«Федоров ауданы әкімдігінің дене тыру және спорт бөлімі» ММ 2018 жылғы 12 айда мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

«Федоров ауданы  әкімдігінің дене тыру және спорт бөлімі» ММ                           2018 жылғы 12 айда мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

 

 

 

1. Жалпы ережелер.

 

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер

     1. «Федоров ауданы  әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Дене шынықтыру және спорт бөлімі) дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

  2. « Федоров ауданы  әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Федоров ауданының  әкімдігі Дене шынықтыру және спорт бөлімінің құрылтайшысы болып табылады.

 4. « Федоров ауданы  әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

 5. « Федоров ауданы  әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. « Федоров ауданы  әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. « Федоров ауданы  әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен  мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Федоров ауданы  әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері:111900, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Федоров ауданы Федоров ауылы, ш.Уәлиханов көшесі, 9 а.

 10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Федоров ауданы  әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы  Ереже  Дене шынықтыру және спорт бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Федоров ауданы  әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Федоров ауданының бюджетінен жүзеге асырылады.

13 . «Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен  Дене шынықтыру және спорт бөлімінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат:

Мемлекеттік қызмет көрсету саны

2

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны

2

тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

2– тегін;

0– ақылы;

0 – ақылы/тегін

қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

0– электронды/

қағаз,

2– қағаз

бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттер саны

2 – стандарттар,

 

3) Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

2020 жылдың 12 айында Бөлімнің спорттық разрядтар мен біліктілік санатын беру бойынша  көрсетілген  мемлекеттік қызмет саны 23.

 

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

 

1)  Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер

Халықтың көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында  Фекдоров ауданы әкімдігінің  ресми Интернет- ресурсында «Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер» бөлігінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тіралы» ҚР Заңына сілтемелер, жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімі, Федоров ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелері көрсететін мемлекеттік қызметтер тізбесі,  стандартар,, регламенттер , Федоров ауданы әкімдігінің қызмет көрсетуші мемлекеттік органдарының байланыс  телефондары.

Бөлімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі ақпараттық-анықтамалық материалдар, нормативтік құқықтық  актілер орналастырылған стенд бар, сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалдар белгіленген.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі  Қазақстан Республикасы Заңының  11 бабына сәйкес  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар өткізу облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округтерінің жергілікті атқарушы органдарының құзырына енгізілмеген

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар). 

2020 жылдың ішінде Бөлімнің қызметкерлері сапалы   мем.қызметтер көрсетуге қатысты  семинарларға қатысты. 21.05.2020 ж. № 20 «Федоровские новости» газетінде бөлім көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттық мақала жарияланды.

        

 

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері  қызмет көрсету сапасына оң әсер етеді. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестері қысқартылады, әкімшілік кедергілер мен мерзімі қысқарады

 

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар

Федоров ауданы әкімдігінің  мемлекуеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру қайта даярлау орталығы » КМК жоспар кестесі негізінде жүргізіледі.

2020 жылы біліктілігін артыру курстарын өткен қызмет көрсету саласында қызметшілер  жоқ  

 

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Есептік кезеңде Бөлімге көрсетілетін қызметті алушылардан  түскен жоқ.



2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау  жөніндегі бекітілген іс шаралар жоспарына сәйкес 2020 жылы Федоров ауданы әкімдігінің құрылымдық бөлімімен ішкі бақылау іс шаралар өткізілді.  Бақылау іс шараларының нәтижесінде бұзушылықтар жоқ, мем.қызмет көрсету жөнінде ұсыныстар берілді.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізетін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау жүргізілген жоқ  

 

4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

Федоров ауданы әкімдігінің қызмет көрсетуші мемлекеттік органдарының және ведомстволық бағынысты ұйымдарда мқызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.

 

5.  Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттырудың негізгі бағыттары оларды автоматтандыру және Мемлекеттік корпорацияғы ауыстыру болып табылады.  Мемлекеттік корпорация және «электрондық үкімет порталы» арқылы көрсетілетін қызметтер саны ұлғайту бойынша  оң тенденция байқалады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруға бағытталған жұмыс мемлекеттік қызмет тұтынушы ретінде халықтың сұранысына бағыталған жұмыс жалғасын табады.

 

 

 

«Федоров ауданы әкімдігінің дене тыру және спорт бөлімі» ММ 2018 жылғы 12 айда мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі
Дата публикации
05 мая 2021