|
2
|
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (кіру арналары)
|
1) мемлекеттік қызметті көрсетуші арқылы; 2) қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері; 3) Мемлекеттік корпорация арқылы; 4)портал арқылы жүзеге асырылады.
|
|
3
|
Мемлекеттік қызметтік көрсету мерзімі
|
Қайтыс болуды тіркеу мерзімі - 1 (бір) жұмыс күні; азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу - 5 (бес) жұмыс күні; АХАЖ АЖ-де актілік жазба болмаған кезде қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады (Мемлекеттік корпорация арқылы түскен өтінішті қарау мерзімі ұзартылған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды); портал арқылы өтініш қабылданғанын растау және қайтыс болу туралы куәлікті беру күнін белгілеу туралы хабарлама беру кезінде 1 (бір) жұмыс күні ішінде жеке кабинетке жіберіледі; Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут. Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.
|