Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2021 жылдың 18 маусымында онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді. Басты тақырып – «Ерікті зейнетақы жарналары, шотты ашып, толықтыру – өте оңай!» деп аталады.
Биылғы жыл ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) дамыту мәселелері үшін оңтайлы болды. Бірқатар заңнамалық өзгерістер өздерінің болашағы туралы бүгіннен бастап ойланатын салымшылар үшін бұрынғыдан да көп артықшылықтар әкелді. Себебі, дәл осы ерікті зейнетақы жарналарының азаматтар үшін құрметті демалысқа шыққан кезде қосымша қаржылық қолдау болып табылатыны ешкімге құпия емес.