2020 жылғы 12 айға арналған мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Федоров ауданы Қосарал ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметі туралы есеп

2020 жылғы 12 айға арналған мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Федоров ауданы Қосарал ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесінің қызметі туралы есеп

 

 

1. Жалпы ережелер.

 

1) Қызмет беруші туралы мәлімет

            1. «Федоров ауданы Қосарал ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (Қосарал ауылдық округі әкімінің аппараты – одан әрі  мәтін бойынша) әкім қызметінің ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық–техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

            2. Қосарал ауылдық округі әкімінің аппаратында идара жоқ, өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес  жүзеге асырады, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасы Заңдылыққа сәйкес жүзеге асырылады.

3. Қосарал ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекеме ұйымдық–құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде  өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары,  белгіленген үлгідегі   бланкілері,  Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес  қазынашылық органдарында  шоттары болады.

         4. Қосарал ауылдық округі әкімінің аппараты азаматтық –құқықтық қатынастарға  өз атынан түседі.

         5. Қосарал ауылдық округі әкімінің аппараты егер заңнамаға сәйкес  осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттін атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Қосарал ауылдық округінің әкімі шешімдер мен өкімдерді шығарады.

         7. Қосарал ауылдық округі әкім аппаратының құрылымы  мен штат санының  лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
          8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Федоров ауданы,  Кеңарал  ауылы, Механизаторов көшесі, 2 үй. тел. 87144295818, 87144295785, e-mail: kosaralfed@mail.kz
          9.  Мемлекеттік органның толық атауы: «Федоров ауданы Қосарал ауылдық округі әкімінің  аппараты» мемлекеттік мекемесі.

          10. Ереже Қосарал ауылдық округі әкім аппаратының құрылтай  құжаты  болып табылады.

          11. Қосарал ауылдық округі әкім аппаратының қызметін қаржыландыру мемлекеттік бюджетінен жүзеге асырылады.

            12. Қосарал ауылдық округі әкімінің аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен «Федоров ауданы Қосарал ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің  функциялары болып табылатын міндеттерді  орындау  тұрғысында  шарттық қатынастарға  түсуге тыйым салынады.

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

Мемлекеттік қызметтердің саны

17

 «Азаматтар үшін Үкімет» мемлекеттік  корпорация арқылы  көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны;

 

11

 

 

 

 

Тегін және (немесе)  ақылы негізінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны

10 – тегін;

4– ақылы;

3 –тегін/ақылы

Қағаз және (немесе) электрондык нысанында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны

13– электрондык/

қағаз,

4– электрондық

Мемлекеттік қызметтерінің бекітілген стандарттар мен регламеттердің саны

1 – стандарт

16 - ережелер

 

3) Ең  талап етілген қызметтер туралы ақпарат:

2020 жылы 12 ай бойы 26-мемлекеттік қызмет көрсетілген, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 38% - ға төмен (2019 жылдың ұқсас кезеңінде 42 мемлекеттік қызмет).

Оның ішінде:

«Сауда-саттықты өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды (конкурстарда, аукциондарда) сатып алу»-4;

 «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне қайта тегін тасымалдауды ұсыну»-21;

«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш беруші (отбасы)екеніндігін растайтын анықтамаларды беру»-1;

Ең  талап етілген мемлекеттік қызметтер-«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне қайта тегін тасымалдауды ұсыну»

 

2. Қызмет алушылармен жұмыс

 

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты жеткізу орындары мен көздері туралы мәліметтер:

Мемлекеттік қызметтерге тұрғындардың түрлі қол жетімділігін қамтамассыз ету  мақсатында, Федоров ауданы әкімдігінің ресми Интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде «Ауылдық округі әкім аппараттармен көрсетілген мемлекеттік қызметтер» қосымша бетте, «Федоров ауданы Қосарал ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ  мемлекеттік қызметтердің стандарттары, регламенттері, қызмет берушінің байланыс телефондары, олар арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат алуға болады, жауапты тұлғалар мен мемлекеттік қызметтерді ұсыну тізбелері орналастырылған. 

Әкім аппаратының ғимаратында нормативтік-құқықтық актілермен, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпараттық-анықтамалық мәліметтермен  стендтер ресімделген, сапалы мемлекеттік қызмет көрсету   үшін жауапты лаузымды тұлғалар анықталған.

2) Мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы»  Заңының  11 бабына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің құзыретіне мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылауларды өткізуі  кірмейді

3) Мемлекеттік қызметтерді көрсету процессінің ашықтығын қамтамассыз етуге бағытталған шаралар (түсіндіру жұмыс, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалары)

2020 жылдың ішінде   мемлекеттік қызмет көрсету сапасын көтеру бойынша әкім аппаратымен 11 түсіндіру шаралары өткізілді, олардың ішінде: жиындар –3, кеңестер-8. 

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын көтеру бойынша түсіндіру шаралармен тұрғындардың қамтылуы – 396 адам. 

 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету  барысының  мүлдесі бойынша қызмет. 

 

1) мемлекеттік қызмет көрсету барысын автоматтандыру және оңтайландыру  нәтижелері

Мемлекеттік қызмет көрсету барысын автоматтандыру және оңтайландыру  нәтижелері  мемлекеттік қызмет  көрсету сапасына жақсы әсерін тигізеді. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімі жеңілденеді, мемлекеттік қызмет көрсету барысында әкімшілік  барьерлер және  мезгілі  азайланады.

2) мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлер  біліктілігін көтеруге бағытталған шаралар

Мемлекеттік қызмет көрсететін  қызметкерлердің  кәсіби біліктілігін көтеру мақсатында, құқықтық  жалпыға міндетті оқыту бойынша сабақтар өткізіледі, сол сабақтарда маңызды  тақырыптар  қарастырылады, және мамандар аудан семинарларында қатысады.   

Мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша біліктілігін көтеру курстарын өткен тұлғалардың саны-0.

 

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын  бақылау.  

 

1) мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша қызмет алушылардан шағымдар ауылдық округі әкімінің аппаратына түскен жоқ және қарастырылмаған.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы үшін  ішкі тексерудің   нәтижелері

    Федоров ауданы әкім аппаратының құрылымдық бөлімшесімен 2020 жылға мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау іс-шаралардың бекітілген Жоспарына сәйкес, «Федоров ауданы Қосарал ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ  ішкі бақылау бір іс-шара жоспарланып өткізілді.

Бақылау іс-шараларының нәтижесінде бұзушылықтар анықталған жоқ.

3) Уәкіл органымен өткізілген мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бағалау және бақылау бойынша, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау нәтижелері.   

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау уәкіл органымен өткізілген жоқ.

 

4) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингі ауылдық округі әкім аппаратында өткізілген жоқ.

 

5. Қызмет алушылардың мемлекеттік  қызмет көрсету сапасымен қанағатын көтеру және онан әрі тиімділігінің  келешегі.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру негізгі бағыттары,  олардың автоматтандыруы және Мемлекеттік Корпорацияға ауыстыруы болады. Жалпы алғанда, Мемлекеттік корпорация және «электрондык үкіметінің порталы» арқылы көрсетілген қызметтердің саның ұлғайту жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету саласында оң үрдіс байқалады.

      Тұрғындардың сұранастарына тұтастай  сүйене отырып мемлекеттік қызметтердің тұтынушы ретінде, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған жұмыс жалғасатын болады. Ауылдық округінің экономикалық белсенді тұрғындарының 70%  ЭЦҚ бар, олар жұмыс мерзімі аяқталғаннан кейін жаңартылады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік органның нысаналы индикаторы-Мемлекеттік корпорация және «Электрондық үкімет порталы» арқылы электрондық форматта көрсетілген мемлекеттік қызметтердің пайызын ұлғайту. Сондай-ақ, ЭЦҚ бар экономикалық белсенді халық санын 85 пайызға дейін арттыру.

 

2020 жылғы 12 айға арналған мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Федоров ауданы Қосарал ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметі туралы есеп
Дата публикации
28 апреля 2021