Жеке зейнетақы жоспары – жаңа ұрпақтың тренді!

Жеке зейнетақы жоспары – жаңа ұрпақтың тренді!

 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2021 жылдың 24 қыркүйегі күні онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді. Басты тақырып: Жеке зейнетақы жоспары – жаңа ұрпақтың тренді!

Биылғы жылы Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі өзінің жиырма үшінші туған күнін атап өтуде. Осы уақыт ішінде еліміздің жаңа азаматтарының тұтас ұрпағы дүниеге келіп, өсіп-өнуде. Олардың әрқайсысы жақын арада зейнетақы жүйесінің қатысушысы болуға дайындалуда немесе қазірдің өзінде қатысушысы болып үлгерген. Жастар енді ортақ төлемдерді алмайтын болады. Десек те, олардың болашақта ата-аналарына немесе ата-әжелеріне қарағанда лайықты зейнетақы алуларына мүмкіндіктері бар.

Қазіргі жастар жинақтаушы зейнетақы жүйесінің толық цикліне қатыса алады. Ол – 40 жыл және одан жоғары уақыт. Бүгінгі студенттерге тұрақты жарналар аударумен қатар жұмыс берушімен жасалатын еңбек шарты және ресми жалақы олардың болашақта табысқа жетулерінің кепілі екенін білу маңызды.

Біздің мамандар зейнетақы калькуляторының көмегімен тұрақты жарналар есебінен болашақ зейнетақыны айтарлықтай көбейтуге болатындығын көрнекі түрде көрсетеді.

Біз болашақ салымшыларымызды бүгіннен бастап  күтеміз!

«Ашық есік күні» онлайн-форматта 24 қыркүйекте өтеді: орыс тілінде  сағат 11:00 (Cisko Webex) және 15:00 (Zoom), қазақ тілінде сағат  12:00 (Zoom) және 16:00 (Cisko Webex). Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Қатысуға өтінімді kostanay@enpf.kz электрондық мекен-жайына жолдау қажет. Онда өзіңіз туралы мәліметтерді, яғни ТАӘ, қатысу күні және WhatsApp телефон нөміріңізді (шақыру-сілтеме жіберу үшін) көрсетуіңіз қажет. Шақыру сілтемесі Сізге іс-шараның басталуына дейін жіберіледі.

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жеке зейнетақы жоспары – жаңа ұрпақтың тренді!
Дата публикации
21 сентября 2021