"Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

"Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 64 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 28 мамырда № 20757 болып тіркелді

       "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 180-6абы 2-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. "Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 10764 болып тіркелді, 2015 жылғы 20 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтыраулар енгізілсін:

       көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы әділет вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің міндетін атқарушы

Н. Пан

       "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      2020 жылғы "__" _____________________

 

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2020 жылғы 28 мамырдағы
№ 64 бұйрығына
1 қосымша

 Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидалары

 1-Тарау. Жалпы ереже

  1. Осы Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жоюды ұйымдастыру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс), Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі - Заң), "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы", "Ақпараттандыру туралы", "Дербес деректер және оларды қорғау туралы", "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының неке заңнамасы саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.

      Қағида тіркеуші органдардың тууды, қайтыс болуды, неке қиюды (ерлі-зайыптылықты), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды, атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар енгізу, оның ішінде әке (ана) болуды белгілеу, ұл (қыз) бала асырап алу кезінде, түзетулер енгізу, азаматтық хал актілерін жою және қалпына келтіру, сондай-ақ қайталама куәліктер, анықтамалар мен азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы актілік жазбалардың көшірмелерін беруді Қазақстан Республикасы аумағында ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

  1. Қағидада келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) тіркеуші орган - азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган;

      2) "АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - АХАЖ АЖ) - азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуге, сондай-ақ жеке тұлғалардың жеке деректерін құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық нысанда өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу, күшін жою және қалпына келтіруге арналған ақпараттық жүйе;

      3) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) - жеке тұлға, соның iшiнде өзiндiк кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;

      4) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      5) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;

      6) мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - "Мониторинг" ИАЖ) – мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету процесін автоматтандыруға және мониторингтеуге арналған ақпараттық жүйе;

      7) проактивті көрсетілетін қызмет – қызмет көрсету субъектісінің бастамасы бойынша берілетін, қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алу субъектісінің ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы берілген келісімі міндетті түрде қажет болатын, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет;

      8) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы – абонент берген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және ұялы байланыс операторының желісіне қосылатын, қызмет көрсетілетін аумағы шеңберінде географиялық тұрғыдан айқындалатын тұрақты орналасқан жері жоқ, ұялы байланыс желілерінде жұмыс істейтін жеке-дара пайдаланылатын байланыс құралы;

      9) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      10) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) - электрондық түрде көрсетілетін ақылы қызметтерді ұсыну шеңберіндегі төлемдер туралы ақпаратты беру процестерін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;

      11) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңбамен құрылған және электрондық құжаттың түпнұсқалығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

  1. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органдар электронды түрде АХАЖ АЖ арқылы жүргізеді.

       Кент, ауыл, ауылдық округ тұрғындарының азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастыруды Кодекстің 179-бабына сәйкес қаладағы, облыстық маңызы бар қаладағы аудандардың жергілікті атқарушы органдары, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері жүзеге асырады.

      Электронды ақпараттық қорларды және ақпараттық жүйелерді қорғау және құпиялылықты сақтау мақсатында тіркеуші органдарға АХАЖ АЖ-на қол жеткізуін ақпараттық жүйелердің меншіктенушілері және иелері қолдану құқығын беру туралы тиісті өтінімдерді келісуі арқылы ұсынады.

      Облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың) аумақтық әділет органдары, тіркеуші органдар құзыреті шегінде жеке тұлғалар туралы Мемлекеттік деректер қорының орталық серверінде орналасқан актілік жазбалардың электронды нұсқасын пайдаланады.

  1. Тіркеуші органдар мынадай іс-қимылдарды жасайды:

      1) тууды, қайтыс болуды, неке (ерлі-зайыптылықты) қию және бұзуды, атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеуді жүргізеді;

      2) азаматтық хал актілері жазбаларын өзгертеді, толықтырады, оның ішінде әке (ана) болуды белгілеу, ұл (қыз) бала асырап алу кезінде, түзетеді, жазбаларды қалпына келтіреді және жояды;

      3) бастапқы және қайталама куәлiктерді, анықтамаларды, азаматтық хал актiлерiнiң көшiрмелерiн бередi;

      4) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу кітаптарының және куәлік бланкілерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

  1. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар, түзетулер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар беру саласындағы мемлекеттік қызметтер жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты немесе уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты азаматтық хал актiлерiн мемлекеттік тiркеуді Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері жүргізеді және олар жасаған акт жазбалары Қазақстан Республикасының астана әкімдігінің тіркеуші органына жіберіледі.

      Егер мүдделі тұлғалар Қазақстан Республикасының азаматтары болса, Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданылады.

  1. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органдар құжат иесінің жеке басын анықтайтын құжаты, тиісті құқықтық мәртебесі бойынша жасайды.

      Иесінің жеке басын белгілейтін құжаты құқықтық мәртебесіне сәйкес келмесе, ол жарамсыз болып табылады және ол Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына тапсырылуы және ауыстырылуы тиіс.

       Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басты куәландыратын құжат "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Заңның 6-бабының 1-тармағына сәйкес ұсынылады.

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын ұсынады.

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының белгісі бар куәлікті ұсынады.

      Шетелдік азамат немесе Қазақстан Республикасында уақытша тұратын азаматтығы жоқ адам, оның құзыретті органдары, шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адамның тұрақты тұрғылықты жері бар азаматтың жеке басын куәландыратын құжатты және олардың мәтінінің нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасын ұсынады.

  1. Шет мемлекеттердің құзыретті органдары Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде азаматтық хал актілерінің орындалуын растайтын, Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қатысты тиісті мемлекеттердің заңнамасына сәйкес, егер олар Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе, консулдық заңдастыру немесе арнайы мөр (апостиль) болған кезде, Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.

      Сондай-ақ, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тиісті шет мемлекеттің тілінде шығарылған құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аударылуға жатады.

      Шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын және Қазақстан Республикасынан тыс жерде шығарылған басқа да растайтын құжаттардың мәтінінің аудармасының дәлдігі нотариалды куәландырылуы, дипломатиялық өкілдікте, консулдық мекемеде, шетелдік азамат азаматы болып табылатын немесе азаматтығы жоқ тұлғаның тұрақты тұратын мемлекетінің сыртқы саясат ведомствосында куәландырылуы мүмкін.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келіседі.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар, туу немесе қайтыс болу туралы медициналық куәліктер, Қазақстан Республикасы сотының шешімдері, үкімдері мен қаулылары, мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар, Қазақстан Республикасында тіркелген азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері және тіркеуші органдардың қызметкерлері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы алады.

      Егер ақпараттық жүйелерде тиісті ақпарат болмаса, Мемлекеттік корпорацияның немесе тіркеуші органның қызметкері құжаттардың электрондық/қағаз көшірмелерін түсіреді, содан кейін ауыстыруға немесе жоюға жататын азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді қоспағанда, түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

      Қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттар мен ақпаратты сұратуға жол берілмейді.

      Өкіл арқылы ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші негізінде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды, тегін, атын, әкесінің атын ауыстыруды тіркеуге және баланың ата-анасының бірлескен өтініші негізінде әке болуды анықтау кезінде тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

  1. Мемлекеттік корпорация арқылы қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініштер мен құжаттар келіп түскен күні мемлекеттік қызметтер көрсету мерзіміне кірмейді.

       Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүгінген кезде өтініштер қабылданады және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері келесі жұмыс күні шығарылады.

  1. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету сатысында ИАЖ "Мониторинг" ақпаратты енгізуді қамтамасыз етеді.
  2. Ақпараттық жүйенің ақаулығы туындаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ЖАО және әділет департаментінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкеріне дереу хабарлайды.

      Бұл жағдайда ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкерлер ақпараттық жүйенің істен шығу себебін анықтау бойынша шаралар қолданады және 1 (бір) жұмыс күні ішінде техникалық ақаулық туралы хаттама (акт) жасайды және оны көрсетілетін қызметті берушіге қол қоюға береді.

  1. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде, егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету стандартының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес жиынтығын және/немесе мерзімі өткен құжаттарды ұсынса Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Құжаттар пакетін толық ұсынғаннан кейін мемлекеттік қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға берген кезде – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдайды, тексереді, қабылданған құжаттар курьерлік байланыс арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі.

  1. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды алған күні өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды қабылдайды, толтырудың дұрыстығын тексереді, сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініштердің тізілімінде (бұдан әрі - журнал) тіркеуді жүзеге асырады.

      Журналды тек электронды түрде жүргізуге рұқсат етіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы тиісті құжаттарды қабылдау туралы өтініштің жырту талонын береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды порталда ұсынған кезде "жеке кабинетке" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қолы қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру күнін тағайындау туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап түрінде электрондық құжат нысанында жолдайды.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, анық емес мәліметтер болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша дәлелді бас тарту түрінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту, тіркеуші органның басшысы немесе оның міндеттерін атқаратын тұлғаның қолы қойылған, бас тартудың негізі көрсетілген жеке хатпен ресімделеді.

  1. Егер ұсынылған құжаттар мен өтініште көрсетілген мәліметтер қолданыстағы заңнамаға сәйкес келсе, көрсетілетін қызметті беруші азаматтық хал акт жазбасын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады, азаматтық хал акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар, өзгерістер енгізеді, күшін жояды немесе қалпына келтіреді, азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, қайталама куәлікті немесе анықтаманы жазады.

      Азаматтық хал акт жазбасы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін АХАТ ТП тиісті тіркеу актісі екі данада басып шығарылады және азаматтық хал акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік жасалады. Акт жазбаларына және азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке тіркеуші органның басшысы немесе оның міндеттерін атқаратын тұлға қол қояды.

  1. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілген мәліметтер осы Қағидаларға 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Куәліктер беру" журналына (бұдан әрі - шығындар журналы) енгізіледі, содан кейін куәлік көрсетілетін қызметті алушыға беріледі немесе Мемлекеттік корпорацияға жіберіледі.
  2. Порталға жүгінген кезде азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы анықтама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап түрінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.

      Сондай-ақ, порталға жүгінген кезде азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік түріндегі мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы өтініште көрсетілген Мемлекеттік корпорацияға жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, анықтама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап түрінде көрсетілетін қызметті алушыға береді немесе Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      Неке (ерлі-зайыптылықты) қию, ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші негізінде неке (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы алғашқы рет берілетін куәлік, баланың ата-анасының бірлескен өтініші негізінде әкелік (аналық) анықталғаннан кейін берілетін алғашқы немесе қайталама туу туралы куәлікті қоспағанда, азаматтық хал актілерін мемлекеттік туралы куәліктер мен анықтамалар мемлекеттік қызметті алушының қалауы бойынша өтінішінде көрсетілген тұрғылықты жеріне пошта байланысы арқылы жолданады.

  1. Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде, жеке куәлік (немесе өкілдің тиісті өкілеттіктерін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін оның өкілі) ұсынылғаннан кейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация құжаттарды 1 (бір) айда сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды әрі қарай сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) айдан кейін жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның өтініші бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға жеткізу үшін 1 (бір) жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

5-тарау Атын, әкесінің атын және тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу тәртібі

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай – ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес "Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Т.А.Ә. ауыстыру туралы стандарт) келтірілген.
  2. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу үшін өтініш беруші кез келген тіркеуші органға, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО-на, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне немесе Мемлекеттік корпорацияға қалауы бойынша жазбаша нысанда не портал арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес Т.А.Ә. ауыстыру туралы стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса отырып, атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтініш береді.
  3. Егер азаматтық хал акт жазбасы жоғалған жағдайда, онда атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу Кодексте белгіленген тәртіппен ол қалпына келтірілгеннен кейін ғана жүргізіледі.
  4. Егер атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтінішпен бір мезгілде ұсынылған құжаттарда және азаматтық хал акт жазбаларының көшірмелерінде мәліметтер сәйкес келмеген жағдайда, мұндай сәйкессіздіктер Кодексте белгіленген тәртіппен жойылады.
  5. Көрсетілетін қызметті алушының сауалнамалық деректері азаматтық хал акт жазбасында көрсетілген мәліметтермен сәйкес келмеген не АХАЖ АЖ-да азаматтық хал акт жазбасы болмаған кезде атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеуге жол берілмейді.

      Мұндай жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы азаматтық хал акт жазбасын қалпына келтіру, өзгерістер, толықтырулар немесе түзетулер енгізу туралы тиісті өтінішпен жүгінеді.

  1. Азаматтық хал актісі Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тіркелген жағдайда тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы мәселені дұрыс шешу және өзгерістер, түзетулер мен толықтырулар енгізу үшін азаматтық хал акт жазбаларының көшірмелерін талап ету қажет.
  2. Ұсынылған құжаттардың, сондай-ақ тексеру нәтижелерінің негізінде өтінішті қабылдаған тіркеуші орган атын, әкесінің атын, тегін ауыстырудың негізділігі баяндалатын көрсетілген Қағидаларға 23-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды жасайды.
  3. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы қорытынды бір данада жасалады, тіркеуші органның елтаңбалы мөрімен және лауазымды адамының қолымен бекітіледі.
  4. Қорытынды бекітілгеннен кейін тіркеуші органның лауазымды тұлғасы атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды АХАЖ АЖ-да мемлекеттік тіркеуді жүргізеді және атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәлік береді.
  5. Тіркеуші орган атын, тегін, әкесінің атын ауыстыру туралы акт жазбасын тіркегеннен кейін АХАЖ АЖ-ға туу туралы акт жазбасына (қажет болған жағдайда) тиісті өзгерістер енгізеді, туу туралы куәлікті қалыптастырады және атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруға байланысты өзгерістер енгізу үшін туу туралы акт жазбасының орналасқан жері бойынша тіркеуші органға (бірінші (қажет болған жағдайда) және/немесе екінші данасына) хабарлама жібереді.
  6. Туу туралы акт жазбасына өзгерістер енгізу хабарлама түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жүргізіледі.
  7. Көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша тіркеуші орган осы Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініштерді қабылдайды, неке (ерлі-зайыптылықты) қию, бұзу, кәмелет жасқа толмаған балалардың туу туралы акт жазбаларына тиісті өзгерістер енгізеді, тиісті куәліктерді қалыптастырады және атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруға байланысты өзгерістер енгізу үшін акт жазбаларының орналасқан жері бойынша тіркеуші органға (бірінші (қажет болған жағдайда) және/немесе екінші данасына) хабарлама жібереді.

      Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркегеннен және растайтын құжаттарды (атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәлік, туу туралы акт жазбасына өзгерістер енгізілген жағдайда - туу туралы куәлік) алғаннан кейін азамат бір ай мерзімінде жеке басын куәландыратын құжаттарды ауыстыруы қажет.

12-тарау. Акт кітаптарын және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік бланкілерін сақтау

  1. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу акті нысандары азаматтық хал актілерінің бөлек кітаптары болып тігіледі. Кітаптың соңында жазбаша парақ саны көрсетіледі, кітаптар тігіліп және тіркеуші органның мөрімен бекітіледі.
  2. Тіркелген азаматтық хал актілері кітаптары азаматтық хал акті жазбаларының бірінші және екінші даналарынан тұрады.

      Акт жазбалардың бірінші және екінші даналары бірге толтырылып, бірдей реттік нөмірмен нөмірленеді.

      Азаматтық хал акт жазбалары бірінші нөмірден басталады, жыл бойы бірінші қаңтардан отыз бірінші желтоқсанға дейін (қоса алғанда) - дәйектілікпен жүргізіледі. Азаматтық хал акт жазбасының әрбір түрі бойынша бөлек нөмірлеу жүргізіледі.

      Бастапқы тіркеу орны бойынша акт кітаптары жетпіс бес жыл бойы сақталады, содан кейін тиісті мемлекеттік мұрағатқа беріледі. Екінші даналардың акт кітаптары АХАЖ АЖ-да бар екендігі расталғаннан кейін белгіленген мерзім өткеннен кейін жойылуға жатады.

      Азаматтық хал акт жазбасының барлық бағандары қысқартусыз (көпшілік мақұлдағаннан басқасы) толық жауаптармен толтырылады, бөлек сөздерді (анкеталық деректер) тастап кету немесе оларды қысқартуға жол берілмейді.

      Егер сұраққа теріс жауап қайтарылатын болса, бағандар "жоқ" сөзімен толтырылуы тиіс.

      Есімі, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі тапсырылған құжатқа сәйкес толық толтырылады.

  1. Тұлғаның ұлты жеке басын куәландыратын құжат бойынша көрсетіледі. Шетел азаматының азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде ұлттан басқа өзі азаматы болып табылатын мемлекеттің атауы, сондай-ақ оның азаматтығы көрсетіледі.
  2. Азаматтық хал актісі жазбасына актіні тіркеген лауазымды тұлға қол қояды және тіркеуші органның мөрімен бекітіледі.

      Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді растау үшін өтініш берушіге тиісті куәлік немесе азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы анықтама беріледі.

      Азаматтық хал актісі жазбасын тіркеу кезінде азаматтық хал актісі жазбасы жасалатын тілді білмейтін азаматқа жазба мәтінін оның аудармашысы аударады, бұл "белгілер үшін" бағанында белгіленеді.

      Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу сауатсыз мылқау немесе саңырау, саңырау-мылқауға қатысты жасалса, оған қатысты азаматтық хал актілерін азаматқа түсіндіре алатын адамның қатысуымен жасалуы мүмкін. "Белгілер үшін" бағанында осы фактіні куәландыратын адам туралы, сондай-ақ акт жазбасының мазмұны мылқау немесе саңырау, саңырау-мылқаудың еркіне сай келетіні туралы белгі қойылады.

      Соқыр азаматқа азаматтық хал актісі жазбасын жасау кезінде азаматтық хал актісі жазбасының мәтінін акт жазбасын жасайтын тіркеуші органның лауазымды тұлғасы оқиды, бұл азаматтық хал акт жазбасының "белгілер үшін" бағанында белгіленеді.

  1. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бланкілері жанбайтын шкафтарда немесе темір жәшіктерде сақталады.

      Жұмыс істемейтін уақытта куәлік бланкілері бар жанбайтын шкафтар, темір жәшіктер мөрленеді. Бланкілерге бланкілерді сақтауға жауапты тұлғалар қол жеткізе алады.

  1. Куәліктердің бланкілерін жоғалтқан немесе ұрланған жағдайда оларды сақтауға жауапты тұлғалар бланкілердің жоғалғанын немесе ұрланғанын байқап, сол күні бұл туралы жоғалған немесе ұрланған бланкілерді іздестіру шараларын қолдану үшін аумақтық әділет органына және облыс, республикалық маңызы бар қала әкімдігіне, сондай-ақ ішкі істер органдарына хабарлайды.
  2. Тіркеуші орган азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік бланкілерінің жоғалған немесе ұрланған әрбір жағдайы туралы олардың түрлері мен нөмірлерін көрсете отырып хабарлайды. Бұл хабарлама Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберіледі.
  3. Куәліктердің бланкілерін жоғалтудың немесе ұрлаудың әрбір жағдайы бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала әкімдігі жоғалуға ықпал ететін себептерді жою үшін қызметтік тексеру жүргізуі қажет.
  4. Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктердің бланкілерін қабылдауды оларды дайындаған органның жүкқұжатына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың аумақтық әділет органы жүргізеді.
  5. Ақаулы бланкілер (қорғаныш торының, баспа мәтінінің болмауы немесе зақымдануы, қайталанған нөмірлердің болуы және т.б.), куәлік бланкілерінің нөмірлері жетіспеген немесе сәйкес келмеген жағдайда екі данада акт жасалады.
  6. Жоюға жатады:

      1) азаматтық хал актілері жазбаларына түзетулер, өзгертілер мен толықтырулар енгізуге байланысты, сондай-ақ жазбаның күшін жоюға байланысты ауыстыру үшін тапсырылған куәліктер;

      2) жарамсыз болған, орнына қайталама куәліктер берілген куәліктер;

      3) табылған куәліктер;

      4) басқа тіркеуші органдардан жіберілген және азаматтар бір жыл ішінде алмаған қайталама куәліктер;

      5) толтыру кезінде бүлінген куәліктердің бланкілері.

  1. Аталған куәліктерді жою аумақтық әділет органдарымен бірлесіп тіркеуші органдарда жою актісін жасай отырып, жыл сайын өртеу жолымен жүргізіледі.

 13-тарау. Әділет органдарымен тіркеуші органдарға бақылауды қамтамасыз ету тәртібі

  1. Өкілеттіктер шеңберінде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың) аумақтық әділет органының басшысы:

      АХАЖ АЖ-да азаматтық хал актілерін тіркеу туралы енгізілген мәліметтердің сапасын бақылайды;

      азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын тіркеуші органдарға барып және бармай профилактикалық бақылау жүргізеді;

      Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасының талаптарын сақтау бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;

      азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік бланкілерін дайындауға жиынтық өтінім әзірлеуді қамтамасыз етеді.

  1. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу кезінде заңнаманың бұзылуы анықталған жағдайда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың аумақтық әділет органы тиісті тіркеуші органдарға азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу кезінде анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы және қолданыстағы заңнамада көзделген мерзімде лауазымды адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы нұсқама енгізеді.

 14-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

       "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2) тармақшасына сәйкес тікелей мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

 

Азаматтық хал актілерін
мемлекеттік тіркеу, азаматтық
хал актілері жазбаларына
өзгерістер енгізу, қалпына
келтіру, жоюды ұйымдастыру
Қағидаларына
21-Қосымша

"Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

1

 Қызмет берушінің атауы

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (әрі қарай – мемлекеттік қызметті көрсетуші)

 

2

 Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (кіру арналары)

1) мемлекеттік қызметті көрсетуші арқылы;
2) қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;
3) Мемлекеттік корпорация арқылы;
4) портал арқылы жүзеге асырылады.

 

3

Мемлекеттік қызметтік көрсету мерзімі

көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға - 5 (бес) жұмыс күні;
азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу - 5 (бес) жұмыс күні;
АХАЖ АЖ-де актілік жазба болмаған кезде қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады (Мемлекеттік корпорация арқылы түскен өтінішті қарау мерзімі ұзартылған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды);
портал арқылы берген кезде - өтінішті қабылдауды растау және атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу күнін белгілеу туралы хабарлама 1 (бір) жұмыс күні ішінде жеке кабинетке жіберіледі;
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут.
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

 

4

Мемлекеттік қызметтік көрсету нысаны

Электронды/қағаз түрінде

 

5

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі

1) атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәлік, туу туралы куәлік (туу туралы акт жазбасына өзгерістер енгізілген жағдайда), енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы қайталама куәлік; ;
2) мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде, портал арқылы өтініш берген кезде атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы анықтама немесе дәлелді бас тарту электрондық түрде жіберіледі.

 

6

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, мемлекеттік қызмет алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алынатын төлем мөлшері

1) атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу үшін - 2 АЕК;
2) атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы акт жазбасын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтіруге байланысты куәлік бергені үшін - 0,5 АЕК.
Азаматтық хал актiлерiн тiркеген кезде мыналар растайтын құжаттарын көрсеткен кезде мемлекеттiк баж төлеуден босатылады:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің, мүгедек баланың ата-анасының бірі, қорғаншылар (қамқоршылар), мемлекеттiк ұйымдар - туу туралы куәлiктер тiркелгенi және қайтадан берілгенi үшін;
2) жеке тұлғалар - азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге байланысты азаматтық хал актілерінің жазбалары өзгертілген, толықтырылған, қалпына келтірілген және түзетiлген кезде өздеріне куәлiктер берілгенi үшiн.

 

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) Мемлекеттік корпорация – еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібімен жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады;
3) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

 

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;;
2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде берілген азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер;
4) көрсетілетін қызметті алушының 3*4 см көлеміндегі екі фотосуреті. ;
5) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат;
6) қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды сұраған себептерді растайтын қосымша құжаттарды талап етеді.
Порталға жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған немесе ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған электрондық өтініш;
2) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер.
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуге байланысты айырбасталуға жататын азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы, куәліктің түпнұсқасы жоғалған жағдайда оның жоғалғаны туралы және азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтерді көрсету;
4) азаматтық хал актісі жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін негіз болуын растайтын құжат;
5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.

 

9

 Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздемелері

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталса;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер белгіленуі мүмкін.

 

10

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар, оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы және электрондық нысанда

Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану, қабілетін толық немесе ішінара жоғалту мүмкіндігі бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш жасау арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

 

 

Азаматтық хал актілерін
мемлекеттік тіркеу, азаматтық
хал актілері жазбаларына
өзгерістер енгізу, қалпына
келтіру, жоюды ұйымдастыру
Қағидаларына
22-Қосымша

 

____________________________
(тіркеуші орган атауы)
____________________________
(өтініш берушінің аты, әкесінің
аты (жеке басын куәландыратын
құжаттарда көрсетілсе), тегі)
мекен-жайы:
____________________________
Тел. №
_______________________
№жеке басын куәландыратын
құжат
_______________________
____________________________
(нөмірі, кіммен, қашан берілген)
ЖСН_______________________

         

 Тегін, атын, әкесінің атын (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе) өзгертуді мемлекеттік тіркеу туралы (керегінің астын сызу)  Өтініш

       Менің _______________________________________________________________

                        (қандай өзгертулер енгізу керектігін көрсету)

       __________________________________________________________байланысты

       (таңдалған аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе),

      тегі) (аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе),

       ________________________________________________ өзгертуіңізді сұраймын.

      тегі өзгеру себебі)

       Өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын:

  1. Аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі

       ____________________________________________________________________

  1. Туылған күні _______________________________________________________
  2. Туылған жері_______________________________________________________
  3. Ұлты ______________________________________________________________
  4. Азаматтығы ________________________________________________________
  5. Отбасылық жағдайы ________________________________________________
  6. Кәмелетке толмаған балаларының аты, әкесінің аты (жеке басын

       куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі және туылған жерлері ___________

       ____________________________________________________________________

  1. Жеке басын куәландыратын құжат ____________________________________
  2. Жұмысы туралы деректер ___________________________________________
  3. Әскери міндетке қатысы: әскери міндетті немесе әскери міндетті жоқ

       (керек астын сызып қою)

       а) қайда тіркеуде тұр __________________________________________________

       б) қызмет атқаратын әскери бөлімшенің атауы ____________________________

       _____________________________________________________________________

  1. Тергеуде, сот қаралуында болу немесе өтелмеген немесе белгіленген тәртіпте

       шешілмеген сотталуының болуы жағдайында, аты, әкесінің аты (жеке басын

       куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі өзгерту туралы өтініш қабылданғаны

       жөнінде сәйкес сұранысты жолдау үшін, көрсету

  1. Бұрын тегін, атын, әкесінің (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе)

       атын ауыстырған ба _________________________________________

  1. Тегін, атын, әкесінің (болғанда) атын ауыстыру себебі ___________________

       ____________________________________________________________________

       Өтінішке қосып беремін:

       1) ______________________________4) ________________________________

       2) ______________________________5) ________________________________

      3) ______________________________6) ________________________________

       "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 491-бабына сәйкес жалған мағлұматтарды хабарлағаны үшін әкімшілік өндіріп алу салынатыны туралы ескертілдім

       Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келіседі.

       20__ жылғы "______" ____________ қолы ___________

       _____________________________________________________________________

       (өтініш қабылдаушының лауазымды тұлғаның аты, әкесінің аты

      (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)

       Журнал бойынша № ____

       ---------------------------------------------------------------------

      (жұлып алу сызығы)

       20____жылғы "___" ________ қарауға тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы

      өтініш қабылданды

      Қарау нәтижелері 20__ жылғы "___" ________________ хабарланатын болады

       Маман ______________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)

 

Азаматтық хал актілерін
мемлекеттік тіркеу, азаматтық
хал актілері жазбаларына
өзгерістер енгізу, қалпына
келтіру, жоюды ұйымдастыру
Қағидаларына
23-Қосымша

 

Нысан

 

Бекітемін
Тіркеуші органның
лауазымды тұлғасы
_______________________
(тіркеуші органның атауы)
"___" ________ ___ жылы

 Атын, әкесінің атын (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегін өзгерту не бас тарту туралы  (керегінің астын сызу)  № _________Қорытынды

       ________________________________________________________ тіркеуші орган

                        (аудан (қала), облыс атауы)

      азамат(ша) ___________________________________ өтінішін қарастырып,

      (өтінушінің аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)

       _____________________________________________________________ туылған

                              (туылған күні)

       _____________________________________________________________________

                  (туылған жері: ауыл, аудан, қала, облыс)

       _______________________________________________________ өзгерту туралы

      (ненің өзгертілетіні көрсетіледі)

       себебі _______________________________________________________________

       ("Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің

       257-бабына сәйкес өзгерту себебі көрсетіледі)

 Анықтады:

       _____________________________________________________________ жасалған

                        (тіркеуші органның атауы)

       № ________ "____" ________________________ жылы туу туралы акт жазуында

       Азамат(ша) ___________________________________________ ретінде тіркелген

       Туып-өcкен жері ______________________________________________________

       Ата-анасы____________________________________________________________

       Некеге отырған (ерлі-зайыпты болды) ____________________________________

       неке (ерлі-зайыптылық) туралы акт жазуы № _____ "____" __________________

       ____________________________________________________________ жасалған

                        (тіркеуші органның атауы)

       Балалар туралы мәліметтер _____________________________________________

       Мекенжайы __________________________________________________________

      Жұмыс орны __________________________________________________________

       "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы

       Кодексінің 257-бабына сәйкес

 Ұйғарамын:

       _____________________________________________________________________

                        (тіркеуші органның шешімі)

       _____________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)

       ______________________________________________________ өзгерту туралы

      (қай элементтің қандай элементке өзгертілетіні көрсетіледі)

       Өзгертуге рұқсат берілген жағдайда, азаматтық хал актілерінің келесі жазуларына

       өзгерістер енгізу керек:

      _____________________________________________________________________

       Тіркеуші органның лауазымды тұлғасы

       __________________________________________________________ ___________

      (аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі) (қолы)

 

Азаматтық хал актілерін
мемлекеттік тіркеу, азаматтық
хал актілері жазбаларына
өзгерістер енгізу, қалпына
келтіру, жоюды ұйымдастыру
Қағидаларына
24-Қосымша

 

Нысан

 

____________________________
(тіркеуші орган атауы)
____________________________
(өтініш берушінің аты, әкесінің
аты (жеке басын куәландыратын
құжаттарда көрсетілсе), тегі)
мекен-жайы:
____________________________
Тел. №
______________________
№жеке басын куәландыратын
құжат _______________________
____________________________
(нөмірі, кіммен, қашан берілген)
ЖСН_______________________

 Өзгерістерді, толықтыруларды және түзетулерді енгізу туралы  (керегінің астын сызу)  Өтініш

       __________________ туралы № ________ "___" _________ жылы акт жазбасына

       келесі өзгерістерді, қосымшаларды, түзетулерді ___________________________

      _________________________________________________ енгізуіңізді сұраймын.

      Өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын:

       1 Аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі

       _____________________________________________________________________

  1. Туылған күні ________________________________________________________
  2. Туылған жері _______________________________________________________
  3. Ұлты ______________________________________________________________
  4. Азаматтығы ________________________________________________________
  5. Отбасылық жағдайы _________________________________________________
  6. Кәмелетке толмаған балаларының аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын

       құжаттарда көрсетілсе), тегі және туылған жерлері _________________________

  1. Жеке басын куәландыратын құжат _____________________________________
  2. Қайда және кім болып жұмыс істейді ___________________________________
  3. Әскери міндетке қатысы: әскери борышты немесе әскери борышты емес

       (керегінің астын сызу)

       а) қайда тіркеуде тұр __________________________________________________

       б) қызмет атқаратын әскери бөлімшенің атауы ____________________________

       _____________________________________________________________________

  1. Тұрғылықты жері___________________________________________________
  2. Тергеуде, сот қаралуында болу немесе өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіпте

       шешілмеген сотталуының болуы жағдайында, өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер

       енгізу туралы мемлекеттік органға тиісті сұрау салу жіберу үшін, ол туралы көрсету

  1. Бұрын өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізілді ме

       _____________________________________________________________________

  1. Өзгерістерді, қосымшаларды, түзетулерді енгізу себебі____________

       Өтінішке өзгерістерді, қосымшаларды, түзетулерді енгізу қажеттілігін растайтын

       мынадай құжаттарды қосып баремін:

       1) ______________________________ 4) _______________________________

       2) ______________________________ 5) _______________________________

       3) ______________________________ 6) _______________________________

       "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 491-бабына сәйкес жалған мағлұматтарды хабарлағаны үшін әкімшілік өндіріп алу салынатыны туралы ескертілдім

       Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

       пайдалануға келіседі. 20__ жылғы "______" ____________ қолы ___________

       _____________________________________________________________________

       (өтініш қабылдаушының лауазымды тұлғаның аты, әкесінің аты (жеке басын

      куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)

       Журнал бойынша № ____

       ---------------------------------------------------------------------

      (жұлып алу сызығы)

       20____жылғы "___" ________ қарауға өзгерістерді, толықтыруларды және түзетулерді

       енгізу туралы өтініш қабылданды

      Қарау нәтижелері 20__ жылғы "___" _________________ хабарланатын болады

       Маман ______________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)

"Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Дата публикации
14 мая 2021