Ленин ауылдық округі

2020 жылғы 12 айға арналған

мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Федоров ауданы Ленин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметі туралы есеп

1. Жалпы ережелер.

 

1) Қызмет беруші туралы мәлімет

         

1. «Федоров ауданы Ленин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (Ленин ауылдық округі әкімінің аппараты – одан әрі  мәтін бойынша) әкім қызметінің ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық–техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

            2. Ленин ауылдық округі әкімінің аппаратында идара жоқ, өз қызметің Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес  жүзеге асырады, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасы Заңдылыққа сәйкес жүзеге асырылады.

3. Ленин ауылдық округі әкімінің аппараты ұйымдық –құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде  өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары,  белгіленген үлгідегі   бланкілері,  Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес  қазынашылық органдарында  шоттары болады.

     4. Ленин ауылдық округі әкімінің аппараты азаматтық –құқықтық қатынастарға  өз атынан түседі.

      5. Ленин ауылдық округі әкімінің аппараты егер заңнамаға сәйкес  осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттін атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Ленин ауылдық округінің әкімі шешімдер мен өкімдерді шығарады.

      7. Ленин ауылдық округі әкім аппаратының құрылымы  мен штат санының  лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес  бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Федоров ауданы,  Ленин ауылы, Жеңіс күні көшесі, 29 үй, e-mail - leninskiyfed@mail.kz.

      9.  Мемлекеттік органының толық атауы: «Федоров ауданы Ленин ауылдық округі әкімінің  аппараты» мемлекеттік мекемесі.

     10. Ереже Ленин ауылдық округі әкім аппаратының құрылтай  құжаты  болып табылады.

     11. Ленин ауылдық округі әкім аппаратының қызметін қаржыландыру мемлекеттік бюджетінен жүзеге асырылады.

      12. Ленин ауылдық округі әкімінің аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен «Федоров ауданы Ленин  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің  функциялары болып табылатын міндеттерді  орындау  тұрғысында  шарттық қатынастарға  түсуге тыйым салынады.

Ленин ауылдық округі
Дата публикации
29 марта 2021