|
1) Қызмет беруші туралы мәлімет
|
1. «Федоров ауданы Баннов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Федоров ауданы Баннов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ, өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. «Федоров ауданы Баннов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар. 4. «Федоров ауданы Баннов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 5. «Федоров ауданы Баннов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 6. «Федоров ауданы Баннов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. 7. Заңды тұлғаның мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Федоров ауданы, Баннов ауылы, Гагарин көш., 19. Тел. 8 (714-42) 99-3-20(факс), 8(714-42)99-2-46, e-mail: bannovkafed@mail.kz
8. Мемлекеттік органның толық атауы – «Федоров ауданы Баннов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. 9. Осы Ереже «Федоров ауданы Баннов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшы құжаты болып табылады. 10. «Федоров ауданы Баннов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады. 11. «Федоров ауданы Баннов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне «Федоров ауданы Баннов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметі болып табылатын міндеттерді орындауға кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынасқа түсуге тыйым салынады. Егер «Федоров ауданы Баннов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
|