Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидалары

 

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2020 жылғы 28 мамырдағы
№ 64 бұйрығына
1 қосымша

 Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидалары

 1-Тарау. Жалпы ереже

  1. Осы Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жоюды ұйымдастыру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс), Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі - Заң), "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы", "Ақпараттандыру туралы", "Дербес деректер және оларды қорғау туралы", "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының неке заңнамасы саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.

      Қағида тіркеуші органдардың тууды, қайтыс болуды, неке қиюды (ерлі-зайыптылықты), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды, атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар енгізу, оның ішінде әке (ана) болуды белгілеу, ұл (қыз) бала асырап алу кезінде, түзетулер енгізу, азаматтық хал актілерін жою және қалпына келтіру, сондай-ақ қайталама куәліктер, анықтамалар мен азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы актілік жазбалардың көшірмелерін беруді Қазақстан Республикасы аумағында ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

  1. Қағидада келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) тіркеуші орган - азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган;

      2) "АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - АХАЖ АЖ) - азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуге, сондай-ақ жеке тұлғалардың жеке деректерін құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық нысанда өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу, күшін жою және қалпына келтіруге арналған ақпараттық жүйе;

      3) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) - жеке тұлға, соның iшiнде өзiндiк кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;

      4) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      5) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;

      6) мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - "Мониторинг" ИАЖ) – мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету процесін автоматтандыруға және мониторингтеуге арналған ақпараттық жүйе;

      7) проактивті көрсетілетін қызмет – қызмет көрсету субъектісінің бастамасы бойынша берілетін, қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алу субъектісінің ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы берілген келісімі міндетті түрде қажет болатын, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет;

      8) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы – абонент берген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және ұялы байланыс операторының желісіне қосылатын, қызмет көрсетілетін аумағы шеңберінде географиялық тұрғыдан айқындалатын тұрақты орналасқан жері жоқ, ұялы байланыс желілерінде жұмыс істейтін жеке-дара пайдаланылатын байланыс құралы;

      9) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      10) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) - электрондық түрде көрсетілетін ақылы қызметтерді ұсыну шеңберіндегі төлемдер туралы ақпаратты беру процестерін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;

      11) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңбамен құрылған және электрондық құжаттың түпнұсқалығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

  1. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органдар электронды түрде АХАЖ АЖ арқылы жүргізеді.

       Кент, ауыл, ауылдық округ тұрғындарының азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастыруды Кодекстің 179-бабына сәйкес қаладағы, облыстық маңызы бар қаладағы аудандардың жергілікті атқарушы органдары, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері жүзеге асырады.

      Электронды ақпараттық қорларды және ақпараттық жүйелерді қорғау және құпиялылықты сақтау мақсатында тіркеуші органдарға АХАЖ АЖ-на қол жеткізуін ақпараттық жүйелердің меншіктенушілері және иелері қолдану құқығын беру туралы тиісті өтінімдерді келісуі арқылы ұсынады.

      Облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың) аумақтық әділет органдары, тіркеуші органдар құзыреті шегінде жеке тұлғалар туралы Мемлекеттік деректер қорының орталық серверінде орналасқан актілік жазбалардың электронды нұсқасын пайдаланады.

  1. Тіркеуші органдар мынадай іс-қимылдарды жасайды:

      1) тууды, қайтыс болуды, неке (ерлі-зайыптылықты) қию және бұзуды, атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеуді жүргізеді;

      2) азаматтық хал актілері жазбаларын өзгертеді, толықтырады, оның ішінде әке (ана) болуды белгілеу, ұл (қыз) бала асырап алу кезінде, түзетеді, жазбаларды қалпына келтіреді және жояды;

      3) бастапқы және қайталама куәлiктерді, анықтамаларды, азаматтық хал актiлерiнiң көшiрмелерiн бередi;

      4) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу кітаптарының және куәлік бланкілерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

  1. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар, түзетулер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар беру саласындағы мемлекеттік қызметтер жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты немесе уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты азаматтық хал актiлерiн мемлекеттік тiркеуді Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері жүргізеді және олар жасаған акт жазбалары Қазақстан Республикасының астана әкімдігінің тіркеуші органына жіберіледі.

      Егер мүдделі тұлғалар Қазақстан Республикасының азаматтары болса, Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданылады.

  1. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органдар құжат иесінің жеке басын анықтайтын құжаты, тиісті құқықтық мәртебесі бойынша жасайды.

      Иесінің жеке басын белгілейтін құжаты құқықтық мәртебесіне сәйкес келмесе, ол жарамсыз болып табылады және ол Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына тапсырылуы және ауыстырылуы тиіс.

       Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басты куәландыратын құжат "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Заңның 6-бабының 1-тармағына сәйкес ұсынылады.

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын ұсынады.

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының белгісі бар куәлікті ұсынады.

      Шетелдік азамат немесе Қазақстан Республикасында уақытша тұратын азаматтығы жоқ адам, оның құзыретті органдары, шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адамның тұрақты тұрғылықты жері бар азаматтың жеке басын куәландыратын құжатты және олардың мәтінінің нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасын ұсынады.

  1. Шет мемлекеттердің құзыретті органдары Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде азаматтық хал актілерінің орындалуын растайтын, Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қатысты тиісті мемлекеттердің заңнамасына сәйкес, егер олар Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе, консулдық заңдастыру немесе арнайы мөр (апостиль) болған кезде, Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.

      Сондай-ақ, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тиісті шет мемлекеттің тілінде шығарылған құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аударылуға жатады.

      Шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын және Қазақстан Республикасынан тыс жерде шығарылған басқа да растайтын құжаттардың мәтінінің аудармасының дәлдігі нотариалды куәландырылуы, дипломатиялық өкілдікте, консулдық мекемеде, шетелдік азамат азаматы болып табылатын немесе азаматтығы жоқ тұлғаның тұрақты тұратын мемлекетінің сыртқы саясат ведомствосында куәландырылуы мүмкін.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келіседі.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар, туу немесе қайтыс болу туралы медициналық куәліктер, Қазақстан Республикасы сотының шешімдері, үкімдері мен қаулылары, мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар, Қазақстан Республикасында тіркелген азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері және тіркеуші органдардың қызметкерлері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы алады.

      Егер ақпараттық жүйелерде тиісті ақпарат болмаса, Мемлекеттік корпорацияның немесе тіркеуші органның қызметкері құжаттардың электрондық/қағаз көшірмелерін түсіреді, содан кейін ауыстыруға немесе жоюға жататын азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді қоспағанда, түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

      Қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттар мен ақпаратты сұратуға жол берілмейді.

      Өкіл арқылы ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші негізінде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды, тегін, атын, әкесінің атын ауыстыруды тіркеуге және баланың ата-анасының бірлескен өтініші негізінде әке болуды анықтау кезінде тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

  1. Мемлекеттік корпорация арқылы қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініштер мен құжаттар келіп түскен күні мемлекеттік қызметтер көрсету мерзіміне кірмейді.

       Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүгінген кезде өтініштер қабылданады және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері келесі жұмыс күні шығарылады.

  1. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету сатысында ИАЖ "Мониторинг" ақпаратты енгізуді қамтамасыз етеді.
  2. Ақпараттық жүйенің ақаулығы туындаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ЖАО және әділет департаментінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкеріне дереу хабарлайды.

      Бұл жағдайда ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкерлер ақпараттық жүйенің істен шығу себебін анықтау бойынша шаралар қолданады және 1 (бір) жұмыс күні ішінде техникалық ақаулық туралы хаттама (акт) жасайды және оны көрсетілетін қызметті берушіге қол қоюға береді.

  1. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде, егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету стандартының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес жиынтығын және/немесе мерзімі өткен құжаттарды ұсынса Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Құжаттар пакетін толық ұсынғаннан кейін мемлекеттік қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға берген кезде – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдайды, тексереді, қабылданған құжаттар курьерлік байланыс арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі.

  1. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды алған күні өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды қабылдайды, толтырудың дұрыстығын тексереді, сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініштердің тізілімінде (бұдан әрі - журнал) тіркеуді жүзеге асырады.

      Журналды тек электронды түрде жүргізуге рұқсат етіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы тиісті құжаттарды қабылдау туралы өтініштің жырту талонын береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды порталда ұсынған кезде "жеке кабинетке" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қолы қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру күнін тағайындау туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап түрінде электрондық құжат нысанында жолдайды.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, анық емес мәліметтер болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша дәлелді бас тарту түрінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту, тіркеуші органның басшысы немесе оның міндеттерін атқаратын тұлғаның қолы қойылған, бас тартудың негізі көрсетілген жеке хатпен ресімделеді.

  1. Егер ұсынылған құжаттар мен өтініште көрсетілген мәліметтер қолданыстағы заңнамаға сәйкес келсе, көрсетілетін қызметті беруші азаматтық хал акт жазбасын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады, азаматтық хал акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар, өзгерістер енгізеді, күшін жояды немесе қалпына келтіреді, азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, қайталама куәлікті немесе анықтаманы жазады.

      Азаматтық хал акт жазбасы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін АХАТ ТП тиісті тіркеу актісі екі данада басып шығарылады және азаматтық хал акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік жасалады. Акт жазбаларына және азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке тіркеуші органның басшысы немесе оның міндеттерін атқаратын тұлға қол қояды.

  1. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілген мәліметтер осы Қағидаларға 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Куәліктер беру" журналына (бұдан әрі - шығындар журналы) енгізіледі, содан кейін куәлік көрсетілетін қызметті алушыға беріледі немесе Мемлекеттік корпорацияға жіберіледі.
  2. Порталға жүгінген кезде азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы анықтама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап түрінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.

      Сондай-ақ, порталға жүгінген кезде азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік түріндегі мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы өтініште көрсетілген Мемлекеттік корпорацияға жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, анықтама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап түрінде көрсетілетін қызметті алушыға береді немесе Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      Неке (ерлі-зайыптылықты) қию, ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші негізінде неке (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы алғашқы рет берілетін куәлік, баланың ата-анасының бірлескен өтініші негізінде әкелік (аналық) анықталғаннан кейін берілетін алғашқы немесе қайталама туу туралы куәлікті қоспағанда, азаматтық хал актілерін мемлекеттік туралы куәліктер мен анықтамалар мемлекеттік қызметті алушының қалауы бойынша өтінішінде көрсетілген тұрғылықты жеріне пошта байланысы арқылы жолданады.

  1. Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде, жеке куәлік (немесе өкілдің тиісті өкілеттіктерін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін оның өкілі) ұсынылғаннан кейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация құжаттарды 1 (бір) айда сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды әрі қарай сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) айдан кейін жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның өтініші бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға жеткізу үшін 1 (бір) жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

8-тарау. Азаматтық хал акт жазбаларын қалпына келтіру тәртібі

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай – ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес "Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру" мемлекеттік қызмет стандартында (бұдан әрі - жазбаларды қалпына келтіру туралы стандарт) келтірілген.
  2. Азаматтық хал актісінің жазбасын қалпына келтіру үшін көрсетілетін қызметті алушы кез келген тіркеуші органға, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО-на, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне не Мемлекеттік корпорацияға жазбаша түрде немесе портал арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 28-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, жазбаларды қалпына келтіру туралы стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, жазбаны қалпына келтіру туралы өтінішпен жүгінеді.
  3. Ұсынылған құжаттар мен тексеру нәтижелері негізінде тіркеуші орган осы Ережеге 29-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық хал актілерінің жоғалған жазбасын қалпына келтіру туралы немесе одан бас тарту туралы қорытынды жасайды.

      Қорытынды бір данада жасалады, елтаңбалы мөрмен және тіркеуші органның лауазымды адамының қолымен бекітіледі.

  1. Сот шешімінің негізінде азаматтық хал актілері жазбасын қалпына келтіру үшін көрсетілетін қызметті алушы кез келген тіркеуші органға, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО-на, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне не Мемлекеттік корпорацияға жазбаша түрде немесе портал арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 30-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, жазбаларды қалпына келтіру туралы стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, жазбаны қалпына келтіру туралы өтінішпен жүгінеді.
  2. Азаматтық хал актісін тіркеу фактісі сот тәртібімен анықталған кезде тіркеуші орган сот шешімі негізінде қорытынды жасамай азаматтық хал акт жазбасын тіркеуді жүргізеді.
  3. Азаматтық хал актілерін қалпына келтіру туралы жазба (туудан басқа) ағымдағы тіркеу кітабында, ал қалпына келтірілген туу туралы жазбаны тіркеу қалпына келтірілген туу туралы актілерді тіркеу кітабында жүргізіледі.
  4. Азаматтық хал актілерінің жоғалған жазбаларын қалпына келтіру туралы өтінішті шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ азаматтық хал актілерін Қазақстан Республикасының тіркеуші органдарында тіркеген және шетелде тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне береді.
  5. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіруді Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінің өтініші бойынша кез келген тіркеуші орган жүргізеді.
  6. Қазақстан Республикасының аумағында тұратын және азаматтық хал актілерін Қазақстан Республикасының тіркеуші органдарында тіркеген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру Кодекске сәйкес жүргізіледі.

      119.Тарихи отанына қайтып оралған адамдарға қатысты туу туралы азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру жеткілікті негіздер болған кезде және осы фактіні құжаттамалық растау (акт жазбасының жоқтығы (жоғалғаны) туралы анықтама немесе хабарлама) немесе ішкі істер органдарының осы адамдардың Қазақстан Республикасына заңды келуі туралы растауы және олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын беру туралы өтініші болған кезде ғана жүргізіледі.

  1. Тарихи отанына оралған Қазақстан Республикасы азаматтарының ата-аналары, сондай-ақ отбасы мүшелері туралы растайтын ақпаратты тіркеуші органдардың сұрау салуы бойынша ішкі істер органдары береді.

12-тарау. Акт кітаптарын және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік бланкілерін сақтау

  1. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу акті нысандары азаматтық хал актілерінің бөлек кітаптары болып тігіледі. Кітаптың соңында жазбаша парақ саны көрсетіледі, кітаптар тігіліп және тіркеуші органның мөрімен бекітіледі.
  2. Тіркелген азаматтық хал актілері кітаптары азаматтық хал акті жазбаларының бірінші және екінші даналарынан тұрады.

      Акт жазбалардың бірінші және екінші даналары бірге толтырылып, бірдей реттік нөмірмен нөмірленеді.

      Азаматтық хал акт жазбалары бірінші нөмірден басталады, жыл бойы бірінші қаңтардан отыз бірінші желтоқсанға дейін (қоса алғанда) - дәйектілікпен жүргізіледі. Азаматтық хал акт жазбасының әрбір түрі бойынша бөлек нөмірлеу жүргізіледі.

      Бастапқы тіркеу орны бойынша акт кітаптары жетпіс бес жыл бойы сақталады, содан кейін тиісті мемлекеттік мұрағатқа беріледі. Екінші даналардың акт кітаптары АХАЖ АЖ-да бар екендігі расталғаннан кейін белгіленген мерзім өткеннен кейін жойылуға жатады.

      Азаматтық хал акт жазбасының барлық бағандары қысқартусыз (көпшілік мақұлдағаннан басқасы) толық жауаптармен толтырылады, бөлек сөздерді (анкеталық деректер) тастап кету немесе оларды қысқартуға жол берілмейді.

      Егер сұраққа теріс жауап қайтарылатын болса, бағандар "жоқ" сөзімен толтырылуы тиіс.

      Есімі, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі тапсырылған құжатқа сәйкес толық толтырылады.

  1. Тұлғаның ұлты жеке басын куәландыратын құжат бойынша көрсетіледі. Шетел азаматының азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде ұлттан басқа өзі азаматы болып табылатын мемлекеттің атауы, сондай-ақ оның азаматтығы көрсетіледі.
  2. Азаматтық хал актісі жазбасына актіні тіркеген лауазымды тұлға қол қояды және тіркеуші органның мөрімен бекітіледі.

      Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді растау үшін өтініш берушіге тиісті куәлік немесе азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы анықтама беріледі.

      Азаматтық хал актісі жазбасын тіркеу кезінде азаматтық хал актісі жазбасы жасалатын тілді білмейтін азаматқа жазба мәтінін оның аудармашысы аударады, бұл "белгілер үшін" бағанында белгіленеді.

      Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу сауатсыз мылқау немесе саңырау, саңырау-мылқауға қатысты жасалса, оған қатысты азаматтық хал актілерін азаматқа түсіндіре алатын адамның қатысуымен жасалуы мүмкін. "Белгілер үшін" бағанында осы фактіні куәландыратын адам туралы, сондай-ақ акт жазбасының мазмұны мылқау немесе саңырау, саңырау-мылқаудың еркіне сай келетіні туралы белгі қойылады.

      Соқыр азаматқа азаматтық хал актісі жазбасын жасау кезінде азаматтық хал актісі жазбасының мәтінін акт жазбасын жасайтын тіркеуші органның лауазымды тұлғасы оқиды, бұл азаматтық хал акт жазбасының "белгілер үшін" бағанында белгіленеді.

  1. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бланкілері жанбайтын шкафтарда немесе темір жәшіктерде сақталады.

      Жұмыс істемейтін уақытта куәлік бланкілері бар жанбайтын шкафтар, темір жәшіктер мөрленеді. Бланкілерге бланкілерді сақтауға жауапты тұлғалар қол жеткізе алады.

  1. Куәліктердің бланкілерін жоғалтқан немесе ұрланған жағдайда оларды сақтауға жауапты тұлғалар бланкілердің жоғалғанын немесе ұрланғанын байқап, сол күні бұл туралы жоғалған немесе ұрланған бланкілерді іздестіру шараларын қолдану үшін аумақтық әділет органына және облыс, республикалық маңызы бар қала әкімдігіне, сондай-ақ ішкі істер органдарына хабарлайды.
  2. Тіркеуші орган азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік бланкілерінің жоғалған немесе ұрланған әрбір жағдайы туралы олардың түрлері мен нөмірлерін көрсете отырып хабарлайды. Бұл хабарлама Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберіледі.
  3. Куәліктердің бланкілерін жоғалтудың немесе ұрлаудың әрбір жағдайы бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала әкімдігі жоғалуға ықпал ететін себептерді жою үшін қызметтік тексеру жүргізуі қажет.
  4. Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктердің бланкілерін қабылдауды оларды дайындаған органның жүкқұжатына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың аумақтық әділет органы жүргізеді.
  5. Ақаулы бланкілер (қорғаныш торының, баспа мәтінінің болмауы немесе зақымдануы, қайталанған нөмірлердің болуы және т.б.), куәлік бланкілерінің нөмірлері жетіспеген немесе сәйкес келмеген жағдайда екі данада акт жасалады.
  6. Жоюға жатады:

      1) азаматтық хал актілері жазбаларына түзетулер, өзгертілер мен толықтырулар енгізуге байланысты, сондай-ақ жазбаның күшін жоюға байланысты ауыстыру үшін тапсырылған куәліктер;

      2) жарамсыз болған, орнына қайталама куәліктер берілген куәліктер;

      3) табылған куәліктер;

      4) басқа тіркеуші органдардан жіберілген және азаматтар бір жыл ішінде алмаған қайталама куәліктер;

      5) толтыру кезінде бүлінген куәліктердің бланкілері.

  1. Аталған куәліктерді жою аумақтық әділет органдарымен бірлесіп тіркеуші органдарда жою актісін жасай отырып, жыл сайын өртеу жолымен жүргізіледі.

 13-тарау. Әділет органдарымен тіркеуші органдарға бақылауды қамтамасыз ету тәртібі

  1. Өкілеттіктер шеңберінде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың) аумақтық әділет органының басшысы:

      АХАЖ АЖ-да азаматтық хал актілерін тіркеу туралы енгізілген мәліметтердің сапасын бақылайды;

      азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын тіркеуші органдарға барып және бармай профилактикалық бақылау жүргізеді;

      Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасының талаптарын сақтау бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;

      азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік бланкілерін дайындауға жиынтық өтінім әзірлеуді қамтамасыз етеді.

  1. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу кезінде заңнаманың бұзылуы анықталған жағдайда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың аумақтық әділет органы тиісті тіркеуші органдарға азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу кезінде анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы және қолданыстағы заңнамада көзделген мерзімде лауазымды адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы нұсқама енгізеді.

 14-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

       "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2) тармақшасына сәйкес тікелей мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

 

Азаматтық хал актілерін
мемлекеттік тіркеу, азаматтық
хал актілері жазбаларына
өзгерістер енгізу, қалпына
келтіру, жоюды ұйымдастыру
Қағидаларына
27-Қосымша

"Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

1

 Қызмет берушінің атауы

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (әрі қарай – мемлекеттік қызметті көрсетуші)

 

2

 Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (кіру арналары)

1) мемлекеттік қызметті көрсетуші арқылы;
2) қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;
3) Мемлекеттік корпорация арқылы;
4) портал арқылы жүзеге асырылады.

 

3

Мемлекеттік қызметтік көрсету мерзімі

Өтінішті қарау мерзімі - 3 (үш) жұмыс күні;
азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру үшін негіз болып табылатын АХАЖ АЖ-да акт жазбалары болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде хабарлай отырып, көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады (Мемлекеттік корпорация арқылы түскен өтінішті қарау мерзімі ұзартылған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды);
портал арқылы берген кезде - өтініштің қабылданғанын растау және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің берілген күнін белгілеу туралы хабарлама 1 (бір) жұмыс күні ішінде жеке кабинетке жіберіледі;
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут.
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

 

4

Мемлекеттік қызметтік көрсету нысаны

Электронды/қағаз түрінде

 

5

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі

1) Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе анықтама;;
2) мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде, портал арқылы өтініш берген кезде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы анықтама немесе дәлелді бас тарту электрондық түрде жіберіледі.

 

6

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, мемлекеттік қызмет алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алынатын төлем мөлшері

Қалпына келтіру тегін жүргізіледі;
азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіруге байланысты куәліктерді бергені үшін-0,5 АЕК.
Азаматтық хал актiлерiн тiркеген кезде мыналар растайтын құжаттарын көрсеткен кезде мемлекеттiк баж төлеуден босатылады:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің, мүгедек баланың ата-анасының бірі, қорғаншылар (қамқоршылар), мемлекеттiк ұйымдар - туу туралы куәлiктер тiркелгенi және қайтадан берілгенi үшін;
2) жеке тұлғалар - азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге байланысты азаматтық хал актілерінің жазбалары өзгертілген, толықтырылған, қалпына келтірілген және түзетiлген кезде куәлiктер берілгенi үшiн.

 

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) Мемлекеттік корпорация – еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібімен жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады;
3) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

 

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) Қағидаларға 28, 30-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акт жазбасын қалпына келтіру туралы өтініш (бұдан әрі - өтініш);
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) көрсетілетін қызметті алушының деректері және оның жақын туыстары (ата-аналары, балалары, аға-інілері мен апа-қарындастары)туралы толық көрсетілген өмірбаян;
 4) еңбек кітапшасының көшірмесі немесе еңбек қызметін растайтын ҚР Еңбек кодексіне сәйкес басқа құжат, егер көрсетілетін қызметті алушы студент болып табылса - туған күні мен жері көрсетілген оқу орнынан анықтама (бар болса);
5) егер көрсетілетін қызметті алушы әскери міндетті болып табылса, әскери билеттің көшірмесі (бар болса););
6) көрсетілетін қызметті алушының 3*4 см көлеміндегі екі фотосуреті. ;
7) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат немесе салық жеңілдіктерін беру үшін негіз болып табылатын құжаттың көшірмесі.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жүргізілген азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктердің көшірмелері қосымша ұсынылады:
8) егер некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса) неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік;
9) бар болған жағдайда балалардың туу туралы куәліктері;
10) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін) не ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік, ата-анасының неке қию туралы куәлік (бар болса);
11) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;
12) егер көрсетілетін қызметті алушы зейнеткер болса, зейнетақы куәлігінің көшірмесі.
Заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы:
1) осы Қағидаларға 26-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сот шешімі негізінде акт жазбасын қалпына келтіру туралы өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігі (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) мемлекеттік тіркеу орны мен уақыты көрсетілген, заңды күшіне енген акт жазбасын қалпына келтіру туралы сот шешімі туралы мәліметтер.
Тарихи отанына оралған тұлғалар Қазақстан Республикасына заңды келу туралы ішкі істер органдары берген құжаттарды және олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын беру туралы өтінішхатын қосымша ұсынады.
Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру үшін көрсетілетін қызметті алушы азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру үшін қажетті мәліметтерді растайтын құжаттарды (жұмыс не оқу орнынан анықтама, білімі туралы құжаттар, мемлекеттік мұрағаттардың анықтамалары) ұсынады.

 

9

 Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздемелері

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталса;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер белгіленуі мүмкін.

 

10

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар, оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы және электрондық нысанда

Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану, қабілетін толық немесе ішінара жоғалту мүмкіндігі бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш жасау арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

 

 

Азаматтық хал актілерін
мемлекеттік тіркеу, азаматтық
хал актілері жазбаларына
өзгерістер енгізу, қалпына
келтіру, жоюды ұйымдастыру
Қағидаларына
28-Қосымша

 

Нысан

 

____________________________
(тіркеуші орган атауы)
____________________________
(өтініш берушінің аты, әкесінің
аты (жеке басын куәландыратын
құжаттарда көрсетілсе), тегі)
мекен-жайы:
____________________________
Тел. №
______________________
№жеке басын куәландыратын
құжат
_______________________
____________________________
(нөмірі, кіммен, қашан берілген)
ЖСН______________________

         

 Акт жазбасын қалпына келтіру туралы  Өтініш

      Мына ___________________акті жазбасын қалпына келтіруіңізді сұраймын

      Өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын:

  1. Аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі

       ___________________________

  1. Туылған күні ________________________________________________________
  2. Туылған жері________________________________________________________
  3. Ұлты _______________________________________________________________
  4. Азаматтығы _________________________________________________________
  5. Отбасылық жағдайы _________________________________________________
  6. Кәмелетке толмаған балаларының аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын

       құжаттарда көрсетілсе), тегі және туған күні және туылған жерлері ____________

  1. Ағайындардың, апасының аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын

       құжаттарда көрсетілсе), тегі және туған күні, олардың туылған жерлері ________

  1. Жеке басын куәландыратын құжат _____________________________________
  2. Қайда және кім болып жұмыс істейді __________________________________
  3. Әскери міндетке қатысы: әскери борышты немесе әскери борышты емес

       (керегінің астын сызу)

       а) қайда тіркеуде тұр ___________________________________________________

       б) қызмет атқаратын әскери бөлімшенің атауы _____________________________

       _____________________________________________________________________

  1. Өмір сүрген жерлердің нақты атаулары және уақыты ____________________

       _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

       Өтінішке қосып беремін:

       1) ______________________________ 4) _______________________________

       2) ______________________________ 5) _______________________________

      3)_______________________________ 6) _______________________________

       "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 491-бабына сәйкес жалған мағлұматтарды хабарлағаны үшін әкімшілік өндіріп алу салынатыны туралы ескертілдім.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

       20__ жылғы "______" ______________________қолы ____________________

       _____________________________________________________________________

       (өтініш қабылдаушының лауазымды тұлғаның аты, әкесінің аты (жеке басын

      куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)

       Журнал бойынша № ____

       --------------------------------------------------------------------

      (жыртып алу сызығы) ЖАО үшін

       20____ жылғы "____" _______ қарауға акті жазбасын қалпына келтіру туралы

       өтініш қабылданды

       Қарау нәтижелері 20____ жылғы "____" ______________ хабарланатын болады

       Маман ______________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)

 

Азаматтық хал актілерін
мемлекеттік тіркеу, азаматтық
хал актілері жазбаларына
өзгерістер енгізу, қалпына
келтіру, жоюды ұйымдастыру
Қағидаларына
29-Қосымша

 

Нысан

 

Бекітілген
Тіркеуші органның
лауазымды тұлғасы
_______________________
(тіркеуші органның атауы)
20 __ жылғы "__" _______

 Акт жазбасын қалпына келтіру не бас тарту туралы  (керегінің астын сызу)  № ___________ Қорытынды

       ________________________________________________________ тіркеуші орган

                  (облысы, ауданы (қала) атауы)

      азамат(ша) ________________________________ акт жазбасын қалпына келтіру

       (өтініш берушінің аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда

      көрсетілсе), тегі)

      туралы өтінішін қарастырып.

       Өтініш беруші азаматтық хал актісі жазбасының жоқтығы туралы _____________

       _____________________________________________________________________

                        (тіркеуші органның атауы)

      берген анықтамасымен растайды.

      Өтініш беруші тапсырған құжаттар негізінде тексеру нәтижесі бойынша:

 Анықталды:

       Азамат (ша) __________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)

       Тектік тегі ____________________________________________________________

       Туылды ______________________________________________________________

       бұл келесі құжаттармен расталады _______________________________________

       тұрғылықты мекенжайы ________________________________________________

       _____________________________________________________________________

       Өтініш берушінің ата-анасы:

       Әкесі ________________________________________________________________

      Анасы _______________________________________________________________

       "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы

       Кодекстің 184-бабына сәйкес

 Ұйғарамын:

       азамат(ша) ___________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)

       қатысты _____________________ туралы акт жазуын ________________________

       _________________________________________________ қалпына келтірілуі тиіс.

                        (тіркеуші органның атауы)

       Тіркеуші органның лауазымды тұлғасы

       ____________________________________________________________ _________

      (аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі) (қолы)

 

Азаматтық хал актілерін
мемлекеттік тіркеу, азаматтық
хал актілері жазбаларына
өзгерістер енгізу, қалпына
келтіру, жоюды ұйымдастыру
Қағидаларына
30-Қосымша

 

Нысан

 

____________________________
(тіркеуші орган атауы)
____________________________
(өтініш берушінің аты, әкесінің
аты (жеке басын куәландыратын
құжаттарда көрсетілсе), тегі)
мекен-жайы:
____________________________
Тел. №
______________________
№жеке басын куәландыратын
құжат
_______________________
____________________________
(нөмірі, кіммен, қашан берілген)
ЖСН_______________________

 Сот шешімі негізінде акт жазбасын қалпына келтіру туралы  өтініш

       ______________________________________________________________ туралы

      " " заңды күшіне енген сот шешімі негізінде (сот атауы)

      акт жазбасын қалпына келтіруіңізді сұраймын.

       Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:

  1. Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ______________________________________
  2. Туған күні __________________________________________________________
  3. Туған жері __________________________________________________________
  4. Ұлты _______________________________________________________________
  5. Азаматтығы _________________________________________________________
  6. Отбасы жағдайы _____________________________________________________
  7. Кәмелетке толмаған балаларының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, туған күні

       және жері ____________________________________________________________

  1. Аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің, қарындастарының аты, әкесінің аты (бар болса),

       тегі, туған күні мен жері және олардың тұратын жері ________________________

  1. Жеке басты куәландыратын құжат ______________________________________
  2. Қайда және кім болып жұмыс істейді __________________________________
  3. Әскери қызметке қатыстылығы:

       а) қайда есепте тұр ____________________________________________________

       б) қызмет ететін әскери бөлімнің атауы ___________________________________

       _____________________________________________________________________

  1. Тұрғылықты жері

      _____________________________________________________________________

       Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:

       1) ______________________________ 3)_________________________________

      2) ______________________________ 4)_________________________________

       "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 491-бабына сәйкес жалған мәліметтерді хабарлағаным үшін әкімшілік жаза қолданылатыны туралы ескертілдім.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім беремін

       20__ жылғы "______" _______________________

      (қолы)

       _____________________________________________________________________

       (өтінішті қабылдаған лауазымды адамның аты, әкесінің аты (жеке басын

      куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)

       Журнал бойынша № ____

      ---------------------------------------------------------------------

      (қиып алу сызығы – ЖАО үшін)

       20____ жылғы "____" _______ өтініш қарауға қабылданды

       _____________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)

      Құжаттар ұсынылды_________________________________________________

      Қарау нәтижелері 20____ жылғы "____" ____________ хабарланатын болады

       Маман ______________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)

Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидалары
Дата публикации
14 мая 2021