|
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (кіру арналары)
|
1) мемлекеттік қызметті көрсетуші арқылы; 2) қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері; 3) Мемлекеттік корпорация арқылы; 4) портал арқылы жүзеге асырылады.
|
|
Мемлекеттік қызметтік көрсету мерзімі
|
Өтінішті қарау мерзімі - 3 (үш) жұмыс күні; азаматтық ортақ акт жазбасының күшін жою үшін негіз болып табылатын АХАЖ АЖ-да акт жазбалары болмаған кезде көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады (Мемлекеттік корпорация арқылы түскен өтінішті қарау мерзімі ұзартылған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жібереді).); портал арқылы берген кезде - өтініштің қабылданғанын растау және азаматтық хал актілері жазбасының күшін жою күнін белгілеу туралы хабарлама 1 (бір) жұмыс күні ішінде жеке кабинетке жіберіледі; Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут. Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.
|