|
|
Қазақстан Республикасы |
Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидалары
1-Тарау. Жалпы ереже
Қағида тіркеуші органдардың тууды, қайтыс болуды, неке қиюды (ерлі-зайыптылықты), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды, атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар енгізу, оның ішінде әке (ана) болуды белгілеу, ұл (қыз) бала асырап алу кезінде, түзетулер енгізу, азаматтық хал актілерін жою және қалпына келтіру, сондай-ақ қайталама куәліктер, анықтамалар мен азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы актілік жазбалардың көшірмелерін беруді Қазақстан Республикасы аумағында ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
1) тіркеуші орган - азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган;
2) "АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - АХАЖ АЖ) - азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуге, сондай-ақ жеке тұлғалардың жеке деректерін құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық нысанда өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу, күшін жою және қалпына келтіруге арналған ақпараттық жүйе;
3) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) - жеке тұлға, соның iшiнде өзiндiк кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;
4) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
5) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
6) мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - "Мониторинг" ИАЖ) – мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету процесін автоматтандыруға және мониторингтеуге арналған ақпараттық жүйе;
7) проактивті көрсетілетін қызмет – қызмет көрсету субъектісінің бастамасы бойынша берілетін, қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алу субъектісінің ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы берілген келісімі міндетті түрде қажет болатын, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет;
8) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы – абонент берген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және ұялы байланыс операторының желісіне қосылатын, қызмет көрсетілетін аумағы шеңберінде географиялық тұрғыдан айқындалатын тұрақты орналасқан жері жоқ, ұялы байланыс желілерінде жұмыс істейтін жеке-дара пайдаланылатын байланыс құралы;
9) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
10) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) - электрондық түрде көрсетілетін ақылы қызметтерді ұсыну шеңберіндегі төлемдер туралы ақпаратты беру процестерін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;
11) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңбамен құрылған және электрондық құжаттың түпнұсқалығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
Кент, ауыл, ауылдық округ тұрғындарының азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастыруды Кодекстің 179-бабына сәйкес қаладағы, облыстық маңызы бар қаладағы аудандардың жергілікті атқарушы органдары, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері жүзеге асырады.
Электронды ақпараттық қорларды және ақпараттық жүйелерді қорғау және құпиялылықты сақтау мақсатында тіркеуші органдарға АХАЖ АЖ-на қол жеткізуін ақпараттық жүйелердің меншіктенушілері және иелері қолдану құқығын беру туралы тиісті өтінімдерді келісуі арқылы ұсынады.
Облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың) аумақтық әділет органдары, тіркеуші органдар құзыреті шегінде жеке тұлғалар туралы Мемлекеттік деректер қорының орталық серверінде орналасқан актілік жазбалардың электронды нұсқасын пайдаланады.
1) тууды, қайтыс болуды, неке (ерлі-зайыптылықты) қию және бұзуды, атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеуді жүргізеді;
2) азаматтық хал актілері жазбаларын өзгертеді, толықтырады, оның ішінде әке (ана) болуды белгілеу, ұл (қыз) бала асырап алу кезінде, түзетеді, жазбаларды қалпына келтіреді және жояды;
3) бастапқы және қайталама куәлiктерді, анықтамаларды, азаматтық хал актiлерiнiң көшiрмелерiн бередi;
4) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу кітаптарының және куәлік бланкілерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты немесе уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты азаматтық хал актiлерiн мемлекеттік тiркеуді Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері жүргізеді және олар жасаған акт жазбалары Қазақстан Республикасының астана әкімдігінің тіркеуші органына жіберіледі.
Егер мүдделі тұлғалар Қазақстан Республикасының азаматтары болса, Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданылады.
Иесінің жеке басын белгілейтін құжаты құқықтық мәртебесіне сәйкес келмесе, ол жарамсыз болып табылады және ол Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына тапсырылуы және ауыстырылуы тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басты куәландыратын құжат "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Заңның 6-бабының 1-тармағына сәйкес ұсынылады.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын ұсынады.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының белгісі бар куәлікті ұсынады.
Шетелдік азамат немесе Қазақстан Республикасында уақытша тұратын азаматтығы жоқ адам, оның құзыретті органдары, шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адамның тұрақты тұрғылықты жері бар азаматтың жеке басын куәландыратын құжатты және олардың мәтінінің нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасын ұсынады.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тиісті шет мемлекеттің тілінде шығарылған құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аударылуға жатады.
Шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын және Қазақстан Республикасынан тыс жерде шығарылған басқа да растайтын құжаттардың мәтінінің аудармасының дәлдігі нотариалды куәландырылуы, дипломатиялық өкілдікте, консулдық мекемеде, шетелдік азамат азаматы болып табылатын немесе азаматтығы жоқ тұлғаның тұрақты тұратын мемлекетінің сыртқы саясат ведомствосында куәландырылуы мүмкін.
Жеке басты куәландыратын құжаттар, туу немесе қайтыс болу туралы медициналық куәліктер, Қазақстан Республикасы сотының шешімдері, үкімдері мен қаулылары, мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар, Қазақстан Республикасында тіркелген азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері және тіркеуші органдардың қызметкерлері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы алады.
Егер ақпараттық жүйелерде тиісті ақпарат болмаса, Мемлекеттік корпорацияның немесе тіркеуші органның қызметкері құжаттардың электрондық/қағаз көшірмелерін түсіреді, содан кейін ауыстыруға немесе жоюға жататын азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді қоспағанда, түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттар мен ақпаратты сұратуға жол берілмейді.
Өкіл арқылы ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші негізінде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды, тегін, атын, әкесінің атын ауыстыруды тіркеуге және баланың ата-анасының бірлескен өтініші негізінде әке болуды анықтау кезінде тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүгінген кезде өтініштер қабылданады және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері келесі жұмыс күні шығарылады.
Бұл жағдайда ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкерлер ақпараттық жүйенің істен шығу себебін анықтау бойынша шаралар қолданады және 1 (бір) жұмыс күні ішінде техникалық ақаулық туралы хаттама (акт) жасайды және оны көрсетілетін қызметті берушіге қол қоюға береді.
Құжаттар пакетін толық ұсынғаннан кейін мемлекеттік қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға берген кезде – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдайды, тексереді, қабылданған құжаттар курьерлік байланыс арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі.
Журналды тек электронды түрде жүргізуге рұқсат етіледі.
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы тиісті құжаттарды қабылдау туралы өтініштің жырту талонын береді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды порталда ұсынған кезде "жеке кабинетке" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қолы қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру күнін тағайындау туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап түрінде электрондық құжат нысанында жолдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту, тіркеуші органның басшысы немесе оның міндеттерін атқаратын тұлғаның қолы қойылған, бас тартудың негізі көрсетілген жеке хатпен ресімделеді.
Азаматтық хал акт жазбасы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін АХАТ ТП тиісті тіркеу актісі екі данада басып шығарылады және азаматтық хал акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік жасалады. Акт жазбаларына және азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке тіркеуші органның басшысы немесе оның міндеттерін атқаратын тұлға қол қояды.
Сондай-ақ, порталға жүгінген кезде азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік түріндегі мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы өтініште көрсетілген Мемлекеттік корпорацияға жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, анықтама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап түрінде көрсетілетін қызметті алушыға береді немесе Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Неке (ерлі-зайыптылықты) қию, ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші негізінде неке (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы алғашқы рет берілетін куәлік, баланың ата-анасының бірлескен өтініші негізінде әкелік (аналық) анықталғаннан кейін берілетін алғашқы немесе қайталама туу туралы куәлікті қоспағанда, азаматтық хал актілерін мемлекеттік туралы куәліктер мен анықтамалар мемлекеттік қызметті алушының қалауы бойынша өтінішінде көрсетілген тұрғылықты жеріне пошта байланысы арқылы жолданады.
Мемлекеттік корпорация құжаттарды 1 (бір) айда сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды әрі қарай сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді.
Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) айдан кейін жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның өтініші бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға жеткізу үшін 1 (бір) жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
2-тарау. Баланың тууын мемлекеттік тіркеу, әке (ана) болуды анықтауға, ұл (қыз) баланы асырап алуға байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу тәртібі
Өлі туған баланы және өмірінің алғашқы аптасында шетінеген баланы мемлекеттік тіркеу тіркеуші органда бала туған немесе шетінеген кезден бастап бес тәуліктен кешіктірілмей жүргізіледі және туу туралы акт жазбасының негізінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес өлі туғандығы туралы немесе өмірінің алғашқы аптасында шетінеген баланың туу туралы анықтамасы беріледі.
Заңға сәйкес өтініш берушінің таңдауы бойынша проактивті қызмет арқылы баланың тууын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру кезінде баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш беру талап етілмейді.
Тууды мемлекеттік тіркеу тегін көрсетіледі.
1) туу туралы куәліктің түпнұсқасы;
2) туу туралы акт жазбасының көшірмелері;
3) туу туралы медициналық куәліктің түпнұсқасы.
Жоғарыда көрсетілген құжаттар болмаған жағдайда тууды мемлекеттік тіркеу туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің негізінде жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы туу туралы куәліктің түпнұсқасын ұсынған кезде Мемлекеттік корпорацияның, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері оның көшірмесін жасайды және түпнұсқасын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Медициналық куәлік АХАЖ АЖ-не электронды түрде түседі.
Өтінішті көрсетілетін қызметті берушіде баланың анасы қағаз түрінде береді. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері туу туралы медициналық куәлікте және өтініште көрсетілген мәліметтерді салыстырады, одан кейін тууды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті өтініш журналында тіркейді.
Егер ақпарат сәйкес келсе, өтініш берілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде туу туралы куәлік беріледі.
Егер ананың өтінішінде көрсетілген мәліметтер медициналық туу туралы куәлікте көрсетілген мәліметтерге сәйкес келмесе, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беріледі.
Осы Ереженің 22-тармағына сәйкес баланың тууын мемлекеттік тіркеу кезінде туу туралы куәлік қалпына келтірілгеннен кейін, Қазақстан Республикасында туу тіркеу жасалғаны туралы хабарлама бастапқы туу туралы куәлік берілген жердегі тіркеуші органға жіберіледі (Қазақстаннан тыс жердегі тіркеуші органдарында алғашқы тууы тіркелген жағдайда).
баланың ата-анасы осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес бірлескен өтініші негізінде қалауы бойынша кез келген тіркеуші органға, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне жазбаша нысанда не портал арқылы электрондық түрде әке (ана) болуды анықтау туралы баланың ата-анасы;
өзін баланың әкесі деп таныған тұлға осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес қалауы бойынша кез келген тіркеуші органға, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне жазбаша нысанда не портал арқылы электрондық түрде анасы қайтыс болған, анасы қайтыс болды деп жарияланған, анасы хабар-ошарсыз кетті деп танылған, анасы әрекетке қабілетсіз деп танылған, анасы ата-ана құқықтарынан айырылған не оның ата-ана құқықтары шектелген, анасының тұрғылықты жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайларда әке (ана) болуды анықтау туралы өзін баланың әкесі деп таныған тұлға;
баланың анасы немесе басқа да мүдделі тұлғалар осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес қалауы бойынша кез келген тіркеуші органға, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне жазбаша нысанда не портал арқылы электрондық түрде соттың әке болуды анықтау, сондай-ақ әке болуды тану фактісін және әке болу фактісін анықтау туралы шешімі негізінде өтінішпен жүгінеді.
Бұл жағдайда тіркеуші орган баланың туу туралы акт жазбасы бойынша әкесі туралы бұрын енгізілген мәліметтердің негіздемесін тексереді.
1) егер әке болу белгіленетін баланың анасы тіркелген некеде тұрса (ерлі-зайыптылықта);
2) егер баланың анасы тіркелген некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрмаған болса, ал туу туралы куәлікте тегі анасының тегіне сәйкес келмейтін баланың әкесі көрсетілсе тексеру жүргізіледі.
Туу туралы акт жазбасының көшірмесі талап етілгені туралы өтініш берушілерге (өтініш берушіге) хабарланады. Туу туралы акт жазбасының көшірмесі келіп түскеннен кейін әке (ана) болуды анықтау туралы өтініш негізінде әке (ана) болуды анықтау күні тағайындалады.
Жоғалған жазбаны қалпына келтіру туралы өтінішпен тіркеуші органға баланы асырап алған адамдар, ата-ана (егер сот шешімі бойынша балаға қатысты оның құқықтары мен міндеттері сақталса), қорғаншы және қамқоршы орган, он алты жасқа толған асырап алынған адамның өзі, сондай-ақ бала тәрбиесінде жүрген тұлғалар мен мекемелер жүгінеді.
Егер бала (қыз) асырап алу туралы сот шешімі бойынша дербес деректер, баланың туған күні және/немесе жері өзгерсе, онда туу туралы акт жазбасы қалпына келтіріледі және жаңа ЖСН қалыптастырылады.
12-тарау. Акт кітаптарын және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік бланкілерін сақтау
Акт жазбалардың бірінші және екінші даналары бірге толтырылып, бірдей реттік нөмірмен нөмірленеді.
Азаматтық хал акт жазбалары бірінші нөмірден басталады, жыл бойы бірінші қаңтардан отыз бірінші желтоқсанға дейін (қоса алғанда) - дәйектілікпен жүргізіледі. Азаматтық хал акт жазбасының әрбір түрі бойынша бөлек нөмірлеу жүргізіледі.
Бастапқы тіркеу орны бойынша акт кітаптары жетпіс бес жыл бойы сақталады, содан кейін тиісті мемлекеттік мұрағатқа беріледі. Екінші даналардың акт кітаптары АХАЖ АЖ-да бар екендігі расталғаннан кейін белгіленген мерзім өткеннен кейін жойылуға жатады.
Азаматтық хал акт жазбасының барлық бағандары қысқартусыз (көпшілік мақұлдағаннан басқасы) толық жауаптармен толтырылады, бөлек сөздерді (анкеталық деректер) тастап кету немесе оларды қысқартуға жол берілмейді.
Егер сұраққа теріс жауап қайтарылатын болса, бағандар "жоқ" сөзімен толтырылуы тиіс.
Есімі, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі тапсырылған құжатқа сәйкес толық толтырылады.
Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді растау үшін өтініш берушіге тиісті куәлік немесе азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы анықтама беріледі.
Азаматтық хал актісі жазбасын тіркеу кезінде азаматтық хал актісі жазбасы жасалатын тілді білмейтін азаматқа жазба мәтінін оның аудармашысы аударады, бұл "белгілер үшін" бағанында белгіленеді.
Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу сауатсыз мылқау немесе саңырау, саңырау-мылқауға қатысты жасалса, оған қатысты азаматтық хал актілерін азаматқа түсіндіре алатын адамның қатысуымен жасалуы мүмкін. "Белгілер үшін" бағанында осы фактіні куәландыратын адам туралы, сондай-ақ акт жазбасының мазмұны мылқау немесе саңырау, саңырау-мылқаудың еркіне сай келетіні туралы белгі қойылады.
Соқыр азаматқа азаматтық хал актісі жазбасын жасау кезінде азаматтық хал актісі жазбасының мәтінін акт жазбасын жасайтын тіркеуші органның лауазымды тұлғасы оқиды, бұл азаматтық хал акт жазбасының "белгілер үшін" бағанында белгіленеді.
Жұмыс істемейтін уақытта куәлік бланкілері бар жанбайтын шкафтар, темір жәшіктер мөрленеді. Бланкілерге бланкілерді сақтауға жауапты тұлғалар қол жеткізе алады.
1) азаматтық хал актілері жазбаларына түзетулер, өзгертілер мен толықтырулар енгізуге байланысты, сондай-ақ жазбаның күшін жоюға байланысты ауыстыру үшін тапсырылған куәліктер;
2) жарамсыз болған, орнына қайталама куәліктер берілген куәліктер;
3) табылған куәліктер;
4) басқа тіркеуші органдардан жіберілген және азаматтар бір жыл ішінде алмаған қайталама куәліктер;
5) толтыру кезінде бүлінген куәліктердің бланкілері.
13-тарау. Әділет органдарымен тіркеуші органдарға бақылауды қамтамасыз ету тәртібі
АХАЖ АЖ-да азаматтық хал актілерін тіркеу туралы енгізілген мәліметтердің сапасын бақылайды;
азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын тіркеуші органдарға барып және бармай профилактикалық бақылау жүргізеді;
Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасының талаптарын сақтау бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;
азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік бланкілерін дайындауға жиынтық өтінім әзірлеуді қамтамасыз етеді.
14-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2) тармақшасына сәйкес тікелей мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
|
|
Азаматтық хал актілерін |
|||
|
"Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет cтандарты |
|
|||
|
1 |
Қызмет берушінің атауы |
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (әрі қарай – мемлекеттік қызметті көрсетуші) |
|
|
|
2 |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (кіру арналары) |
1) мемлекеттік қызметті көрсетуші арқылы; |
|
|
|
3 |
Мемлекеттік қызметтік көрсету мерзімі |
көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап: |
|
|
|
4 |
Мемлекеттік қызметтік көрсету нысаны |
Электронды/қағаз түрінде |
|
|
|
5 |
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі |
1) туу туралы куәлік, өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізілген туу туралы қайталама куәлік; |
|
|
|
6 |
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, мемлекеттік қызмет алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алынатын төлем мөлшері |
1) тууды мемлекеттік тіркеу тегін көрсетіледі; |
|
|
|
7 |
Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. |
|
|
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Тууды мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі: |
|
|
|
9 |
Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздемелері |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталуы; |
|
|
|
10 |
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар, оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы және электрондық нысанда |
Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану, қабілетін толық немесе ішінара жоғалту мүмкіндігі бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш жасау арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. |
|
|
|
|
Азаматтық хал актілерін |
|||
|
|
Нысан |
|||
|
|
____________________________ |
|||
Тууды мемлекеттік тіркеу туралы Өтініш
Бала туралы мәліметтер:
Аты ___________________________ әкесінің аты (қалауы бойынша)___________
Тегі _________________________________________________________________
Туған күні"____" ____________ 20__ жыл жынысы _________________________
Баланың туған жері ____________________________________________________
Анасында нешінші бала ________________________________________________
Баланың туу фактісін растайтын құжат туралы мәліметтер
_____________________________________________________________________
Ана туралы мәліметтер:
Аты _____________________ Әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын
құжаттарда көрсетілсе) ) _______________________________________________
Тегі ____________ _____________________________________________________
Туған күні"____" ___________ 20___ жылы Ұлты ___________________________
Жасы ________________________________________________________________
Азаматтығы __________________________________________________________
Білім ________________________________________________________________
Жұмыс орны және лауазымы ____________________________________________
Отбасы жағдайы ______________________________________________________
Некенің (ерлі-зайыптылықтың) тіркелген күні және орны____________________
Неке (ерлі-зайыптылық) туралы акт жазбасының нөмір _____________________
Заңды мекен-жайы ___________________________________________________
Әкесі туралы мәліметтер:
Аты ________________________ Әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын
құжаттарда көрсетілсе) ) _______________________________________________
Тегі ____________ _____________________________________________________
Туған күні"____" ___________ 20___ жылы Ұлты ___________________________
Жасы _______________________________________________________________
Азаматтығы __________________________________________________________
Білім ________________________________________________________________
Жұмыс орны және лауазымы ___________________________________________
Отбасы жағдайы ______________________________________________________
Некенің (ерлі-зайыптылықтың) тіркелген күні және орны____________________
Неке (ерлі-зайыптылық) туралы акт жазбасының нөмір _____________________
Заңды мекен-жайы ___________________________________________________
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 491-бабына сәйкес жалған мәліметтерді хабарлағаны үшін әкімшілік жаза қолданылатыны туралы ескертілді.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
"____" ___________ 20 __ жылы қолы ___________________________________
____________________________________________________________________
(өтінішті қабылдаған лауазымды адамның аты, әкесінің аты (егер жеке басын
куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)
журнал бойынша № ____
-------------------------------------------------------------------------------------------------------
жырту сызығы-ЖАО үшін
"____" __________ 20__ тууды тіркеу туралы өтініш қарауға қабылданды
Қарау нәтижелері хабарланады "___" __________ 20__ жыл
Маман ______________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)
|
|
Азаматтық хал актілерін |
|
|
Нысан |
Өмірінің алғашқы аптасында шетінеген баланың туу туралы анықтамасы № ______________________
Азамат (ша) __________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)
"______"______________ ________________________________ дүниеге келген
(күні) (ай) (жылы)
бұл туралы туу туралы актілерді тіркеу кітабында
______________ __________________ "______"
(жыл) (ай) (күні)
№ жазба жасалды_____________________________________________________
ЖСН_________________________________________________________________
Баланың туу туралы куәлігі берілмеген.
Ата-аналары:
Әкесі ________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)
Анасы _______________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)
Туған жері ___________________________________________________________
(ауыл, аудан, қала, облыс)
Тіркеу орны __________________________________________________________
(тіркеуші органның атауы)
Берілген орны ________________________________________________________
(тіркеуші органның атауы)
М. О. Тіркеуші органның лауазымды тұлғасы
|
|
Нысан |
Баланың өлі туғаны туралы анықтама № _____
Азамат (ша) __________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)
"_____" _____________ ______________________________________ өлі туылды
(күні) (айы) (жылы)
бұл туралы туу туралы актілерді тіркеу кітабында
______________ __________________ "______"
(жыл) (ай) (күні)
№ жазба жасалды_____________________________________________________
ЖСН_________________________________________________________________
Баланың туу туралы куәлігі берілмеген.
Ата-аналары:
Әкесі ________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)
Анасы _______________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)
Туған жері ___________________________________________________________
(ауыл, аудан, қала, облыс)
Тіркеу орны _________________________________________________________
(тіркеуші органның атауы)
Берілген орны _______________________________________________________
(тіркеуші органның атауы)
М. О. Тіркеуші органның лауазымды тұлғасы
|
|
Азаматтық хал актілерін |
|
|
Нысан |
|
|
Бекітілген |
Бір жасқа толған және одан асқан баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы қорытынды
______________________________________________________ тіркеуші органы
(аудан (қала), облыс атауы)
Бір жасқа толған және одан асқан баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы
____________________________________________________________________
(өтініш берушінің аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда
көрсетілсе), тегі),
______________________________________________ азаматтың өтінішін қарап
____________________________________________________________________
(баланың тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе)
_____________________________________________________________ туылған
(туылған күні)
____________________________________________________________________
(туылған жері: ауыл, аудан, қала, облыс)
Белгіленген мерзімін бұзу себебі ________________________________________
Өтініш беруші туу туралы медициналық куәлікті берумен туу туралы фактіні растады
_____________________________________________________________
(медициналық мекеменің атауы)
Өтінішке қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Өтініш беруші тапсырған құжаттардың негізінде:
Анықталды:
Азамат(ша) __________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)
______________________________________________________________ туылған
(туылған күні)
____________________________________________________________________
(туылған жері, қала, ауыл, аудан, облыс, өңір, республика)
______________________________________________________________ тұрады
(тұрақты мекен-жайы)
Баланың ата-анасы:
Әкесі _______________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)
Анасы ______________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)
"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы
Кодексінің 190-бабына сәйкес
Ұйғардым:
____________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)
қатысты тууын _______________________________________________________
(тіркеуші органның атауы)
_______________________________________ тіркеуші органында тіркеу мүмкін.
Тіркеуші орган лауазымды тұлғасы
_____________________________________________________ _______________
(аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі) (қолы)
|
|
Азаматтық хал актілерін |
|
|
Нысан |
|
|
____________________________ |
Әке (ана) болуды белгілеу туралы Өтініш
Әкесімен толтырылады:
Мен өзімді, __________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)
азаматшада __________________________________________________________
(анасының аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)
20____жылғы "____"___________________________________________ туылған
баланың әкесімін деп растаймын _______________________________________
(баланың аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)
Анасымен толтырылады:
Мен ________________________________________________________ баланың
(баланың аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)
анасы _______________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)
азамат ______________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)
_________________________________ менің баламның әкесі екенін растаймын.
Әке болуды белгілеуді баланың әкесінің атын әкесінің аты бойынша
жазып тіркеуді сұраймыз _______________________________________________
тегін беруді ___________________________________________________________
Сонымен бірге баланың тууы туралы акт жазуында әке туралы мәліметті енгізуді
және ананың некеге дейінгі тегін түзетуді сұраймыз.
_____________________________________________________________________
Баланың әкесімен неке қию барысында қабылдаған _________________________
________________________________________________ тегіне ауыстыруыңызды
(бала әкесімен некелі (ерлі-зайыптылықты) жағдайда анасы толтырады)
Туу 20____жылғы "____"_______________
____________________________________________________________ тіркелген
(тіркеуші орган атауы)
Акт жазуының нөмірі __________________________________________________
Анасы туралы мәлімет:
Аты __________________ Әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда
көрсетілсе) ___________________________________________________________
Тегі _________________________________________________________________
Туған күні 20____жылғы "____"_________________________________________
Ұлты ________________________________________________________________
Жасы ________________________________________________________________
Азаматтығы __________________________________________________________
Білімі ________________________________________________________________
Жұмыс орны және лауазымы ____________________________________________
Отбасылық жағдайы ___________________________________________________
Некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу күні мен орны__________________________
Неке (ерлі-зайыптылық) туралы акт жазуының нөмірі _______________________
Заңды мекенжайы _____________________________________________________
Әкесі туралы мәлімет:

Өтінішке қосымша тапсырамыз:
___________________________
___________________________
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 491-бабына сәйкес жалған мәліметтерді хабарлағаны үшін әкімшілік жаза қолданылатыны туралы ескертілді.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Әкесі ________________ (қолы)
Анасы _______________ (қолы)
20____жылғы "____"_______________
____________________________________________________________________
(өтінішті қабылдаған лауазымды адамның аты, әкесінің аты
(егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)
журнал бойынша № ____
-----------------------------------------------------------------------------------------------------
жырту сызығы-ЖАО үшін
"____" __________ 20__ тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер,
толықтырулар енгізу үшін өтініш қарауға қабылданды.
Қарау нәтижелері хабарланады "___" __________ 20__ жыл
Маман ______________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)
|
|
Азаматтық хал актілерін |
|
|
Нысан |
|
|
____________________________ |
Өзін баланың әкесімін деп танитын адамның өтініші бойынша әке болуды белгілеу туралы Өтініш
Мен, __________________________________________________________ өзімді
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе)
азаматша ____________________________________________________________
(анасының тегі, аты, әкесінің аты(жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе)
20___ жылы "___" ______________ туған баласы __________________________
(баланың тегі, аты, әкесінің аты) (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе)
әкесімін деп танимын.
Баланың әкесінің атын менің есімім _____________________________ бойынша
тегін __________________________ көрсетіп, туу туралы акт жазбаға өзгерістер,
толықтырулар енгізуді сұраймын.
Бір мезгілде баланың туу туралы акт жазбасында анасының некеге дейінгі тегін
________________________ баланың әкесімен некеге тұрған кезде қабылдаған
тегіне ___________________________ өзгертуді және баланың туу туралы жаңа
куәлігін беруді сұраймын, туу ___________________________________________
(тіркеуші органның атауы)
20___ жылғы "___" __________ тіркелген.
Акт жазбасының нөмірі _______________________________________________
Анасы мен әкесі туралы мәліметтер:
|
№ |
Қажетті мәліметтер |
Әкесі |
Анасы |
|
1 |
Туған күні |
__ жылғы "___" ________ |
__ жылғы "___" _________ |
|
2 |
Ұлты |
|
|
|
3 |
Азаматтығы |
|
|
|
4 |
Тұрғылықты тұратын жері |
қала __________________ |
қала ___________________ |
|
5 |
Қай жылдан бастап |
|
|
|
6 |
Қайда және кім болып жұмыс істейді |
|
|
|
7 |
Білімі |
|
|
|
8 |
Жеке басты куәландыратын құжаты (сериясы, нөмірі, қашан және кім берген) |
|
|
Анасының болмауының мән-жайларын растайтын құжаттың атауы (анасының қайтыс
болуы туралы куәлік туралы; оны қайтыс болды деп жариялау туралы, анасының хабар-
ошарсыз кеткен немесе әрекетке қабілетсіз деп тану туралы, анасын ата-ана
құқықтарынан айыру не шектеу туралы сот шешімі туралы мәліметтер), анасының
тұрғылықты жерін анықтау мүмкін еместігі туралы мәліметтер
__________________________________________________________
(қашан және қандай орган берген, нөмірі мен берілген күні)
Өтінішке қоса береміз:
1) егер ата-анасы Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге отырса
(ерлі-зайыпты болса), неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәліктің көшірмесі;
2) егер баланың анасы Қазақстан Республикасынан тыс жерде қайтыс болса, анасының
қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі;
3) анасының тұрғылықты жерін анықтау мүмкін еместігі туралы анықтама (бар болса).
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің
491-бабына сәйкес жалған мәліметтерді хабарлағаны үшін әкімшілік жаза
қолданылатыны туралы ескертілді.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін.
Әкесі ________________ (қолы)
20____жылғы "____"_______________
____________________________________________________________________
(өтінішті қабылдаған лауазымды адамның аты, әкесінің аты (егер жеке басын
куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)
журнал бойынша № ____
-------------------------------------------------------------------------------------------------------
жырту сызығы-ЖАО үшін
"___" ___________ 20___ қарауға қабылданды ____________________________
Мемлекеттік қызметті алушылардың Т.А.Ә. (егер жеке басын куәландыратын
құжаттарда көрсетілсе) ________________________________________________
____________________________________________________________________
Туу туралы куәлікті алу үшін келу:.
"___" __________ 20__ жыл
Құжатты қабылдаған маман ____________________________________________
(аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)
|
|
Азаматтық хал актілерін |
|
|
Нысан |
|
|
____________________________ |
Сот шешімі бойынша әке болуды анықтау туралы өтініш
_____________________________________________________________ сотының
20__жылғы "___" ___________№ _________________________шешімі негізінде
азамат ______________________________________________________________
азаматша ____________________________________________________________
(анасының тегі, аты, әкесінің аты(жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе)
____________ жылы "___" туған баласы _________________________________
(анасының тегі бойынша баланың тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын
құжаттарда көрсетілсе)
____________________________________________________________________
әкесі болып танылды.
Баланың әкесінің атын _____________________ әкесінің аты бойынша көрсетіп, ________________ тегін беріп туу туралы акт жазбаға өзгерістер, толықтырулар енгізуді сұраймыз.
Баланың тууы ________ж. "___" _____________ тіркеуші органда № __________
жазбамен тіркелген.
Мынадай мәліметтерді хабарлаймын:
|
№ |
Қажетті мәліметтер |
Әкесі |
Анасы |
|
1. |
Туған күні |
|
|
|
2. |
Ұлты |
|
|
|
3. |
Тұрғылықты тұратын жері |
|
|
|
4. |
Қайда және кім болып жұмыс істеді |
|
|
|
5. |
Білімі |
|
|
|
6. |
Жеке басты куәландыратын құжат (№, қашан және кім берген) |
|
|
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің
491-бабына сәйкес жалған мәліметтерді хабарлағаны үшін әкімшілік жаза
қолданылатыны туралы ескертілді.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін.
Қызметті алуышының қолы __________ 20____жылғы "____"_______________
(қолы)
____________________________________________________________________
(өтінішті қабылдаған лауазымды адамның аты, әкесінің аты (егер жеке басын
куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)
журнал бойынша № ____
-------------------------------------------------------------------------------------------------------
жырту сызығы-ЖАО үшін
"___" _________ 20___қарауға қабылданды _______________________________
Мемлекеттік қызметті алушылардың Т.А.Ә. (егер жеке басын куәландыратын
құжаттарда көрсетілсе) ________________________________________________
____________________________________________________________________
Туу туралы куәлікті алу үшін келу:.
"___" __________ 20__ жыл
Құжатты қабылдаған маман _____________________________________________
(аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)
|
|
Азаматтық хал актілерін |
|
|
Нысан |
№_______туу туралы анықтама
Азамат (ша) __________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)
"_____" _____________ __________________________________________ туған
(күні) (айы) (жылы)
бұл жөнінде туу туралы актілерді тіркеу кітабында
________________________ _____________ "_______"
(жылы) (айы) (күні)
№ жазу жазылды.
ЖСН_________________________________________________________________
Ата-анасы:
Әкесі _______________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)
Анасы ______________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)
Туған жері ___________________________________________________________
(ауыл, аудан, қала, облыс)
Тіркелген жері _______________________________________________________
(тіркеуші органы атауы)
"Қазақстан Республикасы Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексінің
192 бабының 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әкесі туралы мәліметтер
анасының өтініші бойынша жазылған.
Берген жері __________________________________________________________
(тіркеуші органы атауы)
М.О. Тіркеуші органның лауазымды тұлғасы
|
|
Азаматтық хал актілерін |
|
|
Нысан |
|
|
____________________________ |
Ұл (қыз) бала асырап алу туралы Өтініш
Азамат ______________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)
Азаматша ____________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)
Неке (ерлі-зайыптылық) тіркеген күні мен орны ___________________________
Бала туралы мәліметті көрсете отырып, баланы асырап алуға байланысты баланың туу
туралы актілік жазбасын мемлекеттік тіркеуді жүргізуді сұраймыз
(сұраймын):
__________________________________________________________
(баланың асырап алғаннан кейінгі аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын
құжаттарда көрсетілсе), тегі)
____________________________________________________________________
(туылған күні, туған жері (сот шешімінде көрсетілген болса))
Баланың сауалнамалық деректерін өзгертпестен, баланың туу туралы акт жазбасына
өзгерістер, толықтырулар енгізуді сұраймыз (сұраймын)
(бұл туралы сот шешімінде көрсеткен кезде астын сызу керек))
Баланың тууы тіркелді _________________________________________________
(тіркеуші органның атауы)
"_____" __________ 20__ жыл сайын № _______________.
_______________________________________________________ балаға қатысты
(аты, әкесінің аты(егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе),
бала асырап алғанға дейінгі баланың тегі)
____________ Республика___________ облысы ____________ауданының (қала)
№_______________ ____________жылғы бала асырап алу туралы заңды күшіне
енген сот шешімі тіркеуші органға табыс етілді.
Баланың туған күні"____" ____________ 20 __ жыл
Баланың туған жері ___________________________________________________
Сонымен қатар ата-аналары туралы мәліметтерді енгізуді (егер сот шешімінде
көрсетілсе, астын сызу) және туу туралы жаңа куәлік беруді сұраймыз.
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің
491-бабына сәйкес жалған мәліметтерді хабарлағаны үшін әкімшілік жаза
қолданылатыны туралы ескертілді.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін.
Арыз берушілердің қолы __________ ________20____жылғы "____"__________
____________________________________________________________________
(өтінішті қабылдаған лауазымды адамның аты, әкесінің аты (егер жеке басын
куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)
журнал бойынша № ____
-------------------------------------------------------------------------------------------------------
жырту сызығы-ЖАО үшін
"___" _________ 20 жылы бала асырап алу туралы өтініш қарауға қабылданды.
Қарау нәтижелері хабарланады "____" ___________ 20__ жыл
Маман ______________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)