Федоров ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар бөлімі» ММ 2020 жылдың 12 айы ішінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша қызметі туралы есеп.

1) Қызмет беруші туралы мәлімет

1. «Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» (бұдан әрі-ТКШ бөлімі) мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы мемлекеттік органмен болып табылады, және де мемлекеттік мекемесіндегі ұйымдастыру-құқықтық нысанда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары аумағында жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асырады.

2. ТКШ бөлімінде ведомства жоқ, өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына  және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне және басқада нормативтік құқықтық актілерге, сондай ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады, Федоров ауданы әкімдігімен құрылады, таратылады және қайта ұйымдастырылады (бұдан әрі-аудан әкімдігі).

3. ТКШ бөлімінің құрылтайшысы аудан әкімдігі болып табылады.

4. ТКШ бөлімі ұйымдастыру-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәкес Қазынашылықтың  басқармасында есеп шоты бар.

5. ТКШ бөлімі азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.

6. ТКШ бөлімі заңнамаға сәйкес азаматтық-құқықтық тараппен мемлекеттік атынан шығуға құқықты.

7. ТКШ бөлімі өз құзыреті мәселелері бойынша заңнамалармен белгіленген тәртіпте «Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасы заңнамаларында қарастырылған актілермен рәсімделген шешімдерді қабылдайды.

8. ТКШ бөлімінің құрылым және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамамен белгіленеді.
9. Заңды тұлғаның мекен-жайы: 111900 Қазақстан Республикасы Қостанай облысы,  Федоров ауданы, Федоров селосы,   Набережная көшесі 9 үй.
10. Мемлекеттік органдың толық атауы - «Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» мемлекеттік мекемесі.

11. Ереже ТКШ бөлімінің құрылтайшы құжаты болып табылады.

12. ТКШ бөлімін қаржыландыру жергілікті бюджет қаржысынан жүзеге асырады.

13. ТКШ бөліміне кәсіпкерлік субъектілермен ТКШ бөлімінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

 

Федоров ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар бөлімі» ММ 2020 жылдың 12 айы ішінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша қызметі туралы есеп.
Дата публикации
25 марта 2021