|
1. «Федоров ауданы Камышин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (Камышин ауылдық округі әкімінің аппараты – одан әрі мәтін бойынша) әкім қызметінің ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық–техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. Камышин ауылдық округі әкімінің аппаратында идара жоқ, өз қызметің Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасы Заңдылыққа сәйкес жүзеге асырылады. 3. Камышин ауылдық округі әкімінің аппараты ұйымдық –құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 4. Камышин ауылдық округі әкімінің аппараты азаматтық –құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 5. Камышин ауылдық округі әкімінің аппараты егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттін атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқықғы бар. 6. Камышин ауылдық округінің әкімі шешімдер мен өкімдерді шығарады. 7. Камышин ауылдық округі әкім аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. 10. Ереже Камышин ауылдық округі әкім аппаратының құрылтай құжаты болып табылады. 11. Камышин ауылдық округі әкім аппаратының қызметін қаржыландыру мемлекеттік бюджетінен жүзеге асырылады. 12. Камышин ауылдық округі әкімінің аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен «Федоров ауданы Камышин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. |