«Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес және «Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2021 жылғы 5 сәуірдегі №12 бұйрығы негізінде жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2021 жылғы 6 сәуірден бастап 2021 жылғы 9 сәуірге дейінгі кезеңде және бөлімнің 2021 жылдың 1-тоқсанындағы жұмысы қамтылды.