Мәслихаттың 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № 465 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Мәслихаттың «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № 465, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9450 болып тіркелген шешіміне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

қазақ тілінде 7-тармақтың 8) тармақшасындағы «көрсетіледі» деген сөз алынып тасталсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;

7-тармақ мына мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

«9) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасында санаторий-курорттық емделуге ұсынымы бар, мүгедек баланы алып жүретін адамға табыстарын есепке алмай, тұрғаны және тамақтанғаны үшін төлемақыны өтей отырып, нақты шығындары бойынша 25 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде көрсетіледі.».

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы

Аты-жөні

Мәслихаттың 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № 465 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Дата публикации
01 июня 2021