.

      Әрбір Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтерінің бойынша жеке күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      КШі = k* ЕШі,

      мұнда:

      КШі – і Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтерінің күрделі сипаттағы есептік шығындары;

      ЕШі – і Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтерінің ағымдағы есептік шығындары;

      k – күрделі сипаттағы шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатынасының шамасы.

Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтерінің бірліктерінің бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін k коэффициентінің шамасы аудандық бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.

 6-тарау. Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтерінің бюджеттерінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемін есептеу

  1. Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемі Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлеміне және кірістерінің болжамды көлеміне пайыздық қатынаста жылдар бөлінісінде айқындалады.

      Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемін есептеу әрбір аудан (аудандық маңызы бар қала) бойынша жеке мына формула бойынша жүргізіледі:

      БДБШi = (r1*ЕШі) + (r2*КБКі),

      мұнда:

      БДБШi – i Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтерінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша есептік шығындары;

      ЕШі – i Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтерінің ағымдағы есептік шығындары;

      КБКі – і Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтерінің кірістерінің болжамды көлемі;

      r1 – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатынасының шамасы;

      r2 – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтерінің бюджеттердің кірістерінің болжамды көлеміне пайыздық қатынасының шамасы.

  1. r1 және r2 коэффициентерінің шамасы аудандық бюджет пен Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтерінің бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін аудандық бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтері

бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу қағидаларына

қосымша

 

Мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтардың, олардың көрсеткіштері мен коэффициенттерінің тізбесі

 

Функционалдық кіші топтардың атаулары

 Көрсеткіштері

Коэффициенттері

1

2

3

1. Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілді, атқарушы және басқа органдар

Тұрақты халық саны

қоныстандыру дисперсиялығы;
тығыздық;
ауқым;
 жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Қаржылық қызмет

қоныстандыру дисперсиялығы;
тығыздық;
ауқым;
 жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

2. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру

Әлеуметтік көмек

6-8 жастағы балалар саны және зейнет-керлік жастан асқан халық саны

қоныстандыру дисперсиялығы;
ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Әлеуметтік көмек

Тұрақты халық саны

қоныстандыру дисперсиялығы; кедейлікті есепке алу (табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдар үлесінің негізінде); ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу;
тығыздық;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

3. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Тұрғын үй шаруашылығы

Тұрғын үй қорының жалпы ауданы (мың шаршы метр)

урбандалу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

 Коммуналдық шаруашылық

Тұрақты халық саны

урбандалу;
тығыздық;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Елді мекендерді көркейту

тығыздық;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

4. Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

Мәдениет саласындағы қызмет

Тұрақты халық саны

урбандалу;
ауқым;
ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Спорт

урбандалу;
ауқым;
ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

5. Көлік және коммуникации

 Автомобиль көлігі

Жергілікті маңызы бар автожолдардың, оның ішінде елді мекендер мен көшелер ішіндегі автожолдар ұзындығы (километр)

урбандалу;
жолдарды күтіп ұстау;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

6. Басқалар

 Басқалар

Тұрақты халық саны

жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу



 

Федоров ауданының ауыл, ауылдық округтері бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу қағидалары.
Дата публикации
04 октября 2021