Федоров ауданының 2021-2023 жылдарға арналған азаматтық бюджетінде аудандық бюджеттің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражаттарын жұмсау бағыттары туралы ақпарат мазмұндалады.
Осы құжатқа «Бюджетті жоспарлау» бөлімі, «Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері» және «Аудан бюджетінің түсімдері мен шығындары» кіші бөлімдері енген.
Аудан бюджеті – бұл ауданның жергілікті мемлекеттік органдарының, олардың ведомствоға бағынысты мемлекеттік мекемелерінің міндеттері мен қызметтерін қаржылық қамтамасыз ету және нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру үшін арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Бюджеттік процесі – Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасымен регламенттелген жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету, бюджет есебі мен есептілігін жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау жөніндегі қызмет.
2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет Қазақстан Республикасы Бюджет және Салық кодекстеріне, Федоров ауданының 2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптасты. Аудандық мәслихат сессиясының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 484 шешімімен бекітілді. Әділет органдарында 2020 жылғы 30 желтоқсанда № 9673 болып тіркелді. Мәслихаттың 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 484 «Федоров ауданының 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» аудандық мәслихат сессиясының 2021 жылғы 8 маусымдағы № 37 шешімі, Әділет министрлігінде 2021 жылғы 21 маусымда № 23132 болып тіркелді.