Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидалары

 

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2020 жылғы 28 мамырдағы
№ 64 бұйрығына
1 қосымша

 Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидалары

 1-Тарау. Жалпы ереже

  1. Осы Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жоюды ұйымдастыру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс), Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі - Заң), "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы", "Ақпараттандыру туралы", "Дербес деректер және оларды қорғау туралы", "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының неке заңнамасы саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.

      Қағида тіркеуші органдардың тууды, қайтыс болуды, неке қиюды (ерлі-зайыптылықты), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды, атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар енгізу, оның ішінде әке (ана) болуды белгілеу, ұл (қыз) бала асырап алу кезінде, түзетулер енгізу, азаматтық хал актілерін жою және қалпына келтіру, сондай-ақ қайталама куәліктер, анықтамалар мен азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы актілік жазбалардың көшірмелерін беруді Қазақстан Республикасы аумағында ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

  1. Қағидада келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) тіркеуші орган - азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган;

      2) "АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - АХАЖ АЖ) - азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуге, сондай-ақ жеке тұлғалардың жеке деректерін құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық нысанда өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу, күшін жою және қалпына келтіруге арналған ақпараттық жүйе;

      3) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) - жеке тұлға, соның iшiнде өзiндiк кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;

      4) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      5) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;

      6) мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - "Мониторинг" ИАЖ) – мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету процесін автоматтандыруға және мониторингтеуге арналған ақпараттық жүйе;

      7) проактивті көрсетілетін қызмет – қызмет көрсету субъектісінің бастамасы бойынша берілетін, қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алу субъектісінің ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы берілген келісімі міндетті түрде қажет болатын, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет;

      8) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы – абонент берген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және ұялы байланыс операторының желісіне қосылатын, қызмет көрсетілетін аумағы шеңберінде географиялық тұрғыдан айқындалатын тұрақты орналасқан жері жоқ, ұялы байланыс желілерінде жұмыс істейтін жеке-дара пайдаланылатын байланыс құралы;

      9) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      10) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) - электрондық түрде көрсетілетін ақылы қызметтерді ұсыну шеңберіндегі төлемдер туралы ақпаратты беру процестерін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;

      11) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңбамен құрылған және электрондық құжаттың түпнұсқалығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

  1. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органдар электронды түрде АХАЖ АЖ арқылы жүргізеді.

       Кент, ауыл, ауылдық округ тұрғындарының азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастыруды Кодекстің 179-бабына сәйкес қаладағы, облыстық маңызы бар қаладағы аудандардың жергілікті атқарушы органдары, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері жүзеге асырады.

      Электронды ақпараттық қорларды және ақпараттық жүйелерді қорғау және құпиялылықты сақтау мақсатында тіркеуші органдарға АХАЖ АЖ-на қол жеткізуін ақпараттық жүйелердің меншіктенушілері және иелері қолдану құқығын беру туралы тиісті өтінімдерді келісуі арқылы ұсынады.

      Облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың) аумақтық әділет органдары, тіркеуші органдар құзыреті шегінде жеке тұлғалар туралы Мемлекеттік деректер қорының орталық серверінде орналасқан актілік жазбалардың электронды нұсқасын пайдаланады.

  1. Тіркеуші органдар мынадай іс-қимылдарды жасайды:

      1) тууды, қайтыс болуды, неке (ерлі-зайыптылықты) қию және бұзуды, атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеуді жүргізеді;

      2) азаматтық хал актілері жазбаларын өзгертеді, толықтырады, оның ішінде әке (ана) болуды белгілеу, ұл (қыз) бала асырап алу кезінде, түзетеді, жазбаларды қалпына келтіреді және жояды;

      3) бастапқы және қайталама куәлiктерді, анықтамаларды, азаматтық хал актiлерiнiң көшiрмелерiн бередi;

      4) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу кітаптарының және куәлік бланкілерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

  1. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар, түзетулер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар беру саласындағы мемлекеттік қызметтер жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты немесе уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты азаматтық хал актiлерiн мемлекеттік тiркеуді Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері жүргізеді және олар жасаған акт жазбалары Қазақстан Республикасының астана әкімдігінің тіркеуші органына жіберіледі.

      Егер мүдделі тұлғалар Қазақстан Республикасының азаматтары болса, Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданылады.

  1. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органдар құжат иесінің жеке басын анықтайтын құжаты, тиісті құқықтық мәртебесі бойынша жасайды.

      Иесінің жеке басын белгілейтін құжаты құқықтық мәртебесіне сәйкес келмесе, ол жарамсыз болып табылады және ол Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына тапсырылуы және ауыстырылуы тиіс.

       Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басты куәландыратын құжат "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Заңның 6-бабының 1-тармағына сәйкес ұсынылады.

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын ұсынады.

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының белгісі бар куәлікті ұсынады.

      Шетелдік азамат немесе Қазақстан Республикасында уақытша тұратын азаматтығы жоқ адам, оның құзыретті органдары, шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адамның тұрақты тұрғылықты жері бар азаматтың жеке басын куәландыратын құжатты және олардың мәтінінің нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасын ұсынады.

  1. Шет мемлекеттердің құзыретті органдары Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде азаматтық хал актілерінің орындалуын растайтын, Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қатысты тиісті мемлекеттердің заңнамасына сәйкес, егер олар Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе, консулдық заңдастыру немесе арнайы мөр (апостиль) болған кезде, Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.

      Сондай-ақ, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тиісті шет мемлекеттің тілінде шығарылған құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аударылуға жатады.

      Шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын және Қазақстан Республикасынан тыс жерде шығарылған басқа да растайтын құжаттардың мәтінінің аудармасының дәлдігі нотариалды куәландырылуы, дипломатиялық өкілдікте, консулдық мекемеде, шетелдік азамат азаматы болып табылатын немесе азаматтығы жоқ тұлғаның тұрақты тұратын мемлекетінің сыртқы саясат ведомствосында куәландырылуы мүмкін.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келіседі.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар, туу немесе қайтыс болу туралы медициналық куәліктер, Қазақстан Республикасы сотының шешімдері, үкімдері мен қаулылары, мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар, Қазақстан Республикасында тіркелген азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері және тіркеуші органдардың қызметкерлері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы алады.

      Егер ақпараттық жүйелерде тиісті ақпарат болмаса, Мемлекеттік корпорацияның немесе тіркеуші органның қызметкері құжаттардың электрондық/қағаз көшірмелерін түсіреді, содан кейін ауыстыруға немесе жоюға жататын азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді қоспағанда, түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

      Қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттар мен ақпаратты сұратуға жол берілмейді.

      Өкіл арқылы ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші негізінде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды, тегін, атын, әкесінің атын ауыстыруды тіркеуге және баланың ата-анасының бірлескен өтініші негізінде әке болуды анықтау кезінде тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

  1. Мемлекеттік корпорация арқылы қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініштер мен құжаттар келіп түскен күні мемлекеттік қызметтер көрсету мерзіміне кірмейді.

       Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүгінген кезде өтініштер қабылданады және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері келесі жұмыс күні шығарылады.

  1. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету сатысында ИАЖ "Мониторинг" ақпаратты енгізуді қамтамасыз етеді.
  2. Ақпараттық жүйенің ақаулығы туындаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ЖАО және әділет департаментінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкеріне дереу хабарлайды.

      Бұл жағдайда ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкерлер ақпараттық жүйенің істен шығу себебін анықтау бойынша шаралар қолданады және 1 (бір) жұмыс күні ішінде техникалық ақаулық туралы хаттама (акт) жасайды және оны көрсетілетін қызметті берушіге қол қоюға береді.

  1. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде, егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету стандартының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес жиынтығын және/немесе мерзімі өткен құжаттарды ұсынса Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Құжаттар пакетін толық ұсынғаннан кейін мемлекеттік қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға берген кезде – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдайды, тексереді, қабылданған құжаттар курьерлік байланыс арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі.

  1. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды алған күні өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды қабылдайды, толтырудың дұрыстығын тексереді, сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініштердің тізілімінде (бұдан әрі - журнал) тіркеуді жүзеге асырады.

      Журналды тек электронды түрде жүргізуге рұқсат етіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы тиісті құжаттарды қабылдау туралы өтініштің жырту талонын береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды порталда ұсынған кезде "жеке кабинетке" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қолы қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру күнін тағайындау туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап түрінде электрондық құжат нысанында жолдайды.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, анық емес мәліметтер болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша дәлелді бас тарту түрінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту, тіркеуші органның басшысы немесе оның міндеттерін атқаратын тұлғаның қолы қойылған, бас тартудың негізі көрсетілген жеке хатпен ресімделеді.

  1. Егер ұсынылған құжаттар мен өтініште көрсетілген мәліметтер қолданыстағы заңнамаға сәйкес келсе, көрсетілетін қызметті беруші азаматтық хал акт жазбасын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады, азаматтық хал акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар, өзгерістер енгізеді, күшін жояды немесе қалпына келтіреді, азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, қайталама куәлікті немесе анықтаманы жазады.

      Азаматтық хал акт жазбасы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін АХАТ ТП тиісті тіркеу актісі екі данада басып шығарылады және азаматтық хал акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік жасалады. Акт жазбаларына және азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке тіркеуші органның басшысы немесе оның міндеттерін атқаратын тұлға қол қояды.

  1. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілген мәліметтер осы Қағидаларға 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Куәліктер беру" журналына (бұдан әрі - шығындар журналы) енгізіледі, содан кейін куәлік көрсетілетін қызметті алушыға беріледі немесе Мемлекеттік корпорацияға жіберіледі.
  2. Порталға жүгінген кезде азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы анықтама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап түрінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.

      Сондай-ақ, порталға жүгінген кезде азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік түріндегі мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы өтініште көрсетілген Мемлекеттік корпорацияға жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, анықтама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап түрінде көрсетілетін қызметті алушыға береді немесе Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      Неке (ерлі-зайыптылықты) қию, ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші негізінде неке (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы алғашқы рет берілетін куәлік, баланың ата-анасының бірлескен өтініші негізінде әкелік (аналық) анықталғаннан кейін берілетін алғашқы немесе қайталама туу туралы куәлікті қоспағанда, азаматтық хал актілерін мемлекеттік туралы куәліктер мен анықтамалар мемлекеттік қызметті алушының қалауы бойынша өтінішінде көрсетілген тұрғылықты жеріне пошта байланысы арқылы жолданады.

  1. Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде, жеке куәлік (немесе өкілдің тиісті өкілеттіктерін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін оның өкілі) ұсынылғаннан кейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация құжаттарды 1 (бір) айда сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды әрі қарай сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) айдан кейін жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның өтініші бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға жеткізу үшін 1 (бір) жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

6-тарау. Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу тәртібі

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай – ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 25-қосымшаға сәйкес "Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі - қайтыс болу туралы стандарт) келтірілген.
  2. Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу үшін қайтыс болған адамның жақын туыстары, оның мұрагерлері тобына кіретін басқа да тұлғалар, қайтыс болған тұлғамен бірге тұрған адамдар, көршілері кез келген тіркеуші органға, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО-на, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне немесе Мемлекеттік корпорацияға қалауы бойынша жазбаша нысанда не портал арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 26-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайтыс болу туралы стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса отырып, қайтыс болуды тіркеу туралы өтініш береді.

      Жоғарыда көрсетілген тұлғалар болмаған жағдайда қайтыс болу туралы өтінішхатпен тұрғын үй-пайдалану ұйымдарының, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, қайтыс болған адам ұсталған не адам қайтыс болған ұйым әкімшілігі немесе мәйітті тапқан ішкі істер органы жүгіне алады.

  1. Егер өтініш беруге уәкілетті тұлғалар медициналық ұйым белгіленген нысандағы құжатты берген, қайтыс болу фактісін анықтау немесе тұлғаны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жұмыс күн ішінде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш бермеген жағдайда, қайтыс болған жері бойынша тіркеуші орган қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу үшін АХАЖ АЖ-ға келіп түскен негізге сәйкес қайтыс болуды мемлекеттік тіркеуді өз бетімен жүргізеді.
  2. Тұлғалардың қайтыс болуын мемлекеттік тіркеу кезінде АХАЖ АЖ-ға келіп түскен мәліметтерге сәйкес қайтыс болу туралы акт жазбасына қайтыс болу туралы медициналық куәлікте, қайтыс болу фактісін анықтау туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімінде қамтылған қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу үшін қажетті мәліметтер ғана енгізіледі. Қайтыс болу туралы куәлік басылып шығарылмайды.

      Қайтыс болған адамның жақын туыстары, оның мұрагерлерінің шеңберіне кіретін басқа да тұлғалар жүгінген кезде қайтыс болған тұлға туралы жетіспейтін мәліметтер қайтыс болғаны туралы акт жазбасына енгізіледі және қайтыс болғаны туралы куәлік беріледі.

  1. Қайтыс болу мемлекеттік тіркелгеннен кейін қайтыс болған адамның мұрагерлерінің аясына кіретін жақын туыстарына, басқа адамдарға не қайтыс болған адам қамқорлықтарында болған азаматтарға, сондай-ақ қайтыс болған адам тұрған немесе жазасын өтеген мемлекеттік ұйымдар әкімшілігінің өкілдеріне, басқа туыстарына - мұрагерлік іс қарауында жатқан нотариустың хабарламасы бойынша қайтыс болу туралы куәлік беріледі.

      Мәйіттері танылмаған және талап етілмеген адамдардың қайтыс болуы туралы куәлік қайтыс болу туралы акт жазбасына барлық қажетті мәліметтер енгізілгеннен кейін ғана беріледі.

  1. Қайтыс болған адамның жақын туыстарының, оның мұрагерлерінің шеңберіне кіретін басқа да адамдардың өтініші бойынша қорытынды жасалмай, қайтыс болғаны туралы акт жазбасына өзгерістер, түзетулер мен толықтырулар енгізіледі.
  2. "Белгілер үшін" бағанында өтініш берушінің туыстық дәрежесін немесе Кодекстің 273-бабында көрсетілген адамдардың санатын, сондай-ақ Кодекстің 270-бабына сәйкес кейін тиісті органдарға жіберілетін қайтыс болған адамның жеке басын куәландыратын құжаты мен әскери билеті туралы және оларды алғаны туралы мәліметтер көрсетілуі тиіс.
  3. Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу адамды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімінің негізінде жүргізілген жағдайда, ол қайтыс болған күні қайтыс болу туралы акт жазбасында сот шешімінің заңды күшіне енген күні немесе сот шешімімен белгіленген күн көрсетіледі.

  12-тарау. Акт кітаптарын және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік бланкілерін сақтау

  1. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу акті нысандары азаматтық хал актілерінің бөлек кітаптары болып тігіледі. Кітаптың соңында жазбаша парақ саны көрсетіледі, кітаптар тігіліп және тіркеуші органның мөрімен бекітіледі.
  2. Тіркелген азаматтық хал актілері кітаптары азаматтық хал акті жазбаларының бірінші және екінші даналарынан тұрады.

      Акт жазбалардың бірінші және екінші даналары бірге толтырылып, бірдей реттік нөмірмен нөмірленеді.

      Азаматтық хал акт жазбалары бірінші нөмірден басталады, жыл бойы бірінші қаңтардан отыз бірінші желтоқсанға дейін (қоса алғанда) - дәйектілікпен жүргізіледі. Азаматтық хал акт жазбасының әрбір түрі бойынша бөлек нөмірлеу жүргізіледі.

      Бастапқы тіркеу орны бойынша акт кітаптары жетпіс бес жыл бойы сақталады, содан кейін тиісті мемлекеттік мұрағатқа беріледі. Екінші даналардың акт кітаптары АХАЖ АЖ-да бар екендігі расталғаннан кейін белгіленген мерзім өткеннен кейін жойылуға жатады.

      Азаматтық хал акт жазбасының барлық бағандары қысқартусыз (көпшілік мақұлдағаннан басқасы) толық жауаптармен толтырылады, бөлек сөздерді (анкеталық деректер) тастап кету немесе оларды қысқартуға жол берілмейді.

      Егер сұраққа теріс жауап қайтарылатын болса, бағандар "жоқ" сөзімен толтырылуы тиіс.

      Есімі, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі тапсырылған құжатқа сәйкес толық толтырылады.

  1. Тұлғаның ұлты жеке басын куәландыратын құжат бойынша көрсетіледі. Шетел азаматының азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде ұлттан басқа өзі азаматы болып табылатын мемлекеттің атауы, сондай-ақ оның азаматтығы көрсетіледі.
  2. Азаматтық хал актісі жазбасына актіні тіркеген лауазымды тұлға қол қояды және тіркеуші органның мөрімен бекітіледі.

      Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді растау үшін өтініш берушіге тиісті куәлік немесе азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы анықтама беріледі.

      Азаматтық хал актісі жазбасын тіркеу кезінде азаматтық хал актісі жазбасы жасалатын тілді білмейтін азаматқа жазба мәтінін оның аудармашысы аударады, бұл "белгілер үшін" бағанында белгіленеді.

      Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу сауатсыз мылқау немесе саңырау, саңырау-мылқауға қатысты жасалса, оған қатысты азаматтық хал актілерін азаматқа түсіндіре алатын адамның қатысуымен жасалуы мүмкін. "Белгілер үшін" бағанында осы фактіні куәландыратын адам туралы, сондай-ақ акт жазбасының мазмұны мылқау немесе саңырау, саңырау-мылқаудың еркіне сай келетіні туралы белгі қойылады.

      Соқыр азаматқа азаматтық хал актісі жазбасын жасау кезінде азаматтық хал актісі жазбасының мәтінін акт жазбасын жасайтын тіркеуші органның лауазымды тұлғасы оқиды, бұл азаматтық хал акт жазбасының "белгілер үшін" бағанында белгіленеді.

  1. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бланкілері жанбайтын шкафтарда немесе темір жәшіктерде сақталады.

      Жұмыс істемейтін уақытта куәлік бланкілері бар жанбайтын шкафтар, темір жәшіктер мөрленеді. Бланкілерге бланкілерді сақтауға жауапты тұлғалар қол жеткізе алады.

  1. Куәліктердің бланкілерін жоғалтқан немесе ұрланған жағдайда оларды сақтауға жауапты тұлғалар бланкілердің жоғалғанын немесе ұрланғанын байқап, сол күні бұл туралы жоғалған немесе ұрланған бланкілерді іздестіру шараларын қолдану үшін аумақтық әділет органына және облыс, республикалық маңызы бар қала әкімдігіне, сондай-ақ ішкі істер органдарына хабарлайды.
  2. Тіркеуші орган азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік бланкілерінің жоғалған немесе ұрланған әрбір жағдайы туралы олардың түрлері мен нөмірлерін көрсете отырып хабарлайды. Бұл хабарлама Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберіледі.
  3. Куәліктердің бланкілерін жоғалтудың немесе ұрлаудың әрбір жағдайы бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала әкімдігі жоғалуға ықпал ететін себептерді жою үшін қызметтік тексеру жүргізуі қажет.
  4. Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктердің бланкілерін қабылдауды оларды дайындаған органның жүкқұжатына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың аумақтық әділет органы жүргізеді.
  5. Ақаулы бланкілер (қорғаныш торының, баспа мәтінінің болмауы немесе зақымдануы, қайталанған нөмірлердің болуы және т.б.), куәлік бланкілерінің нөмірлері жетіспеген немесе сәйкес келмеген жағдайда екі данада акт жасалады.
  6. Жоюға жатады:

      1) азаматтық хал актілері жазбаларына түзетулер, өзгертілер мен толықтырулар енгізуге байланысты, сондай-ақ жазбаның күшін жоюға байланысты ауыстыру үшін тапсырылған куәліктер;

      2) жарамсыз болған, орнына қайталама куәліктер берілген куәліктер;

      3) табылған куәліктер;

      4) басқа тіркеуші органдардан жіберілген және азаматтар бір жыл ішінде алмаған қайталама куәліктер;

      5) толтыру кезінде бүлінген куәліктердің бланкілері.

  1. Аталған куәліктерді жою аумақтық әділет органдарымен бірлесіп тіркеуші органдарда жою актісін жасай отырып, жыл сайын өртеу жолымен жүргізіледі.

 13-тарау. Әділет органдарымен тіркеуші органдарға бақылауды қамтамасыз ету тәртібі

  1. Өкілеттіктер шеңберінде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың) аумақтық әділет органының басшысы:

      АХАЖ АЖ-да азаматтық хал актілерін тіркеу туралы енгізілген мәліметтердің сапасын бақылайды;

      азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын тіркеуші органдарға барып және бармай профилактикалық бақылау жүргізеді;

      Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасының талаптарын сақтау бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;

      азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік бланкілерін дайындауға жиынтық өтінім әзірлеуді қамтамасыз етеді.

  1. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу кезінде заңнаманың бұзылуы анықталған жағдайда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың аумақтық әділет органы тиісті тіркеуші органдарға азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу кезінде анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы және қолданыстағы заңнамада көзделген мерзімде лауазымды адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы нұсқама енгізеді.

 14-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

       "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2) тармақшасына сәйкес тікелей мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

 

Азаматтық хал актілерін
мемлекеттік тіркеу, азаматтық
хал актілері жазбаларына
өзгерістер енгізу, қалпына
келтіру, жоюды ұйымдастыру
Қағидаларына
25-Қосымша

"Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

1

 Қызмет берушінің атауы

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (әрі қарай – мемлекеттік қызметті көрсетуші)

 

2

 Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (кіру арналары)

1) мемлекеттік қызметті көрсетуші арқылы;
2) қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;
3) Мемлекеттік корпорация арқылы;
4)портал арқылы жүзеге асырылады.

 

3

Мемлекеттік қызметтік көрсету мерзімі

Қайтыс болуды тіркеу мерзімі - 1 (бір) жұмыс күні;
азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу - 5 (бес) жұмыс күні;
АХАЖ АЖ-де актілік жазба болмаған кезде қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады (Мемлекеттік корпорация арқылы түскен өтінішті қарау мерзімі ұзартылған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды);
портал арқылы өтініш қабылданғанын растау және қайтыс болу туралы куәлікті беру күнін белгілеу туралы хабарлама беру кезінде 1 (бір) жұмыс күні ішінде жеке кабинетке жіберіледі;
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут.
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

 

4

Мемлекеттік қызметтік көрсету нысаны

Электронды/қағаз түрінде

 

5

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі

1) қайтыс болу туралы куәлік немесе анықтама, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен қайтыс болу туралы қайталама куәлік;
2) мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде, портал арқылы өтініш берген кезде қайтыс болғаны туралы анықтама, дәлелді бас тарту электрондық түрде жіберіледі.

 

6

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, мемлекеттік қызмет алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алынатын төлем мөлшері

1) қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу тегін көрсетіледі.
Азаматтық хал актiлерiн тiркеген кезде мыналар растайтын құжаттарын көрсеткен кезде мемлекеттiк баж төлеуден босатылады:
1) жеке тұлғалар - азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге байланысты азаматтық хал актілерінің жазбалары өзгертілген, толықтырылған, қалпына келтірілген және түзетiлген кезде өздеріне куәлiктер берілгенi үшiн;
2) жеке тұлғалар - туыстарының қайтыс болуы туралы куәлiктер, оларға қайталама берiлген немесе бұрын берiлгендерін ауыстырғаны үшiн.

 

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) Мемлекеттік корпорация – еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібімен жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады;
3) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

 

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) осы Қағидаларға 26 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
2) медициналық ұйым берген қайтыс болуы туралы белгіленген нысандағы құжат туралы мәліметтер;
3) қайтыс болған адамның жеке куәлігі (болған жағдайда, қайтыс болған адамның жеке куәлігі болмаған жағдайда өтініште себептері көрсетіледі);
4) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;
5) қайтыс болуы сот шешімінің негізінде тіркелген жағдайда - қайтыс болу фактісін анықтау туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы заңды күшіне енген сот шешімі туралы мәліметтер;
6) қайтыс болған адамның әскери билеті (бар болса);
7) қажет болған жағдайда (егер көрсетілетін қызметті алушының тегі және (немесе) әкесінің аты бойынша туыстық байланыс байқалмаса) жақын туыстығын растайтын құжат.
Қайтыс болу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш;;
2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуге байланысты ауыстыруға жататын азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы, куәліктің түпнұсқасы жоғалған жағдайда оның жоғалғаны туралы және азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтерді көрсету;
4) азаматтық хал актісі жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін негіз болуын растайтын құжат;
5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.
Порталға жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған немесе ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған электрондық өтініш;
2) қайтыс болған адамның жеке басын куәландыратын құжаты және әскери билеті туралы мәліметтер (ол болған жағдайда түпнұсқа тіркеуші органға тапсырылады, қайтыс болған адамның жеке куәлігі болмаған жағдайда өтініште себептері көрсетілуге тиіс);
3) қажет болған жағдайда жақын туыстығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

 

9

 Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздемелері

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталса;
 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің, "жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" және "сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарына сәйкес келмеуі.
Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер белгіленуі мүмкін.

 

10

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар, оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы және электрондық нысанда

Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану, қабілетін толық немесе ішінара жоғалту мүмкіндігі бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш жасау арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

 

 

Азаматтық хал актілерін
мемлекеттік тіркеу, азаматтық
хал актілері жазбаларына
өзгерістер енгізу, қалпына
келтіру, жоюды ұйымдастыру
Қағидаларына
26-Қосымша

 

Нысан

 

____________________________
(тіркеуші орган атауы)
____________________________
(өтініш берушінің аты, әкесінің
аты (жеке басын куәландыратын
құжаттарда көрсетілсе), тегі)
мекен-жайы:
____________________________
Тел. №
______________________
№жеке басын куәландыратын
құжат
_______________________
____________________________
(нөмірі, кіммен, қашан берілген)
ЖСН_______________________

         

 Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш

       Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеуіңізді сұраймын _________________________

      _____________________________________________________________________

       (қайтыс болған адамның аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда

      көрсетілсе) тегі,

       _____________________________________________________________________

      қайтыс болған адамның туылған күні,

       ___________________________________________________________________

      қайтыс болған адамның соңғы орны,

       _____________________________________________________________________

      қайтыс болған адамның отбасылық жағдайы,

       _____________________________________________________________________

      қайтыс болған адамның қайтыс болу күні,

       _____________________________________________________________________

      қайтыс болған адамның өлімінің себебі

       Қайтыс болған адамның жеке басын куәландыратын құжаттардың және әскери билетінің (болған жағдайда) түпнұсқаларын тапсыру қажеттігі туралы хабардар етіледі.

      Өтінішке қоса беремін _________________________________________________

       "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің

       491-бабына сәйкес жалған мәліметтерді хабарлағаны үшін әкімшілік жаза

      қолданылатыны туралы ескертілді.

       Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

       "____" ___________ 20__ жыл _______________________ қолы

       _____________________________________________________________________

       (аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), өтінішті

      қабылдаған лауазымды адамның тегі)

       журнал бойынша № __________

       ---------------------------------------------------------------------

      (қию сызығы) – ЖАО үшін

       "____" __________ 20__ қайтыс болу туралы өтініш қарауға қабылданды

      Қарау нәтижелері хабарланады "____" ________ 20__ жыл

       Маман ______________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)

Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидалары
Дата публикации
14 мая 2021