Федоров аудандық мәслихатының 2021 жылғы ШЕШІМІ

                                                                                                                                                                 

 

Әкімдіктің

2021 жылғы «___» __________ № ___

қаулысына қосымша

 

ЖОБА

Федоров аудандық мәслихатының

2021 жылғы «___» __________ № ___

ШЕШІМІ

 

Федоров ауылы

         Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9673 болып тіркелген, мәслихаттың 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 484 «Федоров ауданының 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Федоров ауданының 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 5822980,0 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 1378337,5 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 46753,1 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 59204,0 мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша – 4338685,4 мың теңге;

2) шығындар – 6033037,1 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 56959,0 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 87510,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 30551,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 33000,0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 33000,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 300016,1 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –    300016,1 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1, 2 және 3-қосымшалары осы шешімнің 1, 2 және                     3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Федоров аудандық мәслихатының 2021 жылғы ШЕШІМІ
Дата публикации
14 июля 2021