|
|
Қазақстан Республикасы
|
Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидалары
1-Тарау. Жалпы ереже
Қағида тіркеуші органдардың тууды, қайтыс болуды, неке қиюды (ерлі-зайыптылықты), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды, атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар енгізу, оның ішінде әке (ана) болуды белгілеу, ұл (қыз) бала асырап алу кезінде, түзетулер енгізу, азаматтық хал актілерін жою және қалпына келтіру, сондай-ақ қайталама куәліктер, анықтамалар мен азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы актілік жазбалардың көшірмелерін беруді Қазақстан Республикасы аумағында ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
1) тіркеуші орган - азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган;
2) "АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - АХАЖ АЖ) - азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуге, сондай-ақ жеке тұлғалардың жеке деректерін құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық нысанда өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу, күшін жою және қалпына келтіруге арналған ақпараттық жүйе;
3) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) - жеке тұлға, соның iшiнде өзiндiк кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;
4) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
5) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
6) мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - "Мониторинг" ИАЖ) – мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету процесін автоматтандыруға және мониторингтеуге арналған ақпараттық жүйе;
7) проактивті көрсетілетін қызмет – қызмет көрсету субъектісінің бастамасы бойынша берілетін, қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алу субъектісінің ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы берілген келісімі міндетті түрде қажет болатын, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет;
8) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы – абонент берген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және ұялы байланыс операторының желісіне қосылатын, қызмет көрсетілетін аумағы шеңберінде географиялық тұрғыдан айқындалатын тұрақты орналасқан жері жоқ, ұялы байланыс желілерінде жұмыс істейтін жеке-дара пайдаланылатын байланыс құралы;
9) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
10) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) - электрондық түрде көрсетілетін ақылы қызметтерді ұсыну шеңберіндегі төлемдер туралы ақпаратты беру процестерін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;
11) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңбамен құрылған және электрондық құжаттың түпнұсқалығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
Кент, ауыл, ауылдық округ тұрғындарының азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастыруды Кодекстің 179-бабына сәйкес қаладағы, облыстық маңызы бар қаладағы аудандардың жергілікті атқарушы органдары, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері жүзеге асырады.
Электронды ақпараттық қорларды және ақпараттық жүйелерді қорғау және құпиялылықты сақтау мақсатында тіркеуші органдарға АХАЖ АЖ-на қол жеткізуін ақпараттық жүйелердің меншіктенушілері және иелері қолдану құқығын беру туралы тиісті өтінімдерді келісуі арқылы ұсынады.
Облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың) аумақтық әділет органдары, тіркеуші органдар құзыреті шегінде жеке тұлғалар туралы Мемлекеттік деректер қорының орталық серверінде орналасқан актілік жазбалардың электронды нұсқасын пайдаланады.
1) тууды, қайтыс болуды, неке (ерлі-зайыптылықты) қию және бұзуды, атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеуді жүргізеді;
2) азаматтық хал актілері жазбаларын өзгертеді, толықтырады, оның ішінде әке (ана) болуды белгілеу, ұл (қыз) бала асырап алу кезінде, түзетеді, жазбаларды қалпына келтіреді және жояды;
3) бастапқы және қайталама куәлiктерді, анықтамаларды, азаматтық хал актiлерiнiң көшiрмелерiн бередi;
4) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу кітаптарының және куәлік бланкілерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты немесе уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты азаматтық хал актiлерiн мемлекеттік тiркеуді Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері жүргізеді және олар жасаған акт жазбалары Қазақстан Республикасының астана әкімдігінің тіркеуші органына жіберіледі.
Егер мүдделі тұлғалар Қазақстан Республикасының азаматтары болса, Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданылады.
Иесінің жеке басын белгілейтін құжаты құқықтық мәртебесіне сәйкес келмесе, ол жарамсыз болып табылады және ол Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына тапсырылуы және ауыстырылуы тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басты куәландыратын құжат "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Заңның 6-бабының 1-тармағына сәйкес ұсынылады.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын ұсынады.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының белгісі бар куәлікті ұсынады.
Шетелдік азамат немесе Қазақстан Республикасында уақытша тұратын азаматтығы жоқ адам, оның құзыретті органдары, шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адамның тұрақты тұрғылықты жері бар азаматтың жеке басын куәландыратын құжатты және олардың мәтінінің нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасын ұсынады.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тиісті шет мемлекеттің тілінде шығарылған құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аударылуға жатады.
Шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын және Қазақстан Республикасынан тыс жерде шығарылған басқа да растайтын құжаттардың мәтінінің аудармасының дәлдігі нотариалды куәландырылуы, дипломатиялық өкілдікте, консулдық мекемеде, шетелдік азамат азаматы болып табылатын немесе азаматтығы жоқ тұлғаның тұрақты тұратын мемлекетінің сыртқы саясат ведомствосында куәландырылуы мүмкін.
Жеке басты куәландыратын құжаттар, туу немесе қайтыс болу туралы медициналық куәліктер, Қазақстан Республикасы сотының шешімдері, үкімдері мен қаулылары, мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар, Қазақстан Республикасында тіркелген азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері және тіркеуші органдардың қызметкерлері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы алады.
Егер ақпараттық жүйелерде тиісті ақпарат болмаса, Мемлекеттік корпорацияның немесе тіркеуші органның қызметкері құжаттардың электрондық/қағаз көшірмелерін түсіреді, содан кейін ауыстыруға немесе жоюға жататын азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді қоспағанда, түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттар мен ақпаратты сұратуға жол берілмейді.
Өкіл арқылы ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші негізінде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды, тегін, атын, әкесінің атын ауыстыруды тіркеуге және баланың ата-анасының бірлескен өтініші негізінде әке болуды анықтау кезінде тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүгінген кезде өтініштер қабылданады және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері келесі жұмыс күні шығарылады.
Бұл жағдайда ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкерлер ақпараттық жүйенің істен шығу себебін анықтау бойынша шаралар қолданады және 1 (бір) жұмыс күні ішінде техникалық ақаулық туралы хаттама (акт) жасайды және оны көрсетілетін қызметті берушіге қол қоюға береді.
Құжаттар пакетін толық ұсынғаннан кейін мемлекеттік қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға берген кезде – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдайды, тексереді, қабылданған құжаттар курьерлік байланыс арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі.
Журналды тек электронды түрде жүргізуге рұқсат етіледі.
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы тиісті құжаттарды қабылдау туралы өтініштің жырту талонын береді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды порталда ұсынған кезде "жеке кабинетке" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қолы қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру күнін тағайындау туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап түрінде электрондық құжат нысанында жолдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту, тіркеуші органның басшысы немесе оның міндеттерін атқаратын тұлғаның қолы қойылған, бас тартудың негізі көрсетілген жеке хатпен ресімделеді.
Азаматтық хал акт жазбасы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін АХАТ ТП тиісті тіркеу актісі екі данада басып шығарылады және азаматтық хал акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік жасалады. Акт жазбаларына және азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке тіркеуші органның басшысы немесе оның міндеттерін атқаратын тұлға қол қояды.
Сондай-ақ, порталға жүгінген кезде азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік түріндегі мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы өтініште көрсетілген Мемлекеттік корпорацияға жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, анықтама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап түрінде көрсетілетін қызметті алушыға береді немесе Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Неке (ерлі-зайыптылықты) қию, ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші негізінде неке (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы алғашқы рет берілетін куәлік, баланың ата-анасының бірлескен өтініші негізінде әкелік (аналық) анықталғаннан кейін берілетін алғашқы немесе қайталама туу туралы куәлікті қоспағанда, азаматтық хал актілерін мемлекеттік туралы куәліктер мен анықтамалар мемлекеттік қызметті алушының қалауы бойынша өтінішінде көрсетілген тұрғылықты жеріне пошта байланысы арқылы жолданады.
Мемлекеттік корпорация құжаттарды 1 (бір) айда сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды әрі қарай сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді.
Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) айдан кейін жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның өтініші бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға жеткізу үшін 1 (бір) жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
3-тарау. Некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу тәртібі
Неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы өтінішті әрбір өтініш беруші өз қолымен жазбаша түрде толтырады немесе портал арқылы өтініш берген кезде электрондық түрде некеге тұратын адамдар электрондық – цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі-ЭЦҚ) қол қояды.
Некеге тұруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірген адамның алдыңғы некесінде (ерлі-зайыпты болуында) оның тоқтатылғаны туралы тиісті белгісі болмаған жағдайда тіркеуші органға алдыңғы некенің тоқтатылғаны туралы: Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген (шығарылған) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, жұбайының қайтыс болуы туралы акт жазба жөнінде (тіркелген күні мен орны) немесе некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, некені жарамсыз деп тану, ерлі-зайыптылардың бірінің қайтыс болды деп жариялауы немесе хабарсыз кетті деп тануы туралы заңды күшіне енген сот шешімі жөнінде (шешімнің шығарылған күні мен орны, заңды күшіне енген күні) мәліметті хабарлайды.
Тіркеуші органның қызметкері тиісті ақпаратты алғаннан кейін неке (ерлі-зайыптылықты) қию, бұзу туралы, жұбайының қайтыс болуы туралы акт жазбаларының бар-жоғына не неке қию туралы акт жазбасында сот шешімі негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы белгінің бар-жоғына тіркеуші органының мұрағатында тексеру жүргізеді.
Алдыңғы неке (ерлі-зайыптылық) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тоқтатылқан немесе бұзылған кезде көрсетілетін қызметті алушы неке қию туралы стандарттың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес бұрынғы некені тоқтату немесе бұзу фактісін растайтын құжаттарды ұсынады.
Некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың бірлескен өтініші бойынша тиісті құжаттармен расталған (дәрігерлік-біліктілік комиссиясының жүктілік туралы анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, басқа да ерекше мән-жайларды растайтын анықтамалар) дәлелді себептер (жүктілік, баланың тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қатер төнуі және басқа да ерекше мән-жайлар) болған кезде тіркеуші органның бастығы неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша бiр ай өткенге дейін некенi қиюға (ерлі-зайыпты болуға) рұқсат етеді не бұл мерзiмдi ұзартады, бірақ ол бір айдан аспауға тиіс
Жекелеген жағдайларда неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тiркеудi күту мерзiмi неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тiркеуге кедергi келтіретін мән-жайлар болған кезде ғана тіркеуші органның бастамасы бойынша ұзартылуы мүмкiн.
Айлық мерзімді қысқарту немесе ұзарту туралы рұқсатты тіркеуші органның бастығы, ал ол болмаған кезде - оның міндетін атқарушы тұлға некеге тұру (ерлі-зайыпты болу) туралы арызға бұрыштама түрінде береді.
Егер некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірушілер дәлелді себептермен белгіленген күні тіркеуші органға келе алмаса, неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу мерзімі олардың өтініші бойынша басқа уақытқа ауыстырылады. Белгіленген күні некеге (ерлі-зайыптылыққа) отыратын адамдар не олардың біреуі дәлелсіз себептермен келмеген және некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу мерзімін ұзарта отырып, өтініш туралы арыз болмаған жағдайда өтініш жойылуға тиіс.
Егер жеке басын куәландыратын құжатта жұбайының немесе зайыбының тегі ұлттық дәстүрлерге (ерекшеліктеріне) сәйкес көрсетілсе, неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасында жұбайының (зайыбының) тегі өзгерген кезде әр түрлі ұлт адамдарының тегі оның жынысына және жұбайының (зайыбының) тегінің тамыр негізін сақтай отырып, тегін дұрыс жазуға сәйкес айқындалады.
Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу кезінде тегі өзгерген жағдайда азамат бір ай мерзімде жеке басын куәландыратын құжаттарды ауыстыруы қажет.
Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу кезінде шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың тегі өзгерген кезде тіркеуші органның қызметкері шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес азаматы болып табылатын елдің немесе азаматтығы жоқ адамның тұрақты тұратын мемлекетінің құзыретті органдары берген оның жеке басын куәландыратын құжатты ауыстыру қажеттігі туралы хабардар етеді.
Неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы өтінішті осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету қажеттілігін туғызатын себептерді көрсете отырып, ата-аналар не қорғаншылар (қамқоршылар) береді.
Барлық жағдайларда неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендетуге тек некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың келісімімен ғана жол беріледі. Неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адамдар арасындағы некеге (ерлі-зайыпты болуға) ата-анасының не қамқоршыларының келісімімен ғана рұқсат етіледі.
Өтінішке неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету себептерін растайтын құжаттар (дәрігерлік-біліктілік комиссиясының жүктілік туралы анықтамасы) қоса беріледі. Кәмелетке толмаған тұлғаның (олардың) ата-анасының және кәмелетке толмаған азаматтардың өздерінің жеке басын куәландыратын құжаттары жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады.
Қазақстан Республикасындағы азаматтық хал актілерін тіркеуді растайтын мәліметтері (баланың тууы, әкелікті анықтау туралы, кәмелетке толмаған ата-анасының тууы туралы, кәмелетке толмаған тұлғалардың ата-анасының неке (ерлі-зайыптылықты) қию/ бұзу туралы) АХАЖ АЖ-да тексеріледі.
10-тарау. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктерді, анықтамаларды және акт жазбалардың көшірмелерін беру тәртібі
Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәлікті немесе анықтаманы алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жазбаша түрде немесе портал арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 36-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайталама куәлік немесе анықтама түріне сәйкес қайталама куәліктер мен анықтамалар бойынша стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш береді.
Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктерді немесе анықтамаларды кез келген тіркеуші орган азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу орнына қарамастан береді.
Қайталама куәліктер актілік жазбалармен нақты сәйкестендіріліп жазылады. Жергілікті жердің атауы сол кезде болған әкімшілік-аумақтық бөлініске нақты сәйкестендіріліп көрсетіледі, ал тіркеуші орны мен беру орны– қазіргі кездегі әкімшілік бөлініс бойынша тіркеуші органмен көрсетіледі.
Егер актілік жазбада ұлты, азаматтығы туралы мәліметтер болмаса, берілетін қайта куәліктердің тиісті бағандары толтырылмайды.
Берілетін қайталама куәліктердің бірінші бетінің жоғарғы жағында "Қайталама" деп көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес берілген сенімхаты болған кезде қайталама куәлік заңды өкіліне беріледі
Қайтыс болу туралы қайталама куәліктер қайтыс болған адамның жақын туыстарына, оның мұрагерлер тобына кіретін басқа адамдарға беріледі.
Басқа туыстарына қайтыс болу туралы куәлік мұрагерлік ісі бар нотариустың хабарламасы бойынша беріледі.
Тексеру 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Аумақтық әділет органының мұрағатында жазба болған жағдайда 10 (он) күнтізбелік күн ішінде АХАЖ АЖ азаматтық хал актілері жазбасын енгізу бойынша шаралар қабылдайды.
Содан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде тіркеуші орган қайта куәлік жазады.
Аумақтық әділет органының мұрағатында жазба болмаған жағдайда 1 (бір) жұмыс күні ішінде тіркеуші органға азаматтық хал акт жазбасының жоқтығы туралы хат жіберіледі. Тіркеуші орган көрсетілетін қызметті алушыға азаматтық хал акт жазбасын қалпына келтіру туралы өтініш беру туралы ұсынымдармен акт жазбасының жоқтығы туралы жауап жібереді.
Әскери қызметкерге қатысты қайталама куәліктер әскери бөлімнің командирының атына жолданады, бас бостандығынан айырылған тұлғаларға қатысты қайталама куәліктер түзеу-еңбек колониясының бастығының атына жолданады.
Егер АХАЖ АЖ-да мәліметтер жоқ болса, өтініште көрсетілген жыл ішінде акті (метрикалық) кітаптар бойынша жүргізіледі, сондай-ақ өтініште көрсетілген азаматтық хал актілері тіркелген жылдан бұрынғы екі және кейінгі екі жыл аралығында жүргізіледі.
Егер азаматтық хал актілерін тіркеудің нақты жылы көрсетілмесе, тексеру тек АХАЖ АЖ жүзеге асырылады.
Тексеру 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Тіркеуші органның мұрағатында жазба болған жағдайда 10 (он) күнтізбелік күн ішінде АХАЖ АЖ азаматтық хал актілері жазбасын енгізу бойынша шаралар қабылданады.
Анықтама АХАЖ АЖ "электрондық үкімет" порталы арқылы электронды түрде беріледі.
Анықтамаларды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде уәкілетті органдарға ұсыну қажет болған жағдайда анықтамалар қағаз түрінде беріледі. Қажет болған жағдайда және бұл туралы өтініште көрсетілсе осы анықтамалардың ескертуінде акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар, түзетулер енгізу, қайталама куәліктердің беру үшін негіздері көрсетіледі. Ескертудегі мәліметтер егер олар жеке және отбасылық құпияға жатпайтын жағдайда толтырылады.
Бала асырап алушылар асырап алынған баланың ата-анасы болып табылмайтындығы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер тек бала асырап алушының немесе бала асырап алушылардың келісімімен ғана көрсетіледі.
Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтаманы кез келген тіркеуші орган он алты жастан бастап АХАЖ АЖ-де тексеру негізінде береді.
1) акт жазбасы жасалған азаматқа;
2) ата-аналарға, асырап алушыларға, қорғаншыларға және қамқоршыларға;
3) әрекетке қабілетсіз адамдардың қорғаншысы болып табылатын азаматтарға;
4) қайтыс болған адамның туыстары мен мұрагерлеріне.
Анықтамалар оның өкілеттігін растайтын азаматтардың өкілдеріне беріледі.
11-тарау. Азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу тәртібі
1) баланың тегі ата-анасының жалпы тегіне немесе ата-анасының біреуінің тегіне өзгерген кезде;
2) некені (ерлі-зайыптылықты) қиюға немесе бұзуға немесе некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тануға байланысты жұбайының (зайыбының) тегі өзгерген кезде;
3) ата-анасының арасындағы некені (ерлі-зайыптылықты) тоқтатуға немесе некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тануға байланысты кәмелетке толмаған баланың аты, тегі, әкесінің аты өзгерген кезде;
4) дәрігерлік-біліктілік комиссияның қорытындысына сәйкес баланың жынысы өзгерген кезде;
5) некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) анасының баланың туу туралы акт жазбасына баланың әкесі туралы мәліметтерді енгізу, сондай-ақ оның өтініші бойынша көрсетілген (көрсетіледі) баланың атын өзгерту (бұл баланың мүдделерінен туындаған кезде), әкесі туралы мәліметтерді өзгерту, толықтыру және алып тастау туралы өтініші келіп түскен кезде;
6) бала асырап алудың күшін жою немесе жарамсыз деп тану, сондай-ақ некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану туралы сот шешіміне байланысты;
7) туу туралы акт жазбасынан баланың әкесі немесе анасы туралы мәліметтерді алып тастау туралы сот шешіміне байланысты;
8) атын, әкесінің атын (егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегін ауыстырған кезде;
9) ата-анасының тегі мен әкесінің атын ауыстыруына байланысты кәмелетке толмаған баланың әкесінің аты мен тегі өзгерген кезде;
10) азаматтық хал актiлерi жазбаларындағы қате мәліметтер сот тәртiбiмен анықталғанда;
11) әке болуды белгілеу туралы сот шешiмi күшiн жойғанда;
12) егер баланың туғанын тiркеу кезiнде оған тегi немесе есімі ата-анасының, немесе ата-анасының біреуінің тiлегiн ескермей берiлсе (дау болмаған жағдайда);
13) егер туу туралы акт жазбасында баланың аты толық көрсетiлмесе (кiшiрейтiлiп, еркелетiп, қысқартылып көрсетiлсе);
14) жынысының өзгеруіне байланысты атын, әкесінің атын (егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегін ауыстырған кезде;
15) тегі ұлттық дәстүрлер бойынша әкесінің немесе атасының атынан шыққан тегіне өзгерген кезде;
16) ұлты, азаматтығы өзгерген кезде;
17) егер азаматтық хал актісі жазбасында ата-анасының аты, әкесінің аты, тегі немесе ұлты көрсетілмесе;
18) егер азаматтық хал актілері жазбасында дұрыс емес мәліметтер көрсетілсе;
19) егер баланың мүдделерінен туындаған кезде, баланың туу туралы акт жазбасында көрсетiлгеннен өзге есімі болса;
20) егер азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде қателер (бұрмалаулар, мәліметтерді немесе жеке сөздерді жіберу) жіберілсе;
21) егер неке қиылғаннан (ерлі-зайыпты болған) кейін жұбайының (зайыбының) тегін алса, туу туралы акт жазбасында әкесінің атын толықтыру және әкесінің аты бойынша берілген тегін өзгерту, түзету қажет болған кезде жүргiзiледi.
Азаматтық хал актiлерi жазбаларына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу осы Қағиданың 38-қосымшасында көзделген нысан бойынша 17), 18), 19), 20), 21) тармақшаларында көзделген жағдайларда тіркеуші орган жасаған өзгерістерді, қосымшаларды және түзетулерді енгізу не бас тарту туралы қорытынды негізінде жүргізіледі.
Қорытынды бір данада жасалады және тіркеуші органның елтаңбалық мөрімен және лауазымды тұлғасының қолымен бекітіледі.
Бұл ретте міндетті түрде "белгілер үшін" бағанында АХАЖ АЖ-не азаматтық хал акт жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін негіз болып табылатын өтініш немесе қорытынды туралы, сондай-ақ азаматтық хал актілері жазбаларына енгізілген өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер туралы мәліметтер енгізіледі.
12-тарау. Акт кітаптарын және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік бланкілерін сақтау
Акт жазбалардың бірінші және екінші даналары бірге толтырылып, бірдей реттік нөмірмен нөмірленеді.
Азаматтық хал акт жазбалары бірінші нөмірден басталады, жыл бойы бірінші қаңтардан отыз бірінші желтоқсанға дейін (қоса алғанда) - дәйектілікпен жүргізіледі. Азаматтық хал акт жазбасының әрбір түрі бойынша бөлек нөмірлеу жүргізіледі.
Бастапқы тіркеу орны бойынша акт кітаптары жетпіс бес жыл бойы сақталады, содан кейін тиісті мемлекеттік мұрағатқа беріледі. Екінші даналардың акт кітаптары АХАЖ АЖ-да бар екендігі расталғаннан кейін белгіленген мерзім өткеннен кейін жойылуға жатады.
Азаматтық хал акт жазбасының барлық бағандары қысқартусыз (көпшілік мақұлдағаннан басқасы) толық жауаптармен толтырылады, бөлек сөздерді (анкеталық деректер) тастап кету немесе оларды қысқартуға жол берілмейді.
Егер сұраққа теріс жауап қайтарылатын болса, бағандар "жоқ" сөзімен толтырылуы тиіс.
Есімі, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі тапсырылған құжатқа сәйкес толық толтырылады.
Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді растау үшін өтініш берушіге тиісті куәлік немесе азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы анықтама беріледі.
Азаматтық хал актісі жазбасын тіркеу кезінде азаматтық хал актісі жазбасы жасалатын тілді білмейтін азаматқа жазба мәтінін оның аудармашысы аударады, бұл "белгілер үшін" бағанында белгіленеді.
Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу сауатсыз мылқау немесе саңырау, саңырау-мылқауға қатысты жасалса, оған қатысты азаматтық хал актілерін азаматқа түсіндіре алатын адамның қатысуымен жасалуы мүмкін. "Белгілер үшін" бағанында осы фактіні куәландыратын адам туралы, сондай-ақ акт жазбасының мазмұны мылқау немесе саңырау, саңырау-мылқаудың еркіне сай келетіні туралы белгі қойылады.
Соқыр азаматқа азаматтық хал актісі жазбасын жасау кезінде азаматтық хал актісі жазбасының мәтінін акт жазбасын жасайтын тіркеуші органның лауазымды тұлғасы оқиды, бұл азаматтық хал акт жазбасының "белгілер үшін" бағанында белгіленеді.
Жұмыс істемейтін уақытта куәлік бланкілері бар жанбайтын шкафтар, темір жәшіктер мөрленеді. Бланкілерге бланкілерді сақтауға жауапты тұлғалар қол жеткізе алады.
1) азаматтық хал актілері жазбаларына түзетулер, өзгертілер мен толықтырулар енгізуге байланысты, сондай-ақ жазбаның күшін жоюға байланысты ауыстыру үшін тапсырылған куәліктер;
2) жарамсыз болған, орнына қайталама куәліктер берілген куәліктер;
3) табылған куәліктер;
4) басқа тіркеуші органдардан жіберілген және азаматтар бір жыл ішінде алмаған қайталама куәліктер;
5) толтыру кезінде бүлінген куәліктердің бланкілері.
13-тарау. Әділет органдарымен тіркеуші органдарға бақылауды қамтамасыз ету тәртібі
АХАЖ АЖ-да азаматтық хал актілерін тіркеу туралы енгізілген мәліметтердің сапасын бақылайды;
азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын тіркеуші органдарға барып және бармай профилактикалық бақылау жүргізеді;
Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасының талаптарын сақтау бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;
азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік бланкілерін дайындауға жиынтық өтінім әзірлеуді қамтамасыз етеді.
14-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2) тармақшасына сәйкес тікелей мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
|
|
Азаматтық хал актілерін |
|
|
Нысан |
|
|
__________________________ |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № __ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбауыңызға және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынуыңызға, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттардың атаулары:
1)________________________________________;
2)________________________________________;
3)_______________________________ ұсынуыңызға байланысты мемлекеттік қызметті
"___________________________________" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына сәйкес көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады. Осы қолхат әр
тарапқа бір-біреуден 2 данада жасалды.
__________________________________________________________________
(Мемлекеттік корпорация қызметкерінің Т.А.Ә (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе) қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә. (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе) ___________ Телефоны __________
Алдым:
Т.А.Ә (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе) / көрсетілетін қызметті
алушының қолы ____________________ 20__ жылғы "___" _________
|
|
Азаматтық хал актілерін |
|
|
Нысан |
Өтініштердің есебін жүргізу журналы
|
Р/с |
Өтініштің түскен күні |
Мемлекеттік қызметті алушының аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі |
Өтініштің түрі және кіріс құжаттың қысқаша мазмұны |
Қарары немесе құжат орындауға кімге жолданды |
Азаматтық хал акт жазбасының мемлекеттік тіркеу күні |
Құжатты орындауға алған күні |
Құжатты орындағаны туралы белгі |
|
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Азаматтық хал актілерін |
||||||||
|
|
Нысан |
||||||||
Елтаңбалы бланкілерінің берілу есебін жүргізу журналы
|
|
Р/с №№ |
Куәліктің берілген күні |
Куәлік берілетін тұлғаның аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі |
Бланкінің нөмірі |
Акт жазбаның нөмірі |
Акт жазбаның тіркелген жері мен күні |
Бастапқы немесе қайталама жазба |
Мемлекеттік қызметті алушының аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі |
Мемлекеттік қызметті алушының куәлікті алған кездегі қолы немесе куәліктің Мемлекеттік корпорацияға жолданғаны туралы белгі |
Ескертпе |
||||
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||||
|
|
Азаматтық хал актілерін |
|||||||||||||
|
"Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет cтандарты |
|
|||||||||||||
|
1 |
Қызметті көрсететін мемлекеттік орган |
Нұрсұлтан және Алматы, Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
|
|||||||||||
|
2 |
Өтініштерді қабылдауды және нәтижелерін беруді жүзеге асыратын мекеме |
1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы; |
|
|||||||||||
|
3 |
Қызмет көрсету мерзімі |
көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тіркеу көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген күннен бастап бір ай өткен соң жүргізіледі (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді); |
|
|||||||||||
|
4 |
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін нысаны |
Электрондық/ қағаз түрінде. |
|
|||||||||||
|
5 |
Мемлекеттік қызметтің нәтижесі |
1) неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы қайталама куәлік; |
|
|||||||||||
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
1) неке қиюды тіркеу үшін-1 (бір) АЕК; |
|
|||||||||||
|
7 |
Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда. |
|
|||||||||||
|
8 |
Қажетті құжаттар |
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде: |
|
|||||||||||
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Өтініш берілген жағдайда: |
|
|||||||||||
|
10 |
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану, қабілетін толық немесе ішінара жоғалту мүмкіндігі бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш жасау арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. |
|
|||||||||||
|
|
Азаматтық хал актілерін |
|||||||||||||
|
|
Нысан |
|||||||||||||
Өтініш 20 __ жылғы "___"_____________ қабылданды
№ _____ журналда тіркелді.
Некеге отыруды (ерлі-зайыпты болуды) тіркеу
20___ жылғы "___" ____________ тағайындалды.
Лауазымды тұлғаның қолы _______________________
Некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы
Өтініш
|
|
|
Азамат |
Азаматша |
|
1. |
Аты |
|
|
|
2. |
Әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе) |
|
|
|
3. |
Тегі |
|
|
|
4. |
Туған күні, жасы |
"___" ______ жылы |
"___" _____ жылы |
|
5. |
Азаматтық |
|
|
|
6. |
Туылған жері (қала, ауыл, аудан, облыс, өңір, республика) |
|
|
|
7. |
Ұлты |
|
|
|
8. |
Білімі |
|
|
|
9. |
Қайда және кім болып жұмыс істейді |
|
|
|
10. |
Отбасылық жағдайы: некеде отырған, жесір, ажырасқан |
|
|
|
11. |
Ортақ балалар туралы мәлімет |
|
|
|
12. |
Тұрақты мекенжайы |
|
|
|
13. |
Қай жылдан |
|
|
|
14. |
Нешінші некеге отыруы |
|
|
|
15. |
Жеке тұлғаны растайтын құжат (нөмірі, қашан және кіммен берілді) |
|
|
|
16 |
ЖСН (бар болса) |
|
|
Неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) кедергілер жоқ.
Некені (ерлі-зайыптылықты) тіркегеннен кейін тегін алуды қалаймз және бір ай ішінде
жеке басын куәландыратын құжаттарды (тегін өзгертуді қалайтын адамдар үшін)
ауыстыру қажеттігі туралы хабардармыз.
жұбайы __________________________________________________________
жұбайы __________________________________________________________
Неке қиюдың (ерлі-зайыпты болудың) шарттары мен тәртібімен таныстық.
Болашақ ерлі-зайыптылардың және ата-аналардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.
Некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеуді салтанатты/салтанатты емес жағдайда өткізуді сұраймыз. (қажеттісінің астын сызу)
Біз некеге тұруға кедергі келтіретін мән-жайларды жасырғаны үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 491-бабына сәйкес әкімшілік жаза қолданылатыны туралы ескертілдік.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келіседі.
Некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) тұлғалардың қолы:
Жұбайы ______________________________
(қолы және некеге дейінгі тегі)
Зайыбы _____________________________
(қолы және некеге дейінгі тегі)
Өтініш беру күні "___" __________20___жыл
__________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе),
өтінішті қабылдаған лауазымды адамның тегі)
журнал бойынша № _______
--------------------------------------------------------------------
(қию сызығы) – ЖАО үшін
"____" ________20__ некені (ерлі-зайыптылықты) қию туралы өтініш қарауға
қабылданды
Қарау нәтижелері хабарланады "____" ___________ 20__ жыл
Маман ___________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)
|
|
Азаматтық хал актілерін |
|
|
15-қосымша |
|
|
Нысан |
|
|
Бекітілген |
Неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету не бас тарту туралы Қорытынды
____________________________________________________ тіркеуші орган
(аудан (қала), облыс атауы)
азамат(ша) ________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)
__________________________________________________________________
(туған күні)
неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы өтінішін қарастырып ___
__________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)
__________________________________________________________________
(туған күні)
Неке жасын _______________________________________ төмендету туралы
(төмендету жасы)
белгіленген неке жасын төмендетуді қажет еткізетін себеп бойынша: ______
__________________________________________________________________
және некеге отырушылардың (ерлі-зайыпты болушылардың) келісімін _____
__________________________________________________________________
және өтінішке қосылып берілген құжаттарды ескере: ____________________
__________________________________________________________________
"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодекстің 10-бабына сәйкес
Ұйғардым:
Өтініш берушінің өтінішін қанағаттандыру және неке (ерлі-зайыптылық) жасын
төмендету мүмкін:
__________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)
__________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)
Тіркеуші орган лауазымды тұлғасы
__________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі) (қолы)
20____жылғы "____"_______________
|
|
Азаматтық хал актілерін |
|
|
Нысан |
|
|
____________________________ |
Неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы
өтініш
Қызымның/ұлымның неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендетуіңізді сұраймыз
__________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)
__________________________________________________________________
(туған күні)
белгіленген неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендетуді қажет еткізетін себеп
бойынша: _________________________________________________________
__________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)
__________________________________________ азаматпен некеге отыру үшін.
(туған күні)
Келесі құжаттарды қоса бердік:
__________________________________________________________________
Біз некеге тұруға кедергі келтіретін мән-жайларды жасырғаны үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 491-бабына сәйкес әкімшілік жаза қолданылатыны туралы ескертілдік.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келіседі.
Некеге (ерлі-зайыптылық) отырушылардың келісімі:
_______________________ _____________________
(қолы) (қолы)
Мен (біз) неке жасына жетпеген некеге (ерлі-зайыптылық) отырушы тұлғалардың
заңды өкілдері, некені (ерлі-зайыптылық) тіркеуге өз келісімімізді береміз.
Заңды өкілдердің (қамқоршылардың) қолдары:
_________________________ _________________________
"___" __________20___жыл "___" __________20___жыл
__________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе),
өтінішті қабылдаған лауазымды адамның тегі)
журнал бойынша № _______
--------------------------------------------------------------------------------------------------
(қию сызығы) – ЖАО үшін
"____" ________20__ неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы өтініш қарауға қабылданды.
Қарау нәтижелері хабарланады "____" ___________ 20__ жыл
Маман ___________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)
|
|
Азаматтық хал актілерін |
Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы анықтама
Азамат __________________________________________________________
(неке қиылғанға (ерлі-зайыпты болғанға) дейінгі тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
____________________________________________________________ туған
(туған күні: жылы, айы, күні)
Туған жері: ______________________________________________________
Республикасы ____________________________________________________ облысы
______________________________________ ________ қаласы (елді мекені)
___________________________________________________________ ауданы Азаматтығы __________________________________________________________
Ұлты ____________________________________________________________
және азаматша ____________________________________________________
(неке қиылғанға (ерлі-зайыпты болғанға) дейінгі тегі,аты, әкесінің аты (бар болса)
____________________________________________________________ туған
(туған күні: жылы, айы, күні)
Туған жері: _______________________________________________________
Республикасы _____________________________________________________
облысы _________________________________________________ қаласы (елді мекені)
___________________________________________________ ауданы
Азаматтығы _______________________________________________________
Ұлты ____________________________________________________________
_______ жылғы ______________ айының ______________ күні некесін қидырды
(ерлі-зайыпты болды), бұл жөнінде неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы
актілерді тіркеу кітабында _____ жылғы ______________ айының _____________
күні №___________ жазу жазылды.
Неке қиылғаннан (ерлі-зайыпты болғаннан) кейін мына тектер берілді:
еріне _____________________________________________________________
зайыбына _________________________________________________________
Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәліктің берілген күні:
20 ___ жылғы ____________ айының ____________ күні
Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы берілген куәліктің нөмірі
Ескерту* акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар, түзетулер енгізу, неке қию
(ерлі-зайыпты болу) туралы қайталама куәлік беру негіздемесі)
__________________________________________________________________
(олар болған жағдайда себебін немесе негіздемесін көрсету)
Неке қиюды (ерлі-зайыпты болу) мемлекеттік тіркеу орны
__________________________________________________________________
(тіркеуші органның атауы):
* Ескерту: некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы белгі болған жағдайда толтырылады:
Жоғарыда көрсетілген неке № __________________ _____ жылғы _________
айының __________________ күнгі акт жазбасына немесе соттың шешіміне
__________________________________________________________________
(некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімін шығарған сот немесе тіркеуші
органның атауы)
сәйкес бұзылған.
М. О. Тіркеуші органның лауазымды тұлғасы
|
|
Нысан |
|
|
____________________________ |
|
|
(нөмірі, кіммен, қашан берілген) |
|
|
ЖСН________________________ |
Неке бұзу туралы қайталама куәлік (анықтама) беру туралы өтініш
Неке бұзу туралы қайталама куәлік (анықтама) беруді (салып жіберуді) сұраймын.
Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:
Тегі ____________ Аты _____________ Әкесінің аты (жеке басын куәландыратын
құжаттарда көрсетілсе) _____________________________________________
Неке ________________________________________________________ бұзылды
(жұбайының/зайыбының Т.А.Ә (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе))
Неке бұзуды тіркеу орны ____________________________________________
(қала, аудан, тіркеу органы)
Неке бұзу уақыты __________________________________________________
(жылы, айы, күні)
Құжат __________________________________________ байланысты қажет
(себебін көрсету)
Сондай-ақ анықтамада енгізілген өзгерістер, түзетулер немесе толықтырулар
туралы, қайталама куәлік берілгені туралы көрсетуді сұраймын ___________
_________________________________________________________________
(қажеттінің астын сызу және себебін немесе негіздемесін, акт жазбасының түрін көрсету)
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 491-бабына сәйкес жалған мәліметтерді хабарлағаны үшін әкімшілік жаза қолданылатыны туралы ескертілді.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін
Өтініш берушінің қолы_________________________ "___" ________ 20__ жауап:
Құжат ___________________________________________ байланысты қажет
(себебін көрсету)
20__ж. "___"____________ Өтініш берушінің қолы ______________________
|
|
Нысан |
|
|
Шет мемлекеттің құзыретті |
Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама
|
|
" " _____________ 20 ___ жыл. |
|
|
№________ |
__________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе)
_________________________________________________________________.
(күні, айы, туған жылы)
берілген
Оған қатысты неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы акт жазбасын тіркеу
жүргізілмеген______________________________________________________
Тексеру Қазақстан Республикасы бойынша "АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде он алты жастан бастап
__________________________ жылдан _______________________ жылға дейін
(кезеңді көрсету) (кезеңді көрсету)
жүргізілді.
Егер неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасы бұрын тіркелген болса, неке (ерлі-зайыптылық) тоқтатылған сәттен бастап тексеру күнін көрсету қажет.
Тексеріс өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша жүргізілген.
Анықтама берілген күнінен бастап алты ай бойы жарамды .
Тіркеу органының лауазымды тұлғасы
__________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе)
Мөр орны ____________________
(Қолы)
|
|
Азаматтық хал актілерін |
|
|
Нысан |
|
|
Бекітілген |
|
|
Тіркеуші органның |
Өзгерістерді, толықтыруларды және түзетулерді енгізу не бас тарту туралы (керегінің астын сызу) № ___________Қорытынды
____________________________________________________ Тіркеуші орган
(облыс, аудан (қала) атауы)
азамат(ша) ___________________________________ өтінішін қарастырып,
(өтінушінің аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)
____________________________________________________ туылған
(туылған күні)
__________________________________________________________________
(туылған жері: ауыл, аудан, қала, облыс)
__________________________________________________________ жасаған
(тіркеуші органның атауы)
_________________________ туралы № ________ "___" ___________ жылы, акт
жазуына өзгерістерді, қосымшаларды және түзетулерді енгізу туралы өтініші
__________________________________________________________________
(керектігінің астын сызу)
Өтініш беруші ұсынған келесі құжаттармен расталады: __________________
__________________________________________________________________
Анықтады:
_________________________________________________________ жасалған
(тіркеуші органның атауы)
20 ___ жылғы "____" ___________________ № ______________ акт жазбасында
Азамат(ша) ________________________________________ ретінде тіркелген
Тексеру нәтижесінде мыналар анықталды: ________________________________
"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы
Кодексінің 183-бабына сәйкес
ҰЙҒАРАМЫН:
__________________________________________________________________
(тіркеуші органның шешімі)
Келесі азаматтық хал актілеріне жазуларына мынадай өзгерістер енгізу керек
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Тіркеуші органның лауазымды тұлғасы
________________________________________________________ _________
(аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі) (қолы)