|
Қызметті көрсететін мемлекеттік орган
|
Нұрсұлтан және Алматы, Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
|
|
Өтініштерді қабылдауды және нәтижелерін беруді жүзеге асыратын мекеме
|
1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы; 2) қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың,ауылдық округтердің әкімдері; 3) портал арқылы.
|
|
Қызмет көрсету мерзімі
|
көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тіркеу көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген күннен бастап бір ай өткен соң жүргізіледі (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді); некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың бірлескен өтініші бойынша тиісті құжаттармен (дәрігерлік біліктілік комиссиясының жүктілік туралы анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, басқа да ерекше мән-жайларды растайтын анықтамалар) расталған дәлелді себептер (жүктілік, бала туу, тараптардың бірінің өміріне тікелей қатер төнген және басқа да ерекше мән-жайлар) болған кезде көрсетілетін қызметті беруші неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу орны бойынша бір ай өткенге дейін қысқартады не ұзартады, өтініш берген күнінен бір айдан аспайтын мерзімге көрсетілетін қызметті алушылардың жазбаша өтініші негізінде; ерекше мән-жайлар (жүктілік, бала туу, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнген және басқа да ерекше мән-жайлар) болған кезде некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың қалауы бойынша неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу себептерін және растайтын құжаттарды міндетті түрде көрсете отырып, өтініш берілген күні жүргізіледі; азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу - 5 (бес) жұмыс күні; АХАЖ АЖ-де актілік жазба болмаған кезде қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады (Мемлекеттік корпорация арқылы түскен өтінішті қарау мерзімі ұзартылған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды); портал арқылы берген кезде - өтінішті қабылдауды растау туралы хабарлама 1 (бір) жұмыс күні ішінде жеке кабинетке жіберіледі; Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-20 (жиырма) минут. Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.
|