2020 жылғы 12 айда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері бойынша «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметі туралы есеп

2020 жылғы 12 айда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері бойынша «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметі туралы

есеп

 

 

 

1. Жалпы ережелер.

 

1) Қызмет беруші туралы мәліметтер

     1. «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (мәтін бойынша бұдан әрі - Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі) жұмыспен қамту, әлеуметтік әріптестік, және халықты әлеуметтік қорғау саласында жергілікті мемлекеттік басқару қызметін орындауға жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ведомстволық бағынысты Федоров ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бар, өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес  жүзеге асырады.

          3. Федоров ауданының әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құрылтайшысы болып табылады

4. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұйымдық–құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында  шоттары болады.

5. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі азаматтық–құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес  бекітіледі.
          9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111900,  Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Федоров ауданы,  Федоров ауылы, Красноармейская көшесі, 53.

10. Мемлекеттік органының толық атауы - «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»  мемлекеттік мекемесі.

11. Ереже Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметін қаржыландыру жергілікті (аудандық) бюджетінен жүзеге асырылады.

13. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі кәсіпкерлік субъектілерімен Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің  функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында  шарттық қатынастарға  түсуге тыйым салынады.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны

1487

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

75

тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

1487 – тегін;

0– ақылы;

0 – ақылы/тегін

қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

9– электрондық/

қағаз,

4– қағаз,

1- электрондық

бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтерстандарттары және регламенттері

14  – стандарттар,   14 – регламенттер

3) Ең көп көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

2020  жылғы 12 айда Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 1487 (ЭҮП арқылы –75)  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсетті.

Мемлекеттік корпорациясы арқылы:

- Мүгедектерге протездiк - ортопедиялық көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу – 39,

- Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету – 62,

- Мүгедектерге кресло-арбалар беру – 8,

- Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету – 17,

- Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу– 16,

- Медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттар ресiмдеу - 28,

- тұрғын үй көмегін тағайындау – 19,

- Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру – 0,

 - Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу- 10,

- Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу -21,

МО арқылы:

- өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру-0,

- Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу - 1004 (ЭҮП арқылы - 70),

- Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу -4,

          - Жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға қызмет көрсету (Жұмыспен қамту орталығы арқылы) -1004 (ЭҮП арқылы-70),

- Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама беру-4,

- Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау - 161,

- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау-21.

Ең көп көрсетілетін мемлекеттік қызметтер Жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға қызмет көрсету (Жұмыспен қамту орталығы арқылы) -1004 (ЭҮП арқылы-70)

 

2. Қызмет алушылармен жұмыс

 

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпаратқа қол жеткізу орындары мен көздері туралы мәліметтер:

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сілтемелер орналастырылғын, жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетінмемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі, Федоров ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелерімен көрсетілетінмемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

регламенттері мен стандарттары, Федоров ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметтер беруші мемлекеттік органдардың байланыс телефондары оналастырылған.

         Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөнінде нормативтік құқықтық актілер, ақпараттық-анықтамалық материалдар орналастырылған стендтер ресімделген, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына жауапты лауазымдық тұлғалар анықталған.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары жобаларын жария талқылау туралы ақпарат:

 

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары жобаларын көрсету жария талқылау облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың,  қала аудандарының, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтардың жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жатпайды.

3) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тазалығынқамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинары, кездесулер, интервьюлер және басқалар)

2019 жылы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары «Федоровские новости» газетінде 01.01.2020 ж. бастап атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы мәселелері бойынша 2 мақала жариялады

 

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесстерін жетілдіру бойынша қызмет

 

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыружәне автоматтандыру нәтижелері

Мемлекеттік қызметтер көрсету процесстерін оңтайландыру және автоматтандырупроцесстерінің нәтижесі оларды сапалы көрсетуге оңтай. Мемлекеттік көрсетілетінқызметтер көрсету процесстері қарапайымдалынады, мемлекеттік қызметтер көрсету процесстерінде мерзімдері қысқартылады және әкімшілік барьерлер қысқартылады.

2) Мемлекеттік көрсетілетінқызметтер саласының қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар

Мемлекеттік көрсетілетінқызметтер саласының қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында құқықтық жалпы білім беру сабақтары жүргізіледі, онда өзекті тақырыптар қаралады, мамандар халыққа қызмет көрсету орталықтарының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесімен жұмыс жасау семинарларына қатысады.  

 

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына бақылау

1) Мемлекеттік көрсетілетінқызметтер мәселелері бойынша қызмет алушының арыздары туралы ақпарат

Есепті кезеңде көрсетілетін қызметті алушыдан бөлімге мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ және қаралған жоқ.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі  бақылау нәтижелері

2020 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі мемлекеттік бақылаудың бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бір ішкі бақылау іс-шарасын жоспарлап, өткізді.

Бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталды, ұсыныстар берілді.

Келесі ұсыныстар берілді:

- бекітілген стандарттар мен регламенттерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;

- Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде оларды көрсету мерзімдері мен тәртібін бұзу фактілеріне жол бермеу, оларды алуға шағымдарға жол бермеу;

3) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сапасына бақылау және бағалау бойынша уәкілетті орган жүргізгенмемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сапасына бақылау және бағалаудыңнәтижелері

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 08 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының 46-тармағына және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді, профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы 01.03.2019 жылғы № 26-Э актісімен бекітілген «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ-нің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жүргізілді.

Бақылау іс-шаралар нәтижелері бойынша мынадай ұсынымдар берілді:

- Бөлім басшысы мен бас маманды оқыту кестесіне сәйкес біліктілікті арттыру курстарына жіберу;

- ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін артық құжаттарды талап ету фактілерін жою;

- Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту фактілерін болдырмау. Бөлім қызметкерлерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізу;

- Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мерзімдерді сақтау мақсатында Федоров ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметіне аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарының лауазымдық нұсқаулығына оларды көрсету мерзімдерін бақылау жөніндегі функцияларды енгізу қажеттілігі туралы хат жолдасын.

Жоғарыда айтылған ұсынымдарды орындау бойынша жұмыс толық көлемде жүргізілді.

4) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сапасына қоғамдықмониторингтің нәтижелері

Федоров ауданы әкімдігінің қызмет көрсетуші мемлекеттік органдарында және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі жүргізілген жоқ.

5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қызмет алушылардың қанағаттандығын арттыру және әрі қарай тиімділігінің келешегі

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырудың негізгі бағыттары оларды автоматтандыру және Мемлекеттік корпорацияға аудару болып табылады. Жалпы, мемлекеттік қызмет көрсету саласында мемлекеттік корпорация және "электрондық үкімет порталы"арқылы көрсетілген қызметтер санының өсуі бойынша оң үрдіс байқалады. Мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұрау салуларына толығымен бағдарлана отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған жұмыс жалғастырылатын болады.

 

 

 

 

2020 жылғы 12 айда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері бойынша «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметі туралы есеп
Дата публикации
29 апреля 2021