- «Федоров ауданының Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі әкімнің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
- «Федоров ауданының Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге нормативтік құқықтық актілеріне, сонымен қатар «Федоров ауданының Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- «Федоров ауданының Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттiк мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, қазынашылық органдарында шоттары бар.
- «Федоров ауданының Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.
- «Федоров ауданының Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер осыған заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
- Қоржынкөл ауылдық округінің әкімі шешімдер мен өкімдер шығарады.
- «Федоров ауданының Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат саны лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
- Заңды тұлғаның орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Федоров ауданы, Лесное ауылы, Юбилейная көшесі, 13.
- Мемлекеттік органның толық атауы - «Федоров ауданының Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
- Ереже «Федоров ауданының Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшы құжаты болып табылады.
- «Федоров ауданының Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады.
«Федоров ауданының Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Федоров ауданының Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.