Федоров ауданының әкімдігі, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабына және шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнінде конкурс өткізеді, ол 2021 жылғы 14 қыркүйекте сағат 10.00-де Қостанай облысы, Федоров ауданы,, Федоров ауылы, Гоголь көшесі, 15 үй («Жастар» мәдениет үйінің ғимараты). Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде 2021 жылғы 23 тамыздан бастап 13 қыркүйекке дейін (қабылдау уақыты сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін) Қостанай облысы, Федоров ауданы, Федоров ауылы, Красноармейский көшесі, 53 үй (2-қабат) мекенжайы бойынша «Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысуға өтінім қағаз жеткізгіште қолма-қол не пошта арқылы немесе «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін беріледі. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы берілген конкурсқа қатысуға өтінімдер бойынша конкурсқа қатысу үшін конкурстық ұсыныстар өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін он бес жұмыс күні ішінде ұйымдастырушыға қолма-қол енгізіледі.