Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Әкімдіктің «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы» 2017 жылғы 22 мамырдағы № 185, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7113 болып тіркелген, қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
қазақ тіліндегі тақырыпта және 1-тармағында «тұрғын үйді» сөз тіркесі «тұрғынжайды» болып ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
әкімдіктің қаулысына қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.